«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата24.10.2023
өлшемі23,1 Kb.
#187910
Байланысты:
9-сынып БЖБ1 25.09.23
инклюз пж5, Макроэканомика СРСП новый-1, rs013-reported-speech, Әлеуметтік теңсіздік көрсеткіштері 20231025 160607 0000.pdf 20231025 232917 0000, сын есім және оның түрлері

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаты:

9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (жолдау) мақсатты аудитория
мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін

түсіндіреді.

Ойлау дағдысының
деңгейлері:

Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
1-тапсырма. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бір қалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім татулыққа бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Елбасымыздың:
«...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта өмір сүретін ұлттардың идеясы да осы мәңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің болуымен ерекшеленеді. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты.
Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді», – деді. Бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Бұл қазақтардың кең пейілдігі мен қонақжайлығын, бауырмалдығын көрсетеді.
...«Мәңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық

идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. «Мәңгілік Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек.


  1. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған?

(338 сөз) (Досан Қаумен)






  1. Аудиториясы кімдер?




  1. тапсырма. Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды табыңыз, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?




Көркемдегіш құрал

Мәтіннен мысал

Автор не үшін
қолданды?

Эпитет







Перифраза







Экспрессивті- эмоционалды сөздер









«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді.

1

Мақсатты аудиторияны анықтайды, ойын
дәлелдейді.

1

2

Мәтіннің жазылу мақсатын
анықтайды.

1

3

Көркемдегіш
құрал түрін табады.

3

Көркемдегіш құралдардың рөлін
талдайды.

3

Барлығы – 8 балл









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет