Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»



бет5/176
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#92007
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176
Байланысты:
Микробиология-Фармация-2-курс-каз
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы, Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы
істей білуі тиісті:

  • микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

  • өсімдік дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формаларының, ауа,су,топырақ микрофлорасы туралы зерттеулер қорытындысын тұжырымдау;

  • дәрілік шикізаттың және дайын дәрілердің ластануына микробиологиялық бақылау жүргізу;

  • фармацевтикалық өндірісте және дәріхана жағдайында сыртқы орта мекен жайын дезинфектанттармен залалсыздандыруды;

дағдыларын игеруге тиісті :

  • тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу.

2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, бейорганикалық химия, физиология анатомия негіздерімен, молекулалы биология медицина генетикасы негізімен.
2.6 Реквизиттен кейінгі: фармакотерапия, фармацевтикалық гигиена негіздері, дәрілік технологиясы, фармакогнозия.
2.7 Тақырыптық жоспар:
Дәрістердің тақырыптық жоспары





Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы
(сағат)

1

Кіріспе. Микроорганизмдердің жіктелуі.
Жүйелендіру негіздері.

Шолу

1

2

Бактериялар мен вирустардың генетикасы.
Биотехнология негіздері.

Ақпараттық

1

3

Микроорганизмнің экологиясы.
Санитарлық микробиология негіздері.

Ақпараттық

1

4

Дәрілік өсімдік шикізаттың микрофлорасы. Фитопатогенді микроорганизмдер

Мәселелік

1

5

Иммунитет. Иммунитеттің спецификалық факторлары. Антигендердің жалпы сипаттамасы. Антиденелер.

Ақпараттық

1

6

Іріңді жұқпалы аурулардың қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

7

Токсинемиялық инфекция қоздырғыштары.

Мәселелік

1

8

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

9

Энтеровирустар.

Мәселелік

1

10

Ретровирустар, адамның иммундытапшылығы вирусы.



Мәселелік

1




Жалпы сағаты:




10



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары





Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы
(сағат)






1 кредит







1

Бактерия клеткасының құрылымы. Микроорганизмдердің морфологиясы.

Жұптасып жұмыс істеу

2

2

Бактериялардың және вирустардың физиологиясы. Қоректік орталар. Микроорганизмдердің генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар

Жағдайлық есептер

2

3

Химиотерапия. Антибиотиктер. Асептика. Антисептика. Дезинфекция. Стерилизация. Дәрілерге микробиологиялық бақылау

Жұптасып жұмыс істеу

2

4

Микроорганизмдердің экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Адам денесінің микрофлорасы. Дисбактериоз.

Пікірталас

2

5

Инфекция. Бактериялардың патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі. Иммунитет. Иммунитет түрлері. Аллергия түрлері. Серологиялық диагностика принциптері. Медициналық, иммунобиологиялық препараттар.

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Патогенді және шартты грам оң коктар. Стафилококтар, стрептококтар. Грам теріс коктар. Менингококтар, гонококтар. Ішек бактерияларына жалпы сипаттама. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емдеуі.

Жағдайлық есептер

2

2

Токсинемиялық инфекциялар қоздырғыштары. Патогенді микобактериялар. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

3

Трансмиссивті инфекциялар қоздырғыштары: бореллиялар, риккетсиялар. Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын- алу және емі.

Презентация

2

4

ЖРВИ. ЖРИ қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі. Патогенді және шартты- патогенді саңырауқұлақтар. Дәрілік шикізат пен дайын дәрілердің микологиялық зерттеулері.

Жұптасып жұмыс істеу

2

5

Энтеровирустар. Ретровирустар. ЖИТС вирусы. Арбовирусты инфекция. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы: 20 сағат

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыптары

Тапсыру түрі

Cағат
саны




1 кредит




1

Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың морфологиясы және физиологиясы. Вирустар және оның табиғаты. Вирустың иесі жасушасымен әсерлесуі. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Фагтар.

Рефераттар,
тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,
тапсырма бойынша тест дайындау,
жағдайлық есептер,
кроссвордтар,
тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.



4

2

Микроскопия әдістері. Қарапайым, күрделі бояу әдістері. Аэроб және анаэроб бактериялардың ажырату және таза дақылын бөліп алу сатылары. Бактерия ферменттері, идентификациясы.

4

3



Биотехнология туралы түсініктеме. Биотехнологиялық үрдісте қатысатын микроорганизмдер. Генетикалық инженерия әдісімен алынған биологиялық препараттар. Бактериялар мен вирустардың генетикасы. Генетикалық рекомбинациялар.

4

4

Антибиотиктер. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау әдістері. Дәрілік препараттардың микробтарға әсер етуіне анықтама. Микроорганизмдердің полиантибиотик резистентілігінің механизмдері және оларды анықтау әдістері. Антибиотиктер төзімділігіне жол бермеу.



4

5

Фитопатогенді микроорганизмдер. Өсімдік дәрілік шикізаттардың микрофлорасы. Өсімдіктерде ауру тудыратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер. Фитопатогенді микроорганизмдер, оларды анықтау әдістері.

4

6

Әртүрлі дайын дәрілердегі микроорганизмдердің мөлшерлі санын шектейтін нормативті құжаттар мен заңдар. Фармацевтикалық өндірістер мен дәріханаларда микробиологиялық бақылау жасау.



4

7

Аралық бақылау


Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу



4

Жалпы сағаты: 28

2 кредит

1

Грам оң және грам теріс патогенді коктар: стафилококтар, стрептококтар, менингококтар және гонококтар. Бактериялық ішек инфекциялар қоздырғыштары: эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар. Патогенді вибриондар.

Рефераттар,
тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,
тапсырма бойынша тест дайындау,
жағдайлық есептер,
кроссвордтар,
тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.


4

2

Токсинемиялық инфекциялар қоздырғыштары: клостридиялар, коринебактериялар, бордетеллалар. Патогенді микобактериялар. Зоонозды инфекция қоздырғыштары: оба иерсиниялары, бруцеллалар, туляремия франциселласы, сібір күйдіргісі.

4

3



Патогенді спирохеталар, риккетсиялар және хламидиялар. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары.



4

4

Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Дәрілік өсімдік шикізат пен дайын дәрілердің микологиялық зерттеулері. Микоз қоздырғыштары. Микотоксикозға түсініктеме.

4

5

Протозойлы инфекция қоздырғышы.

4

6

Вирустар- грипп және парагрипп қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы.Патогенділік факторы. Энтеровирустар. Гепатит вирустары. Жалпы сипаттамасы. Патогенділік факторы.

4

7

Рабдовирустар, адамның иммунитет тапшылығы вирусы. Жалпы сипаттамасы зертханалық диагностикасы алдын алу және емдеу. Геморрагиялық Қырым – Конго қызбасы. Жалпы сипаттамасы, патогенділік факторы, зертханалық диагностикасы, алдын алу, емдеу.

4

8

Аралық бақылау

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу

4

Жалпы сағаты: 32

Барлығы : 60 сағат



2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:
Дәрістер: шолу, ақпараттық, мәселелік.
Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептер , презентация түрінде, шағын топтар , пікірталас, жұптасып жұмыс істеу.
Зертханалық сабақтар: микробиологиялық зерттеулерге материал алу. Қоректік орталарға зерттелетін материалды егу. Микроскопия әдісі және микропрепараттарды дайындау техникасы, қарапайым және күрделі бояу әдістерімен фиксацияланған препараттарды бояу.
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен жұмыс, мәліметтердің электрондық қоры мен компьютер бағдарламаларымен жұмыс, тақырыпты рефераттар, тақырып бойынша, глоссарий, презентация, тапсырма бойынша тест дайындау, жағдайлық есептер, кроссвордтар, тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар түрінде дайындау, оны қорғау.
2.9 Білімді бағалау:
Ағымдық бақылау: тест, ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстың орындалуы, жағдайлық есептер.
Аралық бақылау: коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу. Қорытынды бақылау: емтихан (тест түрінде), тәжірибелік дағдыларын қабылдау (ОҚТЕ).


Құралдар мен жабдықтар:
Құралдар: сәулелі, бинокулярлы микроскоптар, бактериологиялық анализатор, автоклавтар, термостаттар, құрғақ ыстықтың пештер, центрифуга, тоңазытқыштар, аквадистиллятор, бактерицидті шам, офистік қондырғылар және компьютерлер, ноутбук, мультимедиялық проекторлар, зертхана ыдыстары жуатын және залалсыздандыратын арнайы қондырғылар.
Жабдықтар: микробиологиялық зертхана жабдықтары және зертханалық ыдыстар (спиртовка, шпателдер, бактериалық петля, пробиркалар, шыны заты, жамылғы шыны заты, Петри ыдысы, колбалар, бұлынғыр стандарттар жинағы, пробиркалар үшін штативтер, стеклограф, микроорганизмдерді бояу үшін бояулар жинағы, микроорганизмдерді идентификациясын жасау үшін тест-системалары, флакондар, жағын-препараттарды бояуына арналған көпірі бар ыдыстар, иммерсиялық май, фильтр қағазы, дозаторлар, пипеткалар, қоректі орталар ж.т.б.), компъютерлік бағдарламалар, мультимедиялық оқулықтар, оқу құралы, оқу кестелері, слайдтар.


2.10 Әдебиеттер:
Қазақ тілінде
Негізгі :

  1. Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;

  2. Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;

  3. Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006,176 б.

  4. Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006,176 б.

Қосымша:
1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.
2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.
4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.
5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.
6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.

  1. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

  2. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

  3. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

  4. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

  5. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

  6. www.google.kz

1 үлгі
Микробиология пәні бойынша жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамалары





Пән

Оқу материалының мазмұнын көрсетілген реті бойынша өзгерту туралы ұсыныс

Келісімге қатысушы кафедраның хаттамасы № айы, күні

Алғы реквизиттер

1

Экология және тұрақты даму

Экология курсын оқу барысында қоршаған ортада микроорганизмдедің таралуына аса көңіл аудару: су, топырақ, ауа, қоршаған орта обектілердің микрофлорасы; табиғатта заттар алмасуына микроорганизмдердің қатысуы; табиғатта азоттың көміртектің, күкірт, фосфор және темірдің қайталап алмасуындағы микробтардың ролі

Хаттама №___
_________ 2013 ж



2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет