Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


PROBLEMS OF COMMUNICATIVE CULTURE OF PERSONALITY ARE IN PEDAGOGICAL COMMUNICATION



бет173/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

PROBLEMS OF COMMUNICATIVE CULTURE OF PERSONALITY ARE IN PEDAGOGICAL COMMUNICATION


Abstract
The article examines theoretical and methodological basis of the research of problems of individual’s communicative culture in pedagogical communication. Philosophical concepts of Soviet scientists relating to social functioning and interpersonal interaction of people today also are priority solutions of the problem of the formation of culture of pedagogical communication. The culture of pedagogical communication is considered as an integral part of the general culture of the teacher, the most important creative resource of higher education, subject of satisfaction of relationships of an individual with others, an important component of an effective professional activity. The article characterizes main parties of communication in the unity as an important condition for the optimization of peoples’ activities, where the culture acts as a leading component of success.
In addition, the concepts of scientists studying the problems of communicative culture of the personality in pedagogical communication, including especially L.S. Vygotsky and M.I. Lisina paid particular attention to the study of the child's relationship with adults. The article deals with pedagogical relations as one of the main problems facing teachers and students. The importnt qualities of pedagogical communication were also analyzed.
Keywords: pedagogical communication, individual, communicative culture.


Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты. Б.Ф. Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық [1]. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады
«Педагогтің коммуникативтік мәдениеті оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Педагогтің коммуникативті дағдысы өз эмоциясын ұстай білу, қарым-қатынас жасауда жетекші рөл атқару, тіл үйренушінің психологиялық ерекшелігін білу, олардың көңіл-күйін дер кезінде аңғару, жіті бақылай білуінен көрінеді. Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады. Коммуникация- адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол – тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың неше түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қоғам кәсіптік тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес кәсіптік этиканың заң-дары бойынша құра алатын, пікірталас, диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет, тәрбиелілік – осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау.
Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке-даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілек-тестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру - білім ордаларының басты міндеті болып табылады. Жалпы білім беретін оқу орындарын-да, алдымен, осы бағыттың мақсаты мен міндеті айқындалуы шарт
З.С. Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады [2].
Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Мұғалімнің рөліне С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский және т.б. кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді. Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгере-тіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А. Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді [3].
Коммуникативтік біліктілік кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі дәл қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу нысанасына айналуда. Бұл проблеманы шешудің басты жолы педагогикалық кадрларды дайындайтын жоғары оқу орын-дарының қабырғасында ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттердің қарым-қатынас дағдылары мен икем-ділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік педагогикалық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдаят-тарға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, оқушылармен жағымды қарым-қатынас позиция-сын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады. Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны әлеуметтік бейімделу, орта және оның коммуникативтік сапалығына байланысты. Әлеуметтік орта - дәл тарихы бар, бұрыннан өмір сүріп келе жатқан өзіндік ерекшелігі, ережесі анықталған қоғамдық ұйым, тайпа. Қарым-қатынастағы мәдениеттілік болашақ мамандардың бойынан табылуы тиіс. Философиялық тұрғы-дан «тұлға» ұғымы ондағы саналы еріктік бастаманы айқындайды. Индивид тұлға деп аталу құқына неғұрлым ие болған сайын, ол өз тәртібінің мотивтерін анығырақ сезінеді және оны бірыңғай өмірлік стратегиясына бағындыра отырып, оны соғұрлым бақылауға алады. Индивид ұғымы жекеліктің, жалқылықтың кезеңдерін қамтиды, сонымен қатар қоршаған ортамен өзара әрекет шартында қалыптаса-тын психикалық процестердің диапозонын анықтайтын биологиялық сипаттамаларын да қамтиды. «Тұлға» ұғымы «индивид» ұғымынан ажыратылады, ол әрбір адамды белгілеу үшін қолданылады. «Тұлға» ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады. Бұдан даралық – индивид-тің өмір сүруінің қоғамдық тәсілі, ал тұлға – адам болмысының дараланған тәсілі деп қорытынды жасауға болады.Сонымен тұлға – бұл біріншіден әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Ғалымдардың пікірі бойынша, ХХ ғасыр басына дейін «Коммуникация» сөзінің түбірі латын тілінен алынғанын және бұл сөздің ежелде пайда болғаны еске түседі.
Энциклопедиялық сөздікте «коммуникацияны», біріншіден хабарласу жолы, екіншіден адамнан адамға мағлұмат беру деп анықтаған. Ал, психологиялық сөздікте «коммуникация» ағылшынның хабарласу жолы, және қатынаста болу, әлеуметтік психологияда, біріншіден адамдар арасындағы кәсіби және тұлғалық қатынастағы мағлұматтармен алмасуын сипаттау болып табылады, екіншіден адамдар арасындағы мағлұматтармен алмасуын сипаттау деп береді.
Коммуникация сондай-ақ адамдар арасындағы қызмет барысындағы көзқарастық алмасу, ой, көңіл мен сезім алмасуы. Коммуникация кең мағынада қатынас деп те тұжырымдалады.
Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қол-дану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз – жалпы психологиялық заңдылықтарға тәуелді, адамның басқалармен арнайы формадағы байланысы. Бұл байланыстың мәні мен өзіндік ерекшеліктері бар. Олар – коммуникативті, интерактивті байланыстар және қоса ықпал ету мен танымдық мәндегі байланыстар.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагог пен оқушылар арасындағы әрекеттесудің сипатын анық-тайтын оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды сапалар:

  • адамдармен жұмыс істеуге мүдделі болу, оны қажетсіну мен оны жүзеге асыра алу – үйірсектік, байланыс орната білу, байланыстың сапалығы. Осы байланыстар нәтижесінде адамның мәмілесі (отношение) қалыптасады;

  • адамдарды түсіну қабілеті мен жылы шырай таныта алу (эмоционалдығы);

  • икемділік, қарым-қатынас шарттары мен ахуалына байланысты жылдам және дұрыс бағыт ұстану, қарым-қатынас жағдайларына байланысты сөйлеу барысын, студенттердің ерекшеліктерін табан астында ескере алатын шығармашылық қабілет;

  • қарым-қатынастағы кері байланысты түйсіну мен оны қолдай білу;

  • өзін басқара білу: психикасын, сезімін, дауыс, дене қимылдары мен ым-ишарасын, жаңсауларын, көңіл күйін, ойлауын басқаруы мен денесіндегі шымырқануды жою;

  • дайындықсыз, табан астынан пайда болған қарым-қатынасқа қабілеттілік;

  • педагогикалық ахуалдарды, өз ықпалының салдарын болжау;

  • тікелей қарым-қатынасқа қабілеттелік: мәдениеттілік, сөйлеу қабілетінің дамығандығы, сөз байлығы, тіл құралдарын дұрыс пайдалану;

  • педагогикалық суырып салмалық қабілет: ықпал етудің әртүрлі құралдарын пайдалана білу – сендіру, иландыру, нандыру, басқа да амал-тәсілдерді пайдалану.

Педагогикалық қарым-қатынас үлгісі.Педагогикалық қарым-қатынас – ұстаздың ықпал етудегі ниеті мен арманын, мақсаты мен мұратын жүзеге асырудағы басты құралым мен тәсілдердің жүйесі. Қарым-қатынас орнатудың бірқатар үлгілері бар: ақпараттандыру, нандыру, шұғыл (экспрессив), иландыру, дәсүрлі.
Педагогикалық қарым-қатынастың ақпараттандыру үлгісі. Мұндай үлгі көбінесе ақпарат беру және алу үшін қолданылады. Демек, оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы осы үлгіге негізделеді. Мұнда жаңа мәлімет беру, ахуалды түсіндіру, оның жаңа тосын тұстарын түсіндіру іске асырылып, дәлелдер, айғақтар, статистикалық мағұлматтар, т.б. келтіріліп, жаңа білім қалыптастыру не болмаса тосын жағдайдың ұтымды шешімін табуға алғышарт жасалады.
Л.С. Выготский тұжырымдамасына сүйене отырып, М.И. Лисина дара, дербес ғылыми мектептің негізін салды. Ол кеңестік психологияға жаңа пән – баланың ересектермен қарым-қатынасын енгізді және оны ғылыми тұрғыда зерттеуде тың тұрғыдан келді. Алайда М.И. Лисина қарым-қатынастың ықпалымен ғана шектелген жоқ. Ол қарым-қатынас құрылымын сипаттайтын, оның спецификасын анықтайтын түсіндірме сызбасы мен баланың ересектермен қарым-қатынасының генезисінің өзіндік тұжырымдама-сын жасады.
Олай болса, педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның коммуникативтік мәдениетін дамытудың көрсеткіші. Коммуникативтік мәдениет тұлғаның әлеуметтік дамуының құралы ғана емес, сонымен қатар оның шарты болып табылады. Бұл студенттер мен педагогтардың қарым-қатынасында, студенттердің құрбыларымен, басқа да субьектілермен тілдесуінде, университет қабырғасында өтілетін әр түрлі пікір-таласқа құрылған дебаттарда, диспуттарда, әр түрлі крнференцияларда, үйірмелерде, іс-шараларда астыртын жүзеге асырылып жататын үрдістер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   198




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет