«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»



бет7/8
Дата06.11.2023
өлшемі35,71 Kb.
#189968
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тапсырма 1
топта жұмыс істеу, тапсырма 1, тапсырма 1
Бағалау әдістері
Бағалау әдістерінің бірнеше түрлері бар.
«Бас бармақ» әдісі.
1. Мен ... түсініп жатырмын және оны түсіндіре аламын (бас бармақ жоғары қарай көтерілген) 2. Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр); 3. Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).
«Бағдаршам» әдісі .
Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушылардан материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендер (барлығын түсіндім); «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды . Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру , пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
«Индекс карточкалары» әдісі.
Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады. 1-ші беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтау. 2-ші беті: өтілген материал бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарын жазу.
«Температураны өлшеу» әдісі.
Бұл әдіс оқушылар тапсырманықаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім
оқушылардын «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды.Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе орындау ретін түсінгенін анықтай алады.
«Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісі.
Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды.: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алу ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді.
«Аяқталмаған сөйлем»
әдісі. 1. Мен бүгін....білдім. 2. Маған....қызықты болды. 3. Маған....қиын болды. 4.Мен келесі тапсырмаларды орындадым..... 5.Мен енді... жасай аламын. 6. Мен .... жасап көремін. 7.Мен ..... таңқалдым. 8. Мен өмірде ..... қолданамын. 9. Маған .... ұнамады.
«Шеңбер бойынша жазу» әдісі.
Топтағы әрбір оқушының өз парағы болу керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарынатақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады.Солай парақтар бір-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келу керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Бір маңызды мәлімет қалып қойса, жазулар толықтырылады.
«Сауалнама» әдісі.
1. Сабақта мен белсенді болдым/ белсенді болмадым. 2. Сабақтағы жұмысыма –қанағаттандым/қанағаттанбадым. 3. Сабақ мен үшін-жылдам аяқталды / аяқталмай кетті. 4. Сабақта мен- шаршадым / шаршамадым. 5. Менің көңіл-*күйім –жақсарды / нашарлады. 6. Сабақтағы материал- түсінікті/ түсініксіз
«Сұрақ конверті» әдісі.
Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Бүгін сабақта не білдің? Немесе жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды? Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.
«Желкенді кеме» әдісі.
Желкенді үш түске бояу қажет. 1. Егер сабақ саған ұнаған болса, бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түске боя. 2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. 3. Егер саған сабақ барысында тапсырмалар қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері бастауыш сыныпта қолдану жүзеге асуда.

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.


Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5].
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Жаңа білім беру бағдарламасы толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты көрсетілген. Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын жеке тұлға ғана білімді ұрпақ бола алады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушы­лардың үлгерімі алдын ала белгіленген кри­терийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы баға­лау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқ­сан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалып­тастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ та­қырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық ағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спираль­ді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны
қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдарлама «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып,
«2.1» - бөлімше, «1» - оқу
мақсатының реттік саны.
Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе асау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады. Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет