«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»


Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?



бет2/8
Дата06.11.2023
өлшемі35,71 Kb.
#189968
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тапсырма 1
топта жұмыс істеу, тапсырма 1, тапсырма 1
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

2. Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады?
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру маз­мұнын белгілейтін типтік оқу жос­парында 1-4 сыныпқа арналған тіл­дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы­лым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бас­тауыш мек­тептің 3-4 сыныптарында оқу­шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, де­нешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде кү­тілетін нәтижелерді көре отырып, мең­геруге талаптанады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет, Екінші тіл (қазақ/орыс тілі), Үшінші тіл: ағылшын, Т1 қазақ тілі, Т2 орыс тілі, Ағылшын тілі
3. Топтық жұмыс: І- топ Оқылым
ІІ- топ Тыңдалым
ІІІ- топ Айтылым
ІV- топ Жазылым ұғымдарына сипаттама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет