Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Досгүрлілік пен жанашылдык, философиясы



Pdf көрінісі
бет278/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Досгүрлілік пен жанашылдык, философиясы
3 0 7
Жарылып шықгық біз сонан.
¥ са қ құрт дэннен жарып шыққан,
Жасаған құрттар эр түрлі тэн.
Құс, балық, шаян көп айуан,
Айуаннан өсіп болдық адам.
Кейіміз өсті, кейіміз надан,
Жанымыз күшпен келген нұрдан.
Тэніміз топырақ пен судан,
Күн атам, анық жер - анам133, -
деп ғалам болмысын адамзат табиғатын әдеттегі «Құдай жараттымен» емес, жа- 
ратылыс тұрғысынан түсіндірілуі Шәкәрімнің материалистік бағыттағы алғашқы 
қадамы еді. Замана тұрпаты туралы көп толғанған Шэкэрім өмірдің мэні дүниенің 
баянсыздығы жайында да көп жазған:
Қайғы емес, қаза 
Болмайды наза 
Ноқталы басқа бір өлім,134 -
деп жас кезінде-ақ өмірдің өтпелі кебін мойындаған ақын келесі ой толғауында 
әлем құбылыстарының таусьшмай, тоқтамай, жаңарып отыратынын сөз етеді:
Өмір дүние жер мен көк, еткен заман,
Ажал алмай қоймайды, ешкім аман.
Өлмей-өшпей, қартаймай жүргің келсе,
Ол болмай ма тағдырды жамандаған?
Тумақ, өлмек, қартаймақ, болмай қоймас,
Қанша қызық көрсе де пенде тоймас135.
Дүние қу -
Бір ағын су,
Тустік онда шөп болып.
Күнде ағамыз, сандаламыз,
Бейнетіміз көп болып.
Дүние ағып,
Сусыл қағып,
Фәни көлге құйылар.
Бірі ерте, бірі кешке,
Шөп те келіп жиылар. 
'
Бұл жолдардың бэрі:
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел.
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер, -
деген Абай ойларымен үндесіп жатқандай136.
133 Ш экәрім. -Алмахы: Жазушы, 1988.-233-6.
134 С о н д а.-2 3 1 -6 .
135 С о н д а ,- 237-6.
136 Абай Құнанбасв шығармапарының бір томдық жинағы. - Алматы, 1961. - 468-6.


3 0 8
V III тарау. Крзаі$ философиясы
Кетті, келді,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам. 
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп енді қайтадан137, -
деп айнала өмірге, табиғат қубылыстарына қарап, ненің болса да бас-аяғы жалғас 
жататынын, сонымен бірге өзгеріп, сонымен бірге жаңарып отыратынын өзінше 
қорытады. Шәкәрім дүнистанымындағы алға басылған маңызды да мәнді келесі 
қадам оның қозғалыс туралы түсінігінде еді:
Жаралыс басы - қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің бір мәнде,
Сол қуатпен бол таныс.
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді,
Өспеген нэрсе өзгермес,
Турден ол түрге түспейді.
Қозғалыс түрлеп таратқан138 *
Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі. Осындай құнды жаңалыққа Шәкәрім 
ғылыми жолмен емес, стихиялы түрде келеді.
Ойлы адамсың ғой сен де.
Бар ма мақсатсыз тэртібі жоқ нәрсе элемде? -
деп сұрап алып:
Ақылды жанның мулкі әлем,
Тәргіппен өсіп таралды.
Осыны неге білмеген!13І) -
деп өзі жауап беруі материалистік бағытқа жасаған үшінші басты да, батыл 
қозғалысты көрсетеді. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы - Құдайдың 
ықылас, еркіне байланысты кенетген жасалына салған, сондықтан кез келген 
уақытта өзгеруі немесе жойылуы мүмкін. Ал Шәкәрім ше? Біртіндеп туатьш 
қажеттілігіне қарай белгілі тәртіппен себеп-салдар қатынасы бойынша дамып 
отыратын мақсатты процесс.
Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тэн жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жараткан жоқ,
Есепсіз қанша мыңмен сан жаратты.
Осыдан келіп Шәкәрім әлемді хаос, кездейсоқтықтар патшалығы деп түсхніп, 
ақыр заманды күтушілерді батыл санайды. Бұл мақсатта Шәкәрім өзінің жараты-
137 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 230-6.
138 Сонда. - 230-6.
135 Сонда. - 22-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   305




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет