Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз



бет31/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]
Технология проведения технического обслуживания установок Х-ray и металлодетекторов
Күрделі сұрақтар:


1.Философия ғылыми білімінің оның ішінде қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс және т.б) интегрладық формасына баға беріңіз. Гуманитарлық білім - адамның әлеуметтік табиғаты жөнінде, сонымен бірге көркем мәдениет негіздері мен оның тілі туралы ғылыми білімдер негізін баяндайтын оқу пәндерінің кешенін қамтитын жалпы білімнің үш құраушысының бірі. Білімнің әрбір гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры, бүтіндей алғанда, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі. Мәдениеттің әрбір типологиялық картинасы өзгелерін көлегейлемейді және мүмкін болатын жалғыз типология деп есептелмейді, өйткені объекттің өзі, яғни мәдениет – көпқырлы және өз болмысының барлық қырларын толық және жан-жақты қамтуға көнбейді. Мәдениеттің әрбір теориясы, мәдениеттегі универсалдылық пен өзгешеліктің дамуының, өзгерісінің немесе көрінісінің белгілі бір заңдылықтарын зерттеудегі әрбір жаңа тәсіл пәндегі, эмпирикалық материалды таңдаудағы пайымдалу объектін өз бетінше айқындайды және әрқашанда мәдениеттің жаңа концепциясын тудырады. Мәдениет философиясының пәні мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, культурфилософия (мәдениет философиясы) мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін, универсалды және барлығын қамтитын феномен ретінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған философиялық пән болып табылады. "Культурфилософия" терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. Мәдениет философиясы дербес сала ретінде XVІІІ ғасырдың аяғында XІX ғасырдың басында бөлініп шыға бастағанымен ХХ ғасырда ерекше қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың басында культурфилософия мәдениет эволюциясының әртүрлі кезеңдерін зерттеуге бет бұра бастайды. Осыған байланысты мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы пайда болды. Мысалы, жаңакантшылдар В.Виндельбанд (1848-1915) пен Г.Риккерт (19863-1936) "мәдениет туралы ғылымдар" мен "табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың концепциясы мәдениет философиясындағы оппозициялардың бірін – мәдениет пен табиғаттың арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мәнін айқындады.Мәдениеттің теориялық картиналарының көптігі бұл феноменді пайымдаудың мүмкін болатын барлық варианттарын түгеспейді. Ғылымда танымал және белсенді түрде түсіндірілетін олардың кейбіріне тоқтала кетейік. Және де бұлар әртүрлі ғылыми теориялардың кесінділері негізінде мәдениет философиясындағы принциптер мен тәсілдердің көптігі мәселесін айқындап та көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет