Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


-кесте – Қалдықтардан жасалған қар ұстайтын шарбақтардың негізгі көлемдері



бет13/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

2.11-кесте – Қалдықтардан жасалған қар ұстайтын шарбақтардың негізгі көлемдері





Шарбақтың биіктігі, м

Панельдің биіктігі, м

Үрленетін тесіктің биіктігі, м

Бағандарының көлемі, см

Ұзына бойы көлемі, см

5

3

2

500х24х 18

60х 130х330

1,5x10x330





Темір жол бұйымдары үшін жоғарыда аталған бұйымдардан өзге экструдирлеу жолымен:

  • Тасымалданатын қалқандар;

  • Темір және автомобиль жолдары үшін тану белгілерін алуға болады.

Өнім өндірісі үшін бастапқы шикізат түрлеріне қоқысты құрайтын: ТБЖО қойыртпақтары, құрылыс, жол, металлургиялық, құм және бояғыштар жатады.

Пайдалануда болған металл құбырлардың жабыны үшін негізгі компонентке өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар массасынан алыған ҚТЖСӨҚКЖ кәдеге жарату кезіндегі қайталама түйіршіктер жатады.

Өндіріс әдісі құбырларды беткі оқшаулаудың, олардың диаметрі мен ұзындығымен анықталады.

Ішкі бетінде немесе сыртқы бетінде қаптамасы бар құбыр үшін біруақытта құбырдың сыртқы және ішкі бетіне материал қабатын түсіру мүмкіндігін беретін қондырғы пайдаланылады.

Пайдалануда болған және соққыға берік термопластиканы жабу үшін қажет металл құбырлар қоқыстардан да, сонымен қатар мүдделі тұлғалар – әлеуетті сатып алушылардан да түсетін болады. Түскен құбырлар қажет болған жағдайда тегістеледі. Қалған бөлігін шет жақтарын өңдей отырып жабу процесіне дайындайды.

Беткі жағы термопластикамен жабылған құбыр бұйымдары өндірісінің топтамасы:



  1. бөгде материалдардан (кір, тоттанудың қалың қабаты) механикалық тазартудан, одан әрі токарлық станокпен өңдеуден;

2. полимерлік таспа түсіре отырып тегістейтін қондырғысы бар арнайы станокты пайдалану жолымен түсіретін материалған жоғары адгезиялық қасиет бере отырып беткі өңдеуден;

3. оқшаулағыш таспаны түсіре отырып жабын аймағына металл құбырды енгізу;

4. жабын аймағынан дайын бұйымды жою;

5. тұтынушыларға жөнелту үшін дайын бұйымды дайындау мен дайын өнімді қоймаға жөнелтуден тұрады.

Қар ұстайтын шарбақтар мен бамперлер өндірісі, жеңіл автомобильдер үшін кескіштер, терезе жақтаулары мен есік блоктары үшін негізгі шикізатқа өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтардың қайталама полиэтилені жатады. Қайталама полиэтиленнен сұйық массаны алудан кейін арнайы қондырғы – пресс-формаға массаны құю жүзеге асырылады. Салқындаған соң масса қоймаға түседі.

Беткі жағының жекелеген бүлінулері бар, пайдалануда болған және ұсынылған талаптар бойынша термопластикпен жабылған металл құбырлар бұрынғы пайдалану жағдайында (қатты қыздырудан өзге) қайталама пайдалану мүмкіндігіне ие. Өйткені өзгертілген беткі жағы пайдалану кезінде қаптайтын термопластканың (полиэтиленнің) қышқылдарға, сілтіге, ерітінділерге, ылғалды ауаға көтеріңкі инерттілігіне қарай ортаның өршіген ортасына барынша тұрақты. Ішкі металл қаңқа жұқа пластикті қабаттың механикалық жүктемелерге қатысты тұрақтылығын артады. Бұрын пайдалануда болған металл құбырдың термопластикалық материалдан жасалған қабатының болуы жөндеусіз пайдалануда болу уақытын он есеге арттырады. Ол құбыр тоттануынан туындайтын апаттардың санын қысқарту мүмкіндігін береді.

Беткі термопластикалық қаптама жабынының негізгі шығындары анықтайтын тозған құбырлардың құны, бастапқы шикізаттағыдай бағаға ие емес, ол жаңа құбырлар құнынан жеті-он есе төмен болып келеді. Өндірістің жобалық қуатқа шығуы өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігін береді, ол өткізу нарығын кеңейтуге алып келеді.

Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау әртүрлі түсті қаптармен арнайы жабдықталған көліктері бар маманданған қызметпен жүзеге асырылатын болады, олар әлемдегі жоғары дамыған елдердегідей, қала тұрғындарына әртүрлі қалдықтарды жинау мәселелерді оқытқан соң, қаланың және облыстың санитарлық жағдайын жақсарта отырып, сол арқылы қаланың алаңдары мен көшелеріндегі экологиялық ахуалған оң әсер ететін болады.

Аталған жоба оң іске асырылған жағдайда өндіріс ұйымының тәжірибесін Қазақстан қалаларының басқа облыстық орталықтарында пайдаланып, сондай-ақ өңірлерде өнімді жаппай шығаруды жолға қоюға болады. Полимер қалдықтарынан жасалатын қар ұстайтын шарбақтар мен басқа да ұйымдар ағаш және темір-бетондылармен салыстырғанда екі есе арзан, сондай-ақ олардың қызмет ету мерзімі 50 жылдан асады.

ТБЖО қойыртпағы құрамынан тұратын қосылыстар үшін өнеркәсіп қалдықтарын өңдеудің технологиялық сызбасын таңдау, шикізат ретінде өнеркәсіп қалдықтары ретінде қажет. ТБЖО қойыртпағы қасиетіне неғұрлым жақын келетіндері құрлыс, металлургиялық зауыттар, жол-асфальт жабындары болып табылады, олар шығарылатын өнімнің сапалық көрсеткіштерін арттыру және өнімнің құнын азайту мүмкіндігін береді:



  • темір және автомобиль жолдары;

  • аграрлық-шаруашылық бұйымдар мен құрылыс материалдары;

  • машина жасау бұйымдары;

  • терезе және есік блоктары;

  • сәулет бұйымдары мен материалдар;

  • ғимараттар, ұйымдар және жергілікті шаруашылық және басқ. үшін арнайы қоршаулар.

Қозғалысты басқару сызбасы 2.7 - 2.10-суреттерде берілген.





2.7-сурет – Қалдықтардың қозғалысын басқарудың бас сызбасы



2.8-сурет – Коммуналдық қалдықтардың қозғалысын басқару сызбасы




2.9-сурет – Құрылыс қалдықтарының қозғалысын басқару сызбасы


2.10-сурет – Өндірістік қалдықтардың қозғалысын басқару сызбасы


2.7-суретте берілген қалалар бойынша қалдықтар қозғалысын басқарудың бас сызбасы тұрғындарының саны 500 мыңнан жоғары қалаларда қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі технологияның жоқтығы ҚТҚ полигондары мен қоқыс орындары алып жатқан алаңдардың өсуіне, қала мен оның маңындағы елді-мекендерде апатты қоқыс орындарының санының артуына алып келетінін көрсетеді.

2.8, 2.9, 2.10-суреттерінде берілген коммуналдық қалдықтар қозғалысын басқару сызбасы ҚТҚ және құрылыс қалдықтарын көму полигондарының қажеттілігін көрсетеді.

2.11-суретте құрылыс және жол-асфальтты қалдықтарды өңдеу қондырғысының технологиялық сызбасы ұсынылған.
2.12-суретте металды бөле отырып металургиялық және жылу станциялары қождарын ұсақталған тас кесектерге өңдеу үшін технологиялық сызба ұсынылды. Осы 2.11, 2.12-суреттердегі сызбалар тәжірибе жүзінде жинақтаушы жабдықпен әзірленіп Ресейде әрекет етеді, олармен жүргізілетін операцияларды «ҚТЖСӨҚКЖ» жаңа ұрпақ зауыты кешеніндегі құрылыс кезінде жүзеге асыру қажет.


2.11-сурет – Құрылыс және жол-асфальт қалдықтарын өңдеуге арналған қондырғының технологиялық сызбасы
2.12-кесте – Қондырғының техникалық сипаттамасы

Жүктелетін кесектердің мөлшері, макс., мм

600

Өнімділігі, т/ч

128

Орнатылған қуаты, кВт

310

Жабдықтың массасы, т

93

Қондырғыға арналған алаңның көлемі, м

40х50

ТДСУ жабдықтары:

1. Тірек жақтаудағы ДРО-708-10 дірілқоректендіргіш;

2. Ірі ұнтақтау агрегаты ДРО-646;

3. Темірбөлгіш;

4. СРБ-1 бөлу станциясы;

5. ДРО-602М сұрыптау агрегаты;

6. ДРО-667 орташа ұнтақтау агрегаты;

7. ДРО-913 конвейері;

8. ДРО-923 конвейері;

9. ДРО-912 (4 дана) конвейері;

10. ДРО-922 конвейері;

11. ДРО-902 конвейері;

12. У7810.4А басқару агрегаты.



2.12-сурет – Металды бөле отырып металургиялық және жылу станциялары қождарын ұсақталған тас кесектерге өңдеуге арналған технологиялық сызба


ТДСУ жабдықтары:

1. Тірек жақтаудағы ДРО-708-10 дірілқоректендіргіш;

2. ДРО-654 сұрыптау агрегаты;

3. ДРО-655 ойыңғылау барабаны;

4. ДРО-510-30 ірі ұнтақтау агрегаты;

5. СМД-511 орташа ұнтақтау агрегаты;

6. ДРО-669 сұрыптау агрегаты;

7. ДРО-904 (2 дана) базасындағы конвейер;

8. ДРО-924 конвейері;

9. Конвейерлер: ДРО-923;

ДРО-923 базасында;

10. ДРО-914 базасындағы конвейер;

11. ДРО-914 конвейері;

12. ДРО-912 (3 дана) конвейері;

13. Тіректегі темір бөлгіш (4 дана);

14. У7810.4А басқару агрегаты.

2.13-кесте – ТДСУ қондырғысының техникалық сипаттамасы


Өнімділігі, т/ч

50-100

Жүктелетін кесектерінің көлемі, ең ірісі, мм

700

Орнатылған қуаты, кВт

300

Жабдықтың массасы, т

140

Қондырғы үшін алаңның көлемі, м

40х55

Дайын өнім – жаңа құрылыс материалдары: қаптама және жолжиек плиткалары, жабынқыш, жиекжол, су аққыш, сәнді субұрқақтар.

Алынған өнім мен материалдар 2.11, 2.12-суреттердегі сызба бойынша қалдықтардан алынатын ТБЖО қойыртпағымен салысытрғанда кеңінен таратылған байланыстырушылардан (құм, қиыршық тас, цемент, ұсақталған тас кесек және басқ.) ерекшеленеді және беріктігі, экологиялығы, ұзақ мерзімдігі, эстетикалық қасиеттері бойынша барынша жоғары сапаға ие.

Ұнтақталған қалдықтарды (құрылыс, жол-асфальт, металлургиялық, ЖЭО жылу қождары және басқ.) бағалы құрылыс материалдарын (жабынқыш, еден және қабырға плиткалары, жиектас, сәулет бұйымдары мен басқ.) қайталама шикізат ретінде пайдалану мақсатында жаңа жалпы танымал Ресей технологиясы ұсынылады.

2.11, 2.12-суреттердегі технологиялар бойынша ұнтақталған өндірістік қалдықтар байланыстырушы материал ретінде пайдаланылады, мұнда толықтырғыштар ретінде табиғи материалдар (құм) немесе өндіріс қалдықтары (қиыршық тас, тас кесектер және басқ.) қызмет атқара алады.

Ұсынылған технологиялық желі қалдықты өңдеу мүмкіндігін беретін негізгі жабдықтың 12-14 бірлігінен тұрады, ол ҚТЖСӨҚКЖ зауытының шығарылатын өнімінің құнын күрт төмендетуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет