Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру



бет8/9
Дата09.06.2023
өлшемі78,37 Kb.
#178551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру (копия)
18.-Онтогенез-организмдердің-жеке-дамуы

Қорытынды


Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту –– бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтартың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу –– мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады.Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда шығармашылық қабілеттер дами түседі.
Бұндай кезеңде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты
(білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырады.Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып өтілуі тиіс. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы шнтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде, « Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтетіні белгілі.
Ұстаз еңбегі –– оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойындағы мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:

  • мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білу;

  • мұғалім ой-өрісі кең жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;

  • мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет.

Ал ұстаз шәкірттерінен мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек:

  • оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

  • оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;

  • оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;

  • оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.

Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойындағы білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы танымы арта түсері анық..




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет