Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет14/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Түгіне байланысты кілемнің түрлерін ата.

  2. Түктің биіктігі қандай болу керек?

  3. Шалынған түкті қалай біркелкі қырқу әдісін түсіндір.

  4. Кілем суретінің шалыну тығыздығын есептеу неге қажет?

  5. Кілемнің шетін орап шалу қалай жүзеге асырылады?

  6. Кілемге қойылатын тазалық-гигиеналық талаптары қандай?



Дәріс №8. Тақырыбы: Түкті кілемнің шеттік өрнегін түсіру және аяқтау.
Мақсаты: Кілем тоқудағы шеттік өрнегін түсіру және аяқтау жолдарын әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі:Ақпараттық.
Тірек ұғымдар: «Бос», «тығыз», «арқау», «шалу», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. «Бос», «тығыз» тоқу сөздеріне түсінік.

  2. Жұп жіптерді санау, арқау жіптеріне байланысты кілем тығыздығы.

  3. Жиі желі жіптердің әсерінен туындайтын қателіктер.

  4. Эскизбен жұмыс жасау барысында және түкті қырқудан кететін қателіктер, оны болдырмау жолдары, шеттік орамдардың сапалы болмауы, кілем енінің кеміп кетуін жөндеу.

  5. Гүлдің қолтықшаларын қатар санап шығару.

  6. Тақта жүргізу жолдары мен қырқу жұмыстары.

Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш., Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.


Қолмен тоқылған кілемге қарағанда, машинамен тоқылған кілемнің беріктігі мен көркемдік сапасы нашарлау, ал сыртқы түрі мен өрнегі жағынан одан кем емес, әрі өнімділігі жоғары және арзанға түседі. Кілемші қолмен жылына 10-12 м2 кілем тоқыса, машинамен сағатына 4-5 м2 кілем тоқылады.
Машинамен тоқылған кілем өндірулі әдісіне қарай: жаккардты шыбықшалы (тұзақ шалы яки қырқылған түгі бар), қос полотнолы жаккардты (түгі қырқылған), акоминтерлі (түгі тігілмелі) т.б. болып бөлінеді.
Қарапайым тақыр кілем үшін бір өріс және бір арқау жүйесі ғана пайдаланылса, түкті кілемді екі не үш қабат өріс және арқау жіптері болады. Мұндағы арқаулар өз өpic жібімен ғана емес, іргелес өріс жібімен де айқасады. Ал түк тек үстіңгі қабатына ғана ұстатылады.. Шыбықшалы, қос полотнолы, түйіншекті түкті кілемдердің түгі өpic жібімен, ленталы кілем түгі арнайы дайындалған арқаумен, ал акоминтерлі кілем түгі механикалық жолмен бұйым негізіне өндіріледі. Осылардың ішінде ең соңғысы ғана шығыстың қол кілемдеріне ұқсастау.
Машинамен кілем тоқуда негізгі өріске мақта жіп, қосарлы өріспен арқауға кендір жіп, түк үшін жүн жіп қолданылады.
Су өрнектің міндеті кілем төсегімен өрнекті бір-бірімен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі тұрдің шекарасы іспетті. Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл, мақгагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жалпақ немесе қошқармүйіз, сыңармүйіз. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы жапырақ немесе жолақтап бірнеше тұрден тоқылады. Бұлардың бірінде біртіндеп су өрнегі шығарып отырады. Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 см. мөлшерінде токталынады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш өрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенше тоқылыс аякталып яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл кілемнің екінші шеті.
Түкті кілемнің тоқылуы өзара перпендикуляр екі жіптің айқасуынан пайда болады. Желі жібіпс перпендикуляр жіп — "арқау" жібі. Кілемнің алғашқы қатарын бастау үшін, арқау жібін шеткі бой жібіне бекітіп, шеткі жүн жіптің астыңғы жібін оң қолымыздың саусақтарымен көтеріп, алақанға аламыз. Екінші жүп жіптің үстіңгі сыңарын оң қолдың астына қалдырып, ал астыңғы сыңарын саусақпен көтеріп алақанға жинаймыз. Осылайша бес, алты астыңғы жіпті алақанға жинап, осы ізбен арқау жібін өткіземіз. Арқауды бұлай өткізуді "теріп өткізу" деп атайды. Теріп өткізу кезінде арқауды тартпай, бос қалдырамыз. Енді осы өткізілген арқауды тарақпен (темір тістерінің үшкір жағын жоғары қарата отырып) анықтаймыз. Енді арқауды астыңғы, үстіңгі болып бөлінетін жазықтықтың арасымен өткіземіз. Бұлай өткізуді "бос өткізу" деп атаймыз, себебі астыңғы жазықтықтың жіптері арқау астында, ал үстіңгі жазықтықтың жіптері арқау үстінде қала береді. Бұл бос өткізілген арқауды да тарақпен анықтаймыз. Тарақпен арқау жібін анықтау кезінде ескеретін жағдай — тарақтың салмағы жарты килограмдай және оның темір үшкір ұштары болғандықтан, тарақты кілем желісі жазықтығынан 30 см-ден артық биіктікке көтеруге болмайды, қатар отырған оқушыға тиіп кетуі мүмкін. Осылайша нықталған арқауды бірде "бос", бірде "теріп" алма-кезек өткіземіз. Арқау өткізу тәртібі былай:

  1. Арқау жібі әр уақытта шеткі желі жібінің үстінде орналасуы керек.

  2. Егер шеткі желі жібінің сыңары астыңғы жазықтық жібі болса, онда арқау теріліп өткізіледі.

  3. Егер шеткі желі жібінің сыңары үстіңгі жазықтық жібі болса, арқау бос өткізіледі.

Дайын болған кілем екі адам екі шетінен қарама-қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің шашағын қалаған ұзындықта қалдыруға болады. Қырқылған кілем қағып сілкінеді. Шаң-тозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашак, жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шетіндегі түксіі тоқьшыс үстінен жиек бастырғандай бастырылып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша түюіне болады. Жаңа тоқылпш кілемді ұзындығын жаймау үшін қабырғаға керіп іледі Неғұрлым жақсы тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды да әрі формасып жақсы сақтайды.
Кілем тоқылып біткенсін әр түрлі қосымша өндеуден өтеді (мыс, түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті әдіптеліп яки шашақ тағылады т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет