Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру


Математика сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары



бет4/9
Дата09.06.2023
өлшемі78,37 Kb.
#178551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру (копия)
18.-Онтогенез-организмдердің-жеке-дамуы

1.2 Математика сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары


Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі табылатын бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде.


Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларын өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық ( компьютерлік) технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі –– бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрлымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі –– бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Аталған проблеманы шешу ең алдымен, шығармашылық қабілет дегеніміз не, ол қандай өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді және оны компьютердің көмегімен тиімді дамыта аламыз ба, деген меселелерді шешуді талап етеді.
И.Д.Левитановтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалтып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға керектігін ескеріледі. Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Бейімділік –– бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтанда біздіңше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің олардың келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларда соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде автордың пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін,дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз. Автор оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы аталған еңбектердің ішінде И.Л.Лернер мен А.Н.Луктың еңбектеріне ерекше назар аударлық.
А.Н.Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырылады:
1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік);
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй);
3) ақыл-ой қабілеттер.
А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз:
1) Оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекетке, қабілетке деген қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.
2) Көңіл-күй –– бұл кез-келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады.Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер ететіні белгілі.
3) Кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен осы ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономаренев кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгі, бастысы –– шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттену қабілетін алады.
Біз де толықтай автордың пікіріне қосыламыз, себебі, ешбір іс-әрекеттің, соның ішіндегі шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны анық.. Сондай-ақ адамның «ойша» әрекеттеуі, яғни ойша санауы ,талқылауы, жоспарлауы және т.б. – бұл адам интелектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.
Біріншіден, адам «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады;
Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құраттыра алатындығын көреміз.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында яғни негізгі оқу іс-әрекеті дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықталуына, өз қабілетін жүзеге асыруға және оны қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.
В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Оқу іс-әрекетті бақылау, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі бастауыш сынып оқушыларында ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға қолайлы жағдай туғызады.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеті әсіресе, ән-күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.
Сондықтан да біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық қабілеттерін біз компьютерлік ойындарды (үйрету,жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз. Оған жоғарыда айтылғандай психологтардың, педагогтардың зертеулері, бұл жастағы оқушылардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген ынталары, қызығушылықтары, сондай-ақ компьютерлік технологияның орасан зор мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми зерттеу дәлел бола алады.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілеттерді дамытуға білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интелектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Өйткені, қоғамның алға шарықтап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. Осы орайда біздің мектеп оқушыларының шығармашылықтарын дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет