Жалпы ережелер


- «Үздік экологиялық бастама»



бет2/5
Дата22.09.2022
өлшемі30,01 Kb.
#150326
түріКонкурс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Положение PROECO
Document, Физика тұрмыста өмірде, 0007044a-967f33ee (1)
- «Үздік экологиялық бастама» бағыты - экодизайнерлер конкурсы.
Қоршаған ортаны сақтауға бағытталған экологиялық науқандар мен табиғатты қорғау іс-шараларын көрсететін жобалар конкурсы. Осы бағыт бойынша экологиялық жағдайды жақсартатын түрлі дизайнерлік макеттер мен жобалар қабылданады.
- «Таза қала сізден басталады» бағыты - абаттандыру, көгалдандыру бойынша экологиялық жұмыстар, өткізілетін экологиялық науқандар ( оның ішінде өз ауылдарындағы өзен, көл, жағажай аудандарында қоқысты жинау бойынша қоғамдық жұмыстарға еріктілер тобының үлесі), жылыжайлар, мектеп жанындағы оқу-практикалық учаскелер, мектеп орман шаруашылығы бойынша бейнероликтердің тұсаукесері. Бейнеде визуалды бейнелеу, түсірілім, анимация және компьютерлік графика әдістерін қолдануға болады. Музыкалық және дыбыстықсүйемелдеу.
2) Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Оқушылар өздері таңдаған бағыт бойынша 7-8 минуттық бейнеролик дайындайды;
3) бейнеролик кез келген бейне таратқышта өңделген, телефон камерасы немесе арнайы бейнекамерамен түсірілген анимациялық, сахналанған бейне жазба түрінде жазылуы мүмкін;
4) Бейне форматтары: MPEG4, AVI.
Келесі ақпарат міндетті түрде көрсетілуі керек:
- жұмыстың атауы, автордың (авторлардың) Т.А.Ә.;
- мектеп атауы, жасалған күні;
- түсірілімге қатысқан адамдарды( топты) көрсету;
- музыкалық сүйемелдеуді пайдаланған жағдайда музыка және мәтін авторларын көрсету;
5) Жұмыстар конкурсқа электронды түрде жіберілуі тиіс. Бейнеролик файлы жұмыстың атауы мен номинацияларын, автордың тегі мен аты-жөнін қамтуы керек.
6) Бағалау критерийлері:
- тақырыпқа сәйкестігі;
- бейнероликтің эмоционалдылығы және ақпараттық мазмұны;
- көркем орындау және шығармашылық;
- эстетикалық және техникалық өңдеу деңгейі;
- композициялық шешім;
- инновация және идеяның жаңалығы;
- экологиялық проблемалардың көрінісі.
7) Әртүрлі деңгейдегі осыған ұқсас конкурстарға бұрын қатысқан жұмыстар Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
8) Өтінімдер мен жұмыстарды ergalieva@kostdaryn.kz электрондық мекенжайға 2022 жылдың 25 қазанынан кешіктірмей ұсыну қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет