\\Жалпы ережелер


Мемлекеттік мекемеге қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару негіздері және тәртібі



бет4/27
Дата12.10.2020
өлшемі72,51 Kb.
#66425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
4. Мемлекеттік мекемеге қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару негіздері және тәртібі

4.1.Оқушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау кезінде, соңғысы оны және оның ата-анасын немесе өзге заңды өкілдерін мемлекеттік мекеме Жарғысымен, білім беруді жүргізуге құқық беретін лицензиясымен және оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін өзге құжаттармен таныстыруға міндетті.

4.2.Ата-аналар дәрігерлік педагогикалық комиссия, жасөспірімдер жөніндегі комиссия шешімі негізінде балаларды үй жағдайында оқыта және тәрбиелей алады, мектеп педагогика қызметкерлерінің ұсынуымен көмек көрсетеді.

4.3.Бес (алты) жастағы балалардың мектеп дайындығы жалпы білім беру бағдарламасы ауқымында болу міндетті. Мемлекеттік мекемедегі мектеп алдындағы дайындық тегін болып табылады.

4.4.Мемлекеттік мекеме 1-ші сыныпқа балаларды 6 немесе 7 жастан қабылдауды жүзеге асырады. Бастауыш білім беру ұйымының 1-ші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

4.5.Бастауыш білім беру ұйымының 1-ші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

4.6.Мектепте жаңадан түсірушілерді қабылдау кез-келген уақытта жүргізіледі.

4.7.Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

4.8. Мемлекеттік көрсету қызметтерді стандарт пен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметті бақылау.

4.9.Білім алушыларды құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін, мемлекеттік мекемесінің жарғысын өрескел бұзғаны үшін мемлекеттік мекемесінен шығаруға мемлекеттік мекемесін мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

4.10. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарынан шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

4.11.Мемлекеттік мекемесінен шығарылған балалардың жалпы орта білім алуды түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі, жеке меншік мектепте немесе экстернат нысанында жалғастырылады.

5.Мемлекеттік мекемеде білім беру жүйесін ұйымдастыру

5.1.Мемлекеттік мекеменің барлық деңгейдегі оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жасалған оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2.Мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, мұғалімдердің адами құндылықтарын өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларға қатысты дене, моральдік және психикалық күш көрсету әдістерін қолдануға жол берілмейді.

5.3.Кәмелетке толмаған білім алушы ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері білім беру жүйесінің барысымен және мазмұнымен, сонымен қатар білім алушылардың үлгерімі бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіле алады.

5.4.Тәрбие беру бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталады.

- Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктерін тану, қазақ елінің және республикадағы басқа да халықтардың салттары мен дәстүрін, тарихын оқып тану, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін игеру;

- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеруді қамтамасыз ету;

- білім мекемесінің дербестігін, автономдылығын кеңейту, білімді басқаруды демократизациялау;

- қоғамның және экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білімнің ұлттық сапалық баға жүйесін дамыту.

5.5.Жалпы білім беретін орта мектепте сабақ екі ауысымда жүргізіледі. Мектеп бес күндік оқу аптасы бойынша жұмыс істейді. Сабақ ұзақтығы–40 минут, сабақ уақыты сағат 8.00-де басталуы тиіс, екі ауысымда сабақ үрдісі өткізіледі. І ауысымда Сабақ уақыты: 1-ші сабақ- 8.00-08.40; 2-ші сабақ- 08.45-09.25; 3-ші сабақ- 09.30-10.10; 4-ші сабақ- 10.25-11.05; 5-ші сабақ- 11.20-12.00; 6-шы сабақ- 12.05-12.45, 7-ші сабақ-12.50-13.30; 8-ші сабақ-13.35-14.15. ІІ ауысымда сабақ уақыты: 1-ші сабақ-14.00-14.40; 2-ші сабақ- 14.45-15.25; 3-ші сабақ-15.35-16.15; 4-ші сабақ-16.30-17.10; 5-ші сабақ-17.15-17.55; 6-шы сабақ-18.00-18.40.


5.6.Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.

5.7.1-ші сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары мен ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.

5.8.Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

5.9. 5-8, 10-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.

5.10.Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» өте жақсы болған жағдайда 5-8,10-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

5.11.Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін: негізгі мектепте (9-сыныптан кейін)-оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында: жалпы орта (бейіндік) мектепте-оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

5.12. 2-8, 10-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

5.13.5-8,10-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізеді. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізіндегі әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.

5.14.1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8,10-сыныптардың білім алушылары аралық аттесттауға жіберіледі.Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен рәсімделеді.

5.15.Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады «3», «4», «5» бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

5.16.1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8,10-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-анасының келісімі (және өзге де заңды өкілдерінің) және медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.

Оқу жылының аяқталу тәртібін, оқушылар үшін бітіру және көшіру емтихандарын өткізу тәртібін өзгерту Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес енгізілуі мүмкін.

5.17.Негізгі орта мектепті бітірушілер негізгі орта білім туралы аттестат, орта мектепті бітірушілер жалпы орта мектеп бітіргендігі туралы аттестат алады.

5.18. Мектепте оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі, сондай-ақ білімнің әр деңгейі үшін мемлекеттік жалпы міндетті стандарт бойынша орыс тілі және шет тілінің бірін оқытуды қамтамасыз етеді.

5.19.Нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік келісімге келмейтін және айырмашылықты насихаттау, миллитаристікті тарату және халықаралық құқық пен гуманизмнің принциптеріне қайшы келетін өзге идеялар мемлекеттік мекемеде тыйым салынады.
5.20.Мемлекеттік мекемеде негізгі құқықтық нормативтік құжат және жалпы білім беру облысындағы мемлекеттік стандарттың негізгі бөлігі болып табылады. Базистік оқу жоспары негізінде жұмыс істейді, білім туралы құжаттарын білім беретін білім, білім беру 3 сатылы негізде құрылады:

- бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі-1-4 сыныптар-4 жыл

1) Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

- негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі 5-9 сыныптарда-5 жыл

2) Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады


Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет