«Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Галиева А. Б. «Зайырлылық және дінтану» пәнінің оқытылуы туралы мәлімет



Дата07.02.2022
өлшемі17,17 Kb.
#94204
түріБағдарламасы
Байланысты:
Ж.Сыдықов дінтану мәлімет


«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Галиева А.Б. «Зайырлылық және дінтану» пәнінің оқытылуы туралы мәлімет.
Бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінде «Зайырлылық және дінтану» пәні факультатив ретінде мектеп бағдарламасына енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3-ші сәуір 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы, ҚР Білім министрлігінің 2014 жылғы 15-ші шілдедегі 281 бұйрығы бойынша өз күшіне еніп, барлық жалпы орта білім беретін ұйымдарда міндетті пән ретінде оқытылады.
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушыларының «Зайырлылық және дінтану негіздері» өтеді пән мұғалімі Галиева Айгерим Бейсембаевна тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Дінтану пәнінен сабақ беріп жүргеніне бір жыл болыпты. Бұл саланы оқыту үшін арнайы сертификаты жоқ. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсынан өтіп, сертификат алу қажет.
— Аталған пәнді 9-шы сынып оқушыларына 2020 жылдан бастап оқытып келемін. Оқушылар бұл пәнді қызыға оқығандықтан, аса қиыншылықтар тумайды. Дегенмен, сабақ аптасына бір рет қана болатындықтан, кейде тапсырмаларды орындап үлгермей қаламыз.
— Мен жалпы орта білім беретін ұйымдарға ортақ Д.Т. Кенжетаев, Ә.Ә. Сайлыбаев, Ө.О. Тұяқбаев авторларымен шыққан «Зайырлылық және дінтану негіздері» атты оқулыққа сүйенеміз. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік технология бойынша, бейне-жазбаларды көрсетеміз, одан кейін дін туралы ақпарат беремін.
Қосымша материал ретінде әр оқушыға сұрақтары бар қима қағаздарын таратамыз немесе баяндама әзірлеуге тақырыптар бөліп береміз. Соған байланысты оқушылар өз жауаптарын жазып, берілген тақырыпқа жүйелі баяндамаларын жазады.
— Негізі бағдарлама бойынша, жылына 34 сағат берілген. Сабақ аптасына бір рет 9-шы сыныптарға жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет