Жаѕа сґздерді енгізу


Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады?



бет29/31
Дата05.02.2022
өлшемі437,17 Kb.
#13461
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
3. Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады? Соны жазыңыздар.


4. Сіздер оқушыны сөйлету үшін қандай тақырыпты, сол тақырып бойынша қандай сөздікті, қандай әдістерді және қандай деңгейді таңдайсыздар? Соны жазыңыздар.


5. Ұстаздың ролі қандай?


6. Ауызша айту не сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың қандай түрлерін білесіздер?

40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.


3 Қаңтар айында 2012 жыл
Teaching Grammar – Обучение грамматике - развивать умение детей распознавать грамматические категории – множественное или единственное число существительных или же типы предложений в казахском языке, умение сравнивать и анализировать, делать выводы, улучшать навыки детей в выполнении тестов.
Оқушы білімін қалыптастырудың негізгі тәсілі – білім бекіту жаттығулары. Оқушы білімі белгілі тілдік материалдарды, грамматикалық ереже – анықтамаларды өту үстінде бекітіледі. Оқушылардың грамматикалық білімді меңгеруінің беріктігі мен сапасы төмендегі көрсеткіштер бойынша сипатталады.

  1. Оқушының грамматикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырата біліп, олардың өзіндік ерекшелігін көрсете алуы. Мысалы: септік жалғаудың әр түрін біліп, оларды өз практикасында дұрыс қолдана алуы.

  2. Грамматикалық терминдерді дұрыс қолдана білуі Мысалы: дыбыс пен әріпті, сөз бен сөйлемді, жалғау мен жұрнақты шатастырмауы.

  3. Оқушының ереже мен анықтаманы саналы түсініп, байланысты түрде баяндауы, оларды дәлелдеу үшін лайықты мысалдар келтіре алуы.

  4. Оқушылардың грамматикалық ережелерді жазбаша жаттығу орындағанда, сөйлеу практикасында қатесіз қолдана білуі.

Грамматикалық ережелерді жете түсінуге көмектесетін жаттығулар қатарына тағы да мынадай жаттығулар жатады: Мысалы, зат есімді алайық.

    1. Зат есімнің саналатын және саналмайтын түрлеріне қарап, көпше түрін жаз - білім, қасық, қант, кілт, шәй, тұз, қыз, гүл, алма, дәптер, ағаш, қаз, кілем, қала, әпке.

2. Жуан дауыстыларды бөлек, жіңішке дауыстыларды бөлек жаз.
3. Көпше түрін жазу үшін зат есімге сәйкес жалғауды жалға. Мысалы: кітап
а. -дар ә. -лар б. –тар в. –тер
4. Сөйлемде зат есімнің жекеше не көпше түрін қолдан.
Етістіктің шақтарын алайық.

  1. Осы шақтағы етістікті өткен шақта не келер шақта қолдану.

  2. Сөйлемнің мағынасына қарай етістікті дұрыс шақта қолдану.

  3. Берілген шақта сөйлем мүшелеріне сұрақ қою.

  4. Берілген осы шақтағы әңгімені өткен шақта не келер шақта айтып беру.

  5. Әңгімені кейіпкерлердің атынан айтып беру. 1, 2, 3-ші жақтағы кейіпкерлердің сөздерін қолдану.

  6. Екі не бірнеше адамның арасындағы әңгіме ретінде – диалог құру.

Оқушыларды грамматикадан сапалы, берік біліммен қаруландыру мақсаты білім бекіту жұмыстары арқылы жүзеге асады. Білім бекіту жұмысы ауызша, жазбаша жаттығулар жүйесі бойынша жүргізіледі. Жаттығулар арасында грамматикалық талдау жұмысының маңызы ерекше. Ол тілдік фактілерді жетік білуге, ережелерді дұрыс қолдану дағдысына үйретеді. Грамматикалық талдау жеке ереже бойынша ішінара түрде де, не өтілген барлық ережелерді қамтып жалпы түрде де жасалады. Талдау ауызша және жазбаша түрде де жүргізіледі. Грамматикалық талдау морфологиялық, синтаксистік болып бөлінеді, сондай-ақ фонетикалық талдау да болады. Тіліміздегі дыбыстарды ажыратады, әрі олардың таңбалану ерекшелігі мен жазылу емлесін қарастырады. Морфологиялық талдауда сөз, оның құрылысы, сөз таптары, олардың формалық белгілері ажыратылады. Синтаксистік талдау сөйлем, оның түрлері мен мүшелері, сөздердің өзара байланысы мен мағыналық түрлерін айырады. Бұл талдаулардың қай-қайсысы да тиісті сыныптың бағдарламасында, оқушының білім көлеміне, дағды деңгейіне сәйкестендіріліп жүргізіледі.
Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.
Сөзді қатысым құбылысына сәйкес қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады.
Біздің қарастыратынымыз мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға /айту, жазу, оқу, сөйлеу/ үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді.
Тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін күнделікті еңбек барысында тәжірибелі мұғалімнің осы салаға сіңірген сапалы қызметінің нәтижесінде байып, кеңейеді, белгілі бір ғылыми жүйеге түседі. Сабақ кезінде стандарт талаптары, оқушының білім көлемі, аясы, мөлшері, білім беру сабақтастығы, берілген білімнің түпкі нәтижесі ескеріледі. Сабақ үнемі дәстүрлі өтпейді. Кейде қалыптан тыс сабақтарды өткізу тиімді. Сабақтың түрлері өте көп, оның барлығын қамту мүмкін емес.
Oқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:

  • антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,

Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»
« Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»
« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет.»
« Кәріліктің алды- жігіттіктің соңы»
« Адам бір терінің ішінде – толады да, солады да»

Мысалы: жақсы –жаман (қандай? –сұраққа жауап береді) – сын есім
Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім
Алғы-артқы - көмекші сөздер
Алды-соңы – көмекші сөздер
Толады- солады ( не істейді?) – етістік

  • қатыстық сын есімдері бар мақалдарды жазу,

Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
« Жақсы кісінің ашуы, жібек орамал кепкенше»
« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»
« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»

  • құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,

Мысалы: «Ел іші – алтын бесік»
«Ырыс алды – ынтымак»
«Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын қу бұзар»

  • тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,

Мысалы. « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»
«жеңгесі» - оның жеңгесі – тәуелдік жалғау,жекеше
түрінде, 3-жақ
« Жаманға айтқан ақылың, далаға атқан оқпен тең»
«ақылың» - сенің ақылың – т.ж. 2- жақ, жекеше түрінде,

  • берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,

Мысалы: «Бүлінген елден, бүлдіргі алма»
«Көпті жамандаған – көмусіз калар»
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер»

  • мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,

Мысалы: «Сабыр түбі ...»
«Балалы үйдің ...»
«Ағайыныңды іске шакырма, ...»

  • мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,

Мысал: « Тіл ...» «Тіл – қылыштан өткір»
« Өнер алды ...» «Өнер алды – қызыл тіл»

  • мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттатқызу

Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» -
Человека прославляет труд,
« Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» -
Не рой другому яму, сам упадешь
«Өлгенше үйрен» -
Век живи, век учись -

  • Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жие қолданылатын көрсеткіш – септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:

( Не? ) Оқу білім бұлағы,
(Не? ) Білім – өмір шырағы.
( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,
( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.
( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.
Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай –
секілді тапсырмалар жүргізіледі.
Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.
Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыста. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естейді, тындайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді. Тіл дамыту жұмыстары грамматикалық зандықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.
Морфологияны оқытуда оқушылар тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды оқушы тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделеді. Оқушылар тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп , сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды.
Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында мақал-мәтелдер, кеңінен қолданылады. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу оқушының грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді ( мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б. грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да оқушының морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді.
Мақалдармен жұмыстың бірнеше түрі бар:

  1. Мақалды үстеу.

  2. Мақал мазмұны бойынша жұмыс.

  3. Мақалды сөйлеу әрекетінде қолдану.

Үстеу кезеңінде тақтаға мақалды жазамыз. Алдымен мұғалім оқиды. Сонан соң оқушылар қайталайды. Түсіндіру кезінде алдымен кейбір сөздерінің мазмұнын синониммен түсіндіруге болады. Мақалдың мағынасын ашу кейде қиындық туғызады. Бұл мұғаліммен сөйлесуге жағдайын ұсыну арқылы түсіндіруді қажет етеді. Мысалы: мақалдың құрамында жиі кездесетін «ырыс, несібе, құт» сөздерінің мағынасын ұлттық сипатта түсіндіру қажет. Өйткені, бұл сөздердің аудармасы мағынасын дәл ашып бере алмайды. Мысалы:

  1. Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.

  2. Байлық-мұрат емес, кедейлік ұят емес.

  3. Отан оттан да ыстық.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.
Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Орыс тілінде жүргізілетін білім ошақтарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор – деп білемін. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай сонымен қатар, өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.
40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
4 Ақпан айында 2012 жыл.
Reading – Виды чтения. Работа по чтению аутентичных текстов. Развивать умение детей читать и говорить, развивать воображение и интерес к чтению, умение сравнивать и анализировать, делать выводы.
Предтекстовая работа. Основываясь на тему, картинки, заголовки или подтемы предсказать о чем может быть текст. Чтение для понимания главной идеи текста. Чтение для выяснения подробного содержания текста – деталей.
4 - Intensive Reading. – Белсенді түрде оқуға үйрету.

Оқудың қандай түрлері бар?



  • Іштей оқу

  • Дауыстап оқу

  • Мәнерлеп оқу

  • Ләззат алып оқу

  • Белгілі бір мақсатпен оқу

  • Сұрақтың жауабын табу үшін оқу

  • Мәтіннің тақырыбын табу үшін оқу

  • Белгілі бір шектеулі уақыт аралығында оқу

Оқу бағдарламасында қандай мақсатқа жету көзделгеніне байланысты оқудың түрі таңдалады. Ләззат алып оқу көбінесе өз ана тілінде оқытуда немесе кейбір конференция, жарыстарда қолданылады. Бұл оқудың түрін қолданғанда ешбір қиын тапсырмалар берілмейді. өйткені бұл оқудың мақсаты тек әсер алу үшін ғана оқу. Ал мектепте әсіресе шет тілін оқытуда белсенді түрде оқу қолданылады. Оқудың бұл түрінде оқушылар оқу қабілетін дамыту үшін мәтінді бірнеше рет қайталап оқиды. Мәтіннің негізгі идеясын, тақырыбын, негізгі кейіпкерлерін, оқиғаның қай кезде не қай жерде өтіп жатқанын білу үшін, алдын ала болжалдау үшін, мәтін бойынша түрлі сұрақтарға жауап беру үшін оқу - белсенді түрде оқуға жатады. Ал әр тапсырманы белгілі бір уақыт ішінде оқып шығу – шектеулі уақыт аралығында оқуға жатады. Аса көп мектеп тәжірибесінде қолданылмайды.


Оқытудың қай саласын алсаңыз да белсенді түрде оқу әдістері пайдалы. Көбірек оқу әдістерін қолдансаңыз, көбірек жаңа сөздер, жаңа грамматикалық ережелерді, сөздердің жазылуын білесіз. Мәтінді дауыстап оқып, сұрақтарға жауап іздеп тауып, топта талқыланса, оқушылардың оқу қабілеті артады. Сондықтан мектеп бағдарламасында сабақтың белсенді түрде оқу жоспарларымен танысу өте пайдалы.
Сабақтың мақсаты оқушыларға оқу қабілетін арттыруға көмектесу. Қызығушылық тудыратын жаттығудан бастап оқушыларға оқу кабілетін жақсартуға көмектесетін жаттығулар беру керек. Жаңа сөздер 10-15тен аспау керек. Тақырып не сурет арқылы жаңа сөздерге сүйеніп болжам жасау әдісін қолдануға болады. Мәтіннің негізгі идеясын табу, мәтіннің алғашқы және соңғы үзінділерін оқып, мәтіннің не туралы екендігіне болжам жасау, әр үзіндінің алғашқы сөйлемдерін оқу арқылы сол үзіндінің не туралы екенін айту, алдын ала сұрақтарын беріп, содан кейін мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтінді толығымен оқыған соң, талқылап анализ жасау үшін әртүрлі жаттығулар жасату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет