Жалпы астрономия



бет7/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII
New Microsoft PowerPoint Presentation, New Microsoft PowerPoint Presentation, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, powerpointbase.com-902, mu, Күнтізбелік сабақ жоспары (2), Күнтізбелік сабақ жоспары (2)
a, км

1/f

GM,
1014 м3с-2

J2, 10-3

Ω, 10-5 рад/с

WGS 84



6378.137

298.25722356

3.986004418

1.08263

7.292115

GRS 80



6378.137

298.257222101

3.986005

1.08263

7.292115

IERS 96



6378.13649

298.25645

3.986004418

1.0826359

7.292115

Мұндағы a - экватор жазықтығында жататын эллипсоидтың үлкен жартыосі (Жердің экваторлық радиусы), f=(a-b)/a – эллипсоидтің геометриялық сығылуы (b - Жердің полюстік радиусы), G - гравитациялық тұрақты, J2 - Жердің динамикалық форм-факторы деп аталатын шама: J2 = (C-A)/(Ma2) (С мен А – Жердің бас инерция моменттері), Ω- Жер айналуының бұрыштық жылдамдығы.
Әр эллипсоид үшін келтірілген параметрлер тұрақтылар болып табылады, яғни олар дәлме-дәл белгілі деп есептеледі.
GPS серіктік навигация жүйесі координаттарды WGS84 (World Gеodetic System 1984) орташа жер эллипсоид жүйесінде береді. IERS96 (International Earth Rotation Service 1996) эллипсоидының базалары асаұзын радиоинтерферометрлердегі (БАҰР-дағы) бақылауларды өңдеу кезінде қолдануға ұсынылады. Геодезиялық жұмыстар үшін Геодезияның халықаралық ассоциациясының Ассамблеясымен 1979 жылы қабылданған GRS80 (Geodetic Reference System 1980) эллипсоиды қолдануға ұсынылады.
Жалпы айтсақ, Жер пішіні тасу әрекеті, тектоникалық плиталардың қозғалысы және өздік тербеліс салдарынан уақыт бойынша да өзгеріп отырады. Бірақ бұл өзгерістердің шамасы өте аз болғандықтан астрономиялық бақылауларға әсері жоқ деп есептеуге болады.
Осы аталған себептер салдарынан ілме сызығы жер бетінің кез келген нүктелері үшін сфероидтың радиус векторымен бағыттас бола бермейді. Сфероид бетіне түсірілген нормаль түзудің бағыты да ілме бағытына сәйкес болмауы мүмкін. Осыған байланысты географиялық ендіктің үш түрін қарастырады. Олар: астрономиялық, геоцентрлік және геодезиялық ендіктер.
Астрономиялық ендік деп берілген нүктедегі ілме мен Жер экваторы жазықтығы арасындағы бұрышты атаймыз (1.5 суреттегі φ бұрышы).
Геоцентрлік ендік деп жер бетіндегі берілген нүктеге жүргізілген радиус- вектор мен Жер экваторының жазықтығы арасындағы бұрышты атаймыз (1.5 суреттегі φ′ бұрышы).
Геодезиялық ендік деп берілген нүктеде сфероид бетіне жүргізілген нормаль мен Жер экваторының жазықтығы арасындағы бұрышты атаймыз (1.5 суреттегі OT2q бұрышы).
1.5 сурет – Астрономиялық, геоцентрлік және геодезиялық ендіктерді анықтау

Астрономиялық өлшеулерден тек астрономиялық ендікті анықтауға болады. Геодезиялық және гравиметриялық өлшеулерден берілген нүктедегі ілменің ауытқуы, яғни ілме сызығының нормаль түзуден ауытқуы, ал оның негізінде геодезиялық ендік анықталады. Геоцентрлік ендік оны геодезиялық ендікпен байланыстыратын аналитикалық геометрияның формулалары негізінде анықталады. Астрономиялық ендік пен геодезиялық ендік арасындағы айырмашылық (аномальды жерлерді ескермейтін болсақ) 3″ аспайды. Сондықтан әдетте астрономиялық есептеулерде ол еске алынбайды да, астрономиялық пен геодезиялық ендіктер бірдей деп саналады.Ал геоцентрлік ендік пен астрономиялық ендік арасындағы айырмашылық 12′-қа дейін барады. Полюстар мен экваторда олардың айырмашылығы жоғалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет