Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет15/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз, !25-БЖБ Жаратылыстану 6-сын қаз
Н азар аударыңыз!
2018-2019 оқу жылында міндетті түрде жүктемесі қысқартылған Үлгілік оқу жоспарына тек жекелеген мектептер көшеді. Қазіргі уақытта мектептердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі анықтауда. Бұл, негізінде, жан басына қаржыландыруды сынап көретін жеке ұйымдар мен мектептер.
Республиканың қалған барлық мектептерінің ҮОЖ таңдап алуға құқығы бар, мектептер сол бойынша: не қолданыстағы ҮОЖ жүктемесін қысқартусыз, не ұсынылған нұсқалар бойынша оқытады.
Бұл ретте негізгі орта білім беру деңгейінде мектептердің бір нұсқаны таңдап алуға мүмкіндігі бар. Таңдауды педагогикалық ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңесінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
Әр пән бойынша оқу бағдарламалары мазмұнының көлемі және қысқартылған жүктеменің оқу сағаттарын байланыстыру бойынша Әдістемелік ұсынымдамалар тамыз кеңесіне дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі.
Қ азақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беретін ұйымдарға барып оқи алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру, емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет