«Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын»



Дата07.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#90617
түріСабақ
Байланысты:
тарих семинар

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күшпен отырықшылыққа көшіру

  • Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға, сол кездегі тіршілікке, әділдік пен зорлыққа берілетін баға кесіліп-пішіліп, өңі айналдырылып, өзгертіліп берілгендігі бәрімізге белгілі. Бұл шындықты ашық айтуға зерделеуге тәуелсіздік алған кезден бастап мүмкіндік алдық. Қазіргі кезде өз тарихымызды жан-жақты зерделеп, тәлімінен үйрену, одан сабақ алу келешек үшін маңызды екені сөзсіз. Өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», – деп баға берген 
  • Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
  • Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды.

Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің пікірі


тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды.
шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек
шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру ісін басқаратын комитеттің міндеттері
Отырықшылық мәселесі туралы мәжілістер шақыру
Әлеуметтік ұйымдар жұмысын бақылау
Жергілікті органдар ісін бақылау
Жоспар бойынша қызмет ету
Отырықшылыққа айналуына жәрдемдесу
Отырықшылыққа айналдыратын аудандарда олардың санын белгілеу
  • 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. 

демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер
1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштық
«Бесеудің хаты»
1932 жылы 4 шілде
Отырықшылану саясаты

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет