Жалпы астрономия


Горизонталды координаттар жүйесі



бет9/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII
New Microsoft PowerPoint Presentation, New Microsoft PowerPoint Presentation, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, powerpointbase.com-902, mu, Күнтізбелік сабақ жоспары (2), Күнтізбелік сабақ жоспары (2)
1.4.2. Горизонталды координаттар жүйесі

Горизонталды координаттар жүйесінің негізгі жазықтығы ретінде математикалық көкжиек жазықтығы алынады. Негізгі нүктелер ретінде зенит және оңтүстік нүктелері алынады. Бірінші координат ретінде шырақтың зениттік қашықтығы z немесе көкжиектен биіктігі h алынады. Екінші координат ретінде шырақтың азимуты А алынады.


Берілген шырақтың зениттік қашықтығы деп вертикаль шеңбер бойымен зениттен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе ілме мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз (1.7 сурет). Зениттік қашықтық 0º ÷ 180º аралығындағы мәндерді қабылдайды. Шырақтың зениттік қашықтығы 90º кіші болса ол аспан сферасының көрінетін бөлігінде, үлкен болса көрінбейтін бөлігінде жатады.
Берілген шырақтың көкжиектен биіктігі деп шырақ арқылы өтетін вертикаль шеңбер бойымен көкжиектен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе көкжиек жазықтығы мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз. Биіктік -90º ÷ 90º аралығындағы мәндерді қабылдайды. Шырақтың биіктігі 0º ÷ 90º арасында болса (зенитке қарай өлшенеді) ол аспан сферасының көрінетін бөлігінде, 0º ÷ -90º арасында болса (надирға қарай өлшенеді) көрінбейтін бөлігінде жатады.

1.7 сурет - Горизонталды координаттар жүйесі

Шырақтың зениттік қашықтығы мен биіктігі арасында мына қатынас орындалады




z+h=90º (1.4.1)
Бір альмукантаратта жатқан шырақтардың зениттік қашықтары мен биіктіктері бірдей болады.
Шырақтың азимуты деп S оңтүстік нүктесінен бастап математикалық көкжиек бойымен батысқа қарай шырақтың вертикаль шеңберіне дейінгі доғаны немесе талтүстік сызық пен шырақтың ілме сызығының көкжиекпен қиылысу нүктесі бағыты арасындағы бұрышты айтамыз. Азимут 0º ÷ 360º аралығындағы мәндерді қабылдайды. Кейде азимутты батысқа қарай 0º ÷ 180º аралығында (батыс азимут), шығысқа қарай 0º ÷ –180º аралығында (шығыс азимут) өлшейді. Бір вертикал шеңберде жатқан шырақтардың азимуттары бірдей болады. Геодезияда азимутты солтүстік нүктесінен бастап шығысқа қарай 0º ÷360º аралығында, немесе сәйкесінше шығысқа қарай 0º ÷180º аралығында (шығыс азимут), батысқа қарай 0º ÷–180º аралығында (батыс азимут) өлшейді. Мұндай азимутты геодезиялық азимут деп атайды. Астрономиялық азимут А және геодезиялық азимут А’ арасында мына қатынас орындалады:


A’=A+180º, (А 0º ÷ 180º аралығында);
A’=A -180º, (А 180º ÷360º немесе 0º ÷ - 180º аралығында);

Горизонталды координаттар жүйесі шырақтардың көрінетін орнын астрономиялық құралдар көмегімен тікелей өлшеу үшін қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет