Ж. Тақырыбы: Мысалдар



Дата26.06.2018
өлшемі14,97 Kb.
#44351
24.10.16ж.Тақырыбы: Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы. Мақсаты:а) Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру;ә) оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;б) Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : жаңа сабақ. Сабақтың типі: жаңа білім игеру. Көрнекілігі: А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті Мысал бойынша салынған сурет. Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қауын мен Қарбыз.1.Қауын мен Қарбыз қандай шешімге келді? 2.Қауынды кім тауып алды? 3.Қарт Қауынның дәнін не істеді? ІІІ. Жаңа сабақ. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз. Ол үшін олар жайлы шығарма жазған А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалмен танысамыз. Топқа бөлу. Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі. 2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары. 3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. 2. Оқушыларға оқыту

3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады. Сұрақтар: 1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады? 3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады? V. «Ой қозғау» Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.(постер)
1 - топ: Аққу қандай құс? - Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.
2 - топ: Шортан қандай балық? - Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады. 3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер? - Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді. VI. Сөздік жұмысы. Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге. Һәм - жәнеДүркін - дүркін - қайта - қайта
Машақат – әурешілік VIІ. Сергіту. Ал, балалар, тұрайық, Қане қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық, Көлде жүзген балықтай, Жүзіп, жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап, былпылдап, Қане, айналып, қарайық. VIІ.  Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Аққулар»- А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?- Бұл мысал бізді неге шақырады?(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру) ІІ топ. «Шаяндар» «Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар жазу.
ІІІ топ. «Шортандар» Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
VIІІ. Қорытынды: - Әр топ өзінің атауына байланысты 5 жолды өлең құрайды. «Аққу», «Шортан», «Шаян». - Не үйрендік? Не білдік?
ІХ. Үйге тапсырма:
Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.
Бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет