Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Кіріспе.Стилистиканың негізгі ұғым категориялары



бет2/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция
discuss2-leisure-20210831
Кіріспе.Стилистиканың негізгі ұғым категориялары

Практикалық сабақ жоспары:

1. Стилистиканың даму тарихы.

2. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері.

3.Тіл ғылымының басқа салалармен байланысы.

4. Стилистиканың зерттеу обьектісі.

Сабақтың мақсаты: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу,даму тарихы,негізгі бағыттары мен аспектілері туралы жалпы түсінік беру.

Сабақтың мазмұны:

Барлық ғылымдардың зерттеу нысаны өзінің күрделілігімен даму эволюциясының тарихынан сан алуан процесімен ерекше көзге түседі. Стилистика ғылымы да осындай даму тарихын бастан кешірген. Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика және поэтика, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.

Жалпы тіл ғылымында стилистика белгілі тарихи дәуірді бастан кешіргенмен, ол өзінің алғашқы мағынасын айтарлықтай өзгертілген жоқ. Ресейде стилистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесі ХҮІІІ ғасырда басталды.

ХХ ғасырдың басында стилистика таза ғылымның нысаны ретінде қарастырыла бастады, тілдің функциональдық қызметін жан-жақты зерттеу нәтижесінде функциональдық стилистиканың негізі қаланды. Оған тілдің әдіс-тәсілдері туралы ХХ ғасырдың аяғында қаланған ғылыми-тұжырымдар негіз болды. Жалпы лингвистикалық ғылымның және жеке ғылымдардың әдіс-тәсілінен стилистикалық талдау әдістері қолдана бастаған болатын.

Стилистикалық талдау әдістерінің (орыс тілі ғылымындағы орны бойынша) негізі-тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің әлеуметтік мәні мен қызметі. Стилистикалық талдау әдістерінің негізі қалануына осыған бйаланысты жазылған В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Ф.де Соссюр, Б.Д.Куртэнэ, М.М.Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы болды. Әлемдік тіл білімінде, орыс тіл ғылымындағы стилистикалық зерттеу еңбектері негізінде қазақ тілі стилистикасы ғылыми тұрғыдан зерттелді.

Стилистика-тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы.

Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы тілдің қолданылуының комуникативтік заңды мәселелері болып табылады. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет