Жалпы адамды ізгілікке баулып



бет2/2
Дата29.04.2022
өлшемі21,09 Kb.
#141327
1   2
Байланысты:
Ұстаз
Aleumettanu , жұмбақ, қазақ тілі, тобылғы Али Азамат1, 8-ñûíûï ?àçà? ò³ë³ ï?í³ áæá 4-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó?à à

Ұстаз - ұлағатты ұғым




Ұстаз - ұлағатты ұғым
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.


Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Білген сайын келеді біле бергім,


Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім...

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.
Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырлырын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында өзіне де өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлщеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып аянбай еңбек ететін жандар. «Ұстаз ұлы — тұлға»- дегендей бәріміз де ұстаз алдынан өттік.

Ұстаздың еңбегінің арқасында әкімде, не бір өнертапқышта, әнші, биші бәріде ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десем қателеспеймін. Таңнан қара кешке дейін мектеп партасымен бірге барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт – бағдар бере білетін жан.


Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар.

Ел басқарған ерде, көне көз қартта ұстаздан тәлім алып, өзі де кейінгіге ұстаз болған. Осы тұрғыдан өзім айлы сөз етсем: ата –анамнан алған тәрбиемді ұстаз алдында шындай түстім. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, үлкен өмірге қадам басқанша ұстаздың бойыма сіңірген сарқылмас білімі мен білігінің арқасында шынайы өмірге шындалып өзімде сол ұстаздардың үмітін ақтау үшін шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттерімнің мен берген білім мен тәрбиенің арқасында тәуелсіз елімізге еңбегі тиер азамат қылып тәрбиелеу. «Ұстаз еңбегі өлшеусіз »- дегендей алдыма келген әрбір шәкіртті жан -жақты зерттеп өмірге бейімділігін арттыру.


Ең алғаш еңбек жолымды ауылдағы «қара шаңырақ» аталатын мектептен бастадым. Ол мектептің тамыры тереңнен нәр алған, қаншама ел басқарған азаматтар мен азаматшалар сол алтын ұядан ұшқан. Сондықтан да мен алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар ынта- жігерімді алдыма келген шәкірттерме аудардым. Білім берумен шектелмей мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулыдым. Өзім тілі маманы болғандықтан қазақ тілінің дамуы мен қолдану аясын кеңейту мақсатында аянбай еңбек еттім. Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің өрістеуін оқушыларыма дәріптеп келем. Абай, Махамбет, Мағжан оқуларына оқушыларымды дайындап аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеміз. Сонымен қатар менің шәкірттерімнің арасында өзге ұлт өкілдерінің балалары да білім алып келеді. Орыс ұлтының баласы Левченко Эльвираны орыс ұлтының баласы деп айта аламайсыз себебі қазақ тілін 4 сыныптан бастап меңгерген. Бос уақытында тілін жаттықтыру мақсатында өлеңдер оқумен бірге көркем кітаптар оқиды. Аудандық «Өзге ұлттар арасында өткен » сайыстың 1 орын иегері, облыстық байқаудың алғыс хат иегері. Қазақ жері әрқашан тарихи деректермен қилы оқиғаларға толы. Солтүстік Қазақстан өңірінде осыдан екі ғасыр өмір сүрген, ел арасында «көріпкел», «дуалы би», «әділ би» атанған құртай би туралы 7 сынып оқушысы Жүсіпова Жібекпен бірге 1жыл бойы ғылыми жұмыс жазып аудандық «Жарқын болашақ» байқауының 1 орын иегері болып, облыстан 2 орын алып республикалық байқауға қатысып сертификатпен оралдық.


Оқушыларымның жеткен жетістігі менің жемісім болса менің жеткен жетістігім менің ұстазымның жетістігі.Ұстаз еңбегі әрқашан жоғары тұрады барлығынан. Шәкіртім алған білімін өз кәдесіне жаратып, өмірде өз жолын адаспай таба білсе менің мақсатымның орындалғаны деп білем.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет