Жалпы медицина факультетінің студенттеріне арналған


тарау- ОЖЖ қызметіне әсер ететін заттар



бет3/6
Дата11.06.2020
өлшемі154,35 Kb.
#73000
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фарма тест былтыр
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, abai kunanbayev1 (1), Психология пəнінен тест жауаптары
3 тарау- ОЖЖ қызметіне әсер ететін заттар

( 246ден- 385 дейін)
Тест № 246

Диазепамға тән қасиеттер:



  1. +ОЖЖ-де ГАМҚ-ергиялық үрдістерді күшейтеді

  2. +анксиолитикалық белсенділігі бар

  3. +ұйқы шақыратын әсері бар

  4. +тырысуға қарсы әсері бар

  5. экстрапирамидалық бұзылыстар шақырады

Тест №247

Көрсетілген аналептиктердің қайсысы тамыр тонусына екі жақты әсер көрсетеді. Орталыққа әсер ету нәтижесінде қан тамырлардың тонусын жоғарылатады және шетке әсер етуі нәтижесінде қан тамыр тонусы төмендейді.


  1. +кофеин

  2. кордиамин

  3. камфора

  4. бемегрид

  5. этимизол

Тест № 248

Заттың тобын анықтау. Мидағы зат алмасуға және қан айналымына оң әсер етеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын ынталандырады. Глюкозаның жұмсалуын жоғарылатады. Мидың ишемияға ұшыраған аймағына қанның келуін жақсартады. Мидағы зат алмасу және қан тамырларының зақымдалуымен жүретін әртүрлі жүйке ауруларында және геронтологиялық практикада қолданылатын заттар.


  1. +ноотропты заттар

  2. антидепрессанттар

  3. транквилизаторлар

  4. тыныштандыратын заттар

  5. психостимуляторлар

Тест № 249

Морфин келесі заттар сияқты әсер етеді:


  1. катехоламиндер

  2. +эндорфиндер

  3. простагландиндер

  4. Р заты

  5. гистаминдер

Тест № 250

Азоттың шала тотығы анестезиологияда кеңінен қолданылады, себебі


  1. +отқа қауіпсіз және жарылмайды

  2. +анестезияның тез және оңай басталуын қамтамасыз етеді

  3. күшті анальгезияны қамтамасыз етеді

  4. күшті миорелаксант

  5. наркоздан кейінгі әсері жоқ

Тест №251

Дұрыс тұжырымдар:


  1. +натрий оксибутираты - зат алмасудың табиғи өнімінің синтетикалық аналогы

  2. +кетамин диссоциативті анестезия шақырады

  3. +наркозға арналған эфир тыныс жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді

  4. +фторотан қан қысымын төмендетеді

  5. фторотанмен наркоз бергенде қан қысымын жоғарылату үшін адреналин қолданылады

Тест №252

Нейролептиктер паркинсонизм көріністерін шақырады, себебі дофаминдік рецепторларды тежейді:


  1. мезолимбиялық жүйенің

  2. +экстрапирамидалық жүйенің

  3. гипоталамустың

  4. құсу орталығының хеморецепторларын

  5. ми қыртысының қабатын

Тест №253

Дроперидол жатады


  1. +нейролептиктерге

  2. антидепрессанттарға

  3. транквилизаторларға

  4. психостимуляторларға

  5. ноотропты заттарға

Тест №254

Дұрыс тұжырымдарды белгілеу:


  1. +циклодол - нейролептиктермен шақырылған экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеуде қолданылады

  2. +кофеин ой жұмысын және физикалық жұмыс істеу қабылетін жоғарылатады

  3. кофеин тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарды рефлекторлы түрде қоздырады

  4. +бромидтер мидың қыртысты қабатында тежелу үрдістерін жоғарылатады

  5. нейролептиктермен шақырылған экстрапирамидалық бұзылыстарда леводопа қолданылады

Тест №255

Затты анықтау. Ендірме және негізгі наркозда қолданылады. Анальгетикалық әсері орташа. Бүлшық еттердің айқын релаксациясын шақырады, гипоксияға қарсы әсері бар. Көк тамырға және ішке енгізіледі, наркоз шақыратын ұзақтығы 1,5-3 сағат.


  1. тиопентал-натрий

  2. +натрий оксибутираты

  3. пропанидид

  4. энфлуран

  5. кетамин

Тест №256

Затты анықтау. Дофаминнің ізашары болып табылады, препаратты қолданғанда орталық жүйке жүйесінде дофаминнің мөлшері жоғарылайды.Паркинсонизмді емдеу мақсатында қолданылады.


  1. +леводопа

  2. циклодол

  3. мидантан

  4. карбидопа

  5. депренил

Тест №257

Литий тұздары қолданылады


  1. +манияны емдеуде

  2. неврозда

  3. +маниакальды-депрессивті психоздың ұстамасын алдын-алу мақсатында

  4. эпилепсияда

  5. психомоторлы қозуды тоқтату үшін

Тест №258

Науқасқа операция алдында нейролептанальгезия тудыру үшін фентанил және нейролептик берілді. Осы жағдайда қандай нейролептик берген жөн?


  1. аминазин

  2. галоперидол

  3. +дроперидол

  4. хлорпротиксен

  5. трифтазин

Тест №259

Затты анықтау. Орталық жүйке жүйесінде простагландиндердің түзілуін төмендетеді. Ауыру сезімін басатын және дене қызуын түсіретін әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы әсері жоқ. Бас ауырғанда, бұлшық ет және буын ауыруларында, қызба кезінде дене қызуын түсіру үшін қолданылады.


  1. +парацетомол

  2. бутадион

  3. пентазоцин

  4. анальгин

  5. карбамазепин

Тест № 260

Заттардың тобын анықтау. Көңіл күйді жоғарылатады, сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдауды жеңілдетеді. Ұйқыға қажеттілікті және шаршауды басады. Физикалық және ойлау жұмыс қабілетін уақытша арттыру мақсатында қолданылады.


  1. +психостимуляторлар

  2. антидепрессанттар

  3. ноотропты заттар

  4. аналептиктер

5. транквилизаторлар
Тест №261

Дұрыс тұжырымдарды белгілеу.



  1. +пентазоцин - опиатты рецепторлардың агонист-антагонистіне жатады

  2. опиатты рецепторлардың агонист-антагонистіне налоксон жатады

  3. +трамадол - аралас әсер механизмді (опиоидты және опиоидты емес) анальгетикке жатады

  4. мезокарб ноотропты заттарға жатады

  5. +бромидтермен созылмалы уланғанда көп мөлшерде натрий хлориді тағайындалады

Тест №262

Дұрыс тұжырымдарды белгілеу.


  1. +бензодиазепиндік анксиолитиктер бензодиазепиндік рецепторлардың агонистері болып табылады

  2. +бензодиазепиндер ГАМҚ-ның тежегіш әсерін күшейтеді

  3. +бензодиазепиндер тыныштандыратын, анксиолитикалық, тырысуға қарсы әсер көрсетеді

  4. бензодиазепиндер дофаминдік рецепторлардың антагонистері болып табылады

  5. бензодиазепиндерге холиноблокаторлық және адреноблокаторлық әсер тән

Тест №263

Психостимуляторлық және аналептикалық әсері бар препарат:


  1. кордиамин

  2. этимизол

  3. мезокарб

  4. +кофеин

  5. фенамин

Тест №264

Эпилепсияның психомоторлы ұстамасында қолданылатын заттар


  1. +карбамазепин

  2. +дифенин

  3. диазепам

  4. +фенобарбитал

  5. этосуксимид

Тест №265

Препаратты анықтау.

Бұлшық еттің релаксациясын жеткіліксіз шақырады, наркоздық әсері терең емес. Анальгетикалық әсері айқын. Оттегімен қосып береді. Наркозға енгізу үшін және миокард инфарктінде ауыру сезімді басу үшін қолданылады.



  1. наркозға арналған эфир

  2. натрий оксибутираты

  3. +азоттың шала тотығы

  4. фторотан

  5. кетамин

Тест №266

Затты анықтау.

Эпилепсияның үлкен ұстамасының алдын алу үшін қолданады. Аритмияға қарсы зат ретінде, әсіресе жүрек гликозидтерімен уланғанда дамитын қарыншалық аритмияларда қолданылады. Жанама әсерлеріне қызыл иектің гиперплазиясы жатады.



  1. +дифенин

  2. карбамазепин

  3. фенобарбитал

  4. лидокаин

  5. клоназепам

Тест №267

Аралас әсерлі аналептиктер тобына жатады:


  1. кофеин

  2. +кордиамин

  3. камфора

  4. бемегрид

  5. этимизол

Тест №268

Затты анықтау.

ОЖЖ-де холинорецепторларды тежейді. Нейролептиктермен шақырылған экстрапирамидалық бұзылыстарды және паркинсонизмді емдеуде қолданылады.



  1. леводопа

  2. +циклодол

  3. мидантан

  4. карбидопа

  5. депренил

Тест №269

Дұрыс тұжырымдарды белгілеу.


  1. +морфин - изохинолин тобының опий алкалоиді

  2. +ацетилсалицил қышқылы - тромбоциттердің агрегациясын тежейді

  3. +налоксон- морфиннің толық антагонисті

  4. +наркотикалық емес анальгетиктер простагландиндердің түзілуін тежейді

  5. парацетомол- қабынуға қарсы әсер көрсетеді

Тест №270

Қандай анальгетикпен уланғанда мынандай жедел улану көріністері дамиды: терісі бозарған, дене температурасы төмендеген, тыныс алу жиілігі Чейн-Стокс типті, сиреген, сіңірлік рефлекстер жоғарылаған, брадикардия, көз қарашығы кенеттен тарылған.


  1. ацетилсалицил қышқылымен

  2. парацетамолмен

  3. +морфин гидрохлоридімен

  4. анальгинмен

  5. промедолмен

Тест №271

Дұрыс тұжырымдарды анықтау


  1. +кофеин көп мөлшерде орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейді

  2. +кофеин-миокардқа тікелей ынталандыратын әсер көрсетеді

  3. кофеин-тәждік тамырларды және қаңқалық қан тамырларды кеңейтеді

  4. кофеин-гликогенолизді және липолизді күшейтеді

  5. кофеин тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандырады

Тест №272

Азоттың шала тотығымен шақырылған наркозға тән


  1. +қозу сатысы тез, наркоздық әсері жылдам дамиды

  2. +паренхиматозды мүшелерге теріс әсері жоқ, шырышты қабықтарды тітіркендірмейді

  3. +жақсы басқарылады, ингаляцияны тоқтатқаннан кейін ояну сатысы тез

  4. +анальгетикалық әсері айқын, наркотикалық белсенділігі әлсіз

  5. терең наркоз, қаңқа бұлшық етінің релаксациясы жеткілікті

Тест №273

Ұйықтатқыштармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері:


  1. +функциональдық антагонистерін тағайындау

  2. +ағзадан препараттың шығуын жылдамдату

  3. +ағзаның өмірге қажетті қызметтерін қалыптастыру

  4. гистаминге қарсы препараттар тағайындау

  5. +улы заттардың сорылуын тоқтату

Тест №274

Морфинмен жедел уланғанда келесі белгілер тән:


  1. +брадикардия

  2. +қарашықтың тарылуы

  3. артериялық қысымның жоғарылауы

  4. +тыныстың тежелуі

  5. тізе рефлексінің сақталуы

Тест №275

Бензодиазепин тобына жататын траквилизаторлардың әсерлері:


  1. +анксиолитикалық

  2. +миорелаксациялық

  3. +ұйықтатқыш

  4. депрессияға қарсы

  5. құсуға қарсы

Тест №276

Затты анықтау. Үрей мен қорқыныш сезімді жояды. Ұйқы келуін қамтамасыз етеді. Сандырақтау мен галлюцинацияға әсер етпейді. Бұлшық етті орталықтан босаңсытатын әсері бар. Невротикалық жағдайларды емдеу үшін қолданылады.


  1. +транквилизаторлар

  2. нейролептиктер

  3. депрессияға қарсы заттар

  4. литий тұздары

  5. психостимуляторлар

Тест №277

Дәрілік заттардың тобын анықтау: орталық жүйке жүйесінде синаптикалық қозудың өтуін жеңілдетеді, ОЖЖ-не қоздырғыш әсер көрсетеді. Коллапста, тыныс алудың тежелуінде, наркотикалық және ұйықтатқыш заттармен жеңіл және орташа дәрежедегі улануларда қолданылады.


  1. +аналептиктер

  2. депрессияға қарсы заттар

  3. ноотроптық заттар

  4. литий тұздары

  5. транквилизаторлар

Тест №278

Паркинсонизмды емдеудің негізгі бағыттарын көрсету:


  1. +дофаминергиялық әсерді белсендіретін дәрілерді қолдану

  2. холинергиялық әсерді белсендіретін дәрілерді қолдану

  3. +холинергиялық әсерді тежейтін дәрілерді қолдану

  4. серотонинергиялық әсерді белсендіретін дәрілерді қолдану

  5. гистаминдік әсерді белсендіретін дәрілерді қолдану

Тест №279

Экстрапирамидалық бұзылыстарды тудырмайтын нейролептиктер


  1. +клозапин

  2. аминазин

  3. +сульпирид

  4. дроперидол

  5. галоперидол

Тест №280

Эпилепсияға қарсы заттар


  1. +этосуксемид

  2. +фенобарбитал

  3. +карбамазепин

  4. +дифенин

  5. левадопа

Тест №281

Дәрілік затты анықтау: Ұйықтатқыш әсері және эпилепсияға қарсы белсенділігі бар, бауырдың микросомальды ферменттерінің белсенділігін арттырады. Ұзақ уақыт қолданғанда кумуляция дамуы мүмкін.


  1. +фенобарбитал

  2. дифенин

  3. карбамазепин

  4. натрий вальпроаты

  5. клозапин

Тест №282

Қабынуға қарсы әсері жоқ наркотикалық емес анальгетик:


  1. +парацетамол

  2. ацетилсалицил қышқылы

  3. анальгин

  4. промедол

  5. морфин

Тест №283

Дәрілік затты анықтау. Ксантин туындысы.Қажу кезінде ақыл-ой қабілетін жоғарылатады, қабылдауды жеңілдетеді, тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталықтарын ынталандырады, жүректің және көлденең жолақтық бұлшық еттердің тамырларын кеңейтеді, іш қуысындағы мүшелердің тамырларын тарылтады. Жүректің жұмысын күшейтеді.


  1. бемегрид

  2. кордиамин

  3. этимизол

  4. +кофеин

  5. цититон

Тест №284

Дәрілік затты анықтау. Қозу сатысы қысқа терең наркоз шақырады. Қан қысымын төмендетеді, брадикардия тудырады, миокардтың адреналинге сезімталдығын жоғарылатады. Жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендірмейді. Наркоздық әсер кеңдігі үлкен. Өрттік қауіптілігі жоқ.


  1. фторотан

  2. наркоздық эфир

  3. азоттың шала тотығы

  4. кетамин

  5. +наркозға арналған эфир

Тест №285

Ауыру сезімін басатын механизмінде қабынуға қарсы әсері бар анальгетиктер


  1. морфин

  2. +ацетилсалицил қышқылы

  3. омнопон

  4. бутадион

  5. промедол

Тест №286

Дәрілік заттардың тобын анықтаңыз: ауыру сезімін басатын әсері бар, қызуды басатын, қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы қасиеттері бар. Буынның және бұлшық еттің неврологиялық ауыруларында қолданылады. Жарақаттық ауыру сезімінде әсері жоқ.


  1. наркотикалық анальгетиктер

  2. эпилепсияға қарсы заттар

  3. анальгетикалық белсенділігі бар орталық әсерлі опиоидты емес заттар

  4. +наркотикалық емес анальгетиктер

  5. аналептиктер

Тест №287

Дифенин қолданылады


  1. +тырысудың үлкен ұстамасында

  2. +эпилепсияның фокальды формасында

  3. қарыншалық аритмияда

  4. ұйқысыздықта

  5. қорқыныш, үрей сезімдерін басу үшін

Тест №288

Эпилепсияның кіші ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын заттар


  1. +этосуксемид

  2. фенобарбитал

  3. +натрий вальпроаты

  4. дифенин

  5. карбамазепин

Тест №289

"Күндізгі" транквилизаторды белгілеу:


  1. +мезапам

  2. феназепам

  3. буспирон

  4. диазепам

  5. нитразепам

Тест №290

Транквилизаторларды қолданудың негізгі көрсеткіштерін белгілеңіз:


  1. +хирургиялық операцияның алдында премедикация үшін

  2. +невроз бен неврозға ұқсас жағдайларда

  3. +ұйқысыздықта, эпилепсия және қаңқа бұлшық еттерінің тонусы жоғарылайтын кейбір неврологиялық жағдайларда

  4. нарколепсия (патологиялық ұйқышылдық)

  5. депрессия

Тест №291

Аналептиктер қолданылады


  1. +ұйықтатқыштармен жеңіл немесе орташа ауырлықты уланғанда

  2. +хирургиялық операциядан кейін наркоздан шығару үшін

  3. гипотонияда

  4. +кейбіреуі - жас нәрестелердің асфиксиясында

  5. ұйықтатқыштармен ауыр уланғанда

Тест №292

Созылмалы маскүнемдікті емдеу үшін қолданылатын зат


  1. +тетурам

  2. фенобарбитал

  3. дифенин

  4. кетамин

  5. карбамазепин

Тест №293

Бензодиазепин туындыларына жататын ұйықтатқыштар:


  1. +нитразепам, диазепам, феназепам

  2. фенобарбитал, дифенин, мебикар

  3. этосуксемид, клоназепам, натрий вальпроаты

  4. леводопа, мидантан, циклодол

  5. карбамезипин, карбидопа, депренил

Тест №294

Наркотикалық анальгетиктердің жанама әсерлері


  1. +тыныс алудың тежелуі

  2. +бейімделу

  3. асқазанның шырышты қабығының ойылуы

  4. +дәріге туелділік

  5. +обстипация (іштің қатуы)

Тест №295

Наркотикалық емес анальгетиктер:


  1. пентазоцин

  2. +ацетилсалицил қышқылы

  3. +анальгин

  4. парацетамол

  5. налоксон

Тест №296

Бензодиазепин туындысына жататын транквилизаторлардың әcерлері


  1. +анксиолиттік

  2. құсуға қарсы

  3. антидепрессиялық

  4. +ұйықтатқыш

  5. +миорелаксациялық

Тест №297

Тыныштандыратын заттар:


  1. +бром тұздары, сасықшөп тұнбасы, валериана препараттары

  2. мезокарб, кофеин, меридил

  3. аминалон, пирацетам, пантогам

  4. имизин, амитриптилин, пиразидол

  5. аминазин, трифтазин

Тест №298

Психостимуляторлар:


  1. бром тұздары, сасықшөп төнбасы, валериана препараттары

  2. +мезокарб, кофеин

  3. аминалон, пирацетам, пантогам

  4. имизин, амитриптилин, пиразидол

  5. аминазин, трифтазин, этаперазин

Тест №299

Транквилизаторлар тобына жататын препараттарды белгілеу:


  1. имизин, амитриптилин, пиразидол

  2. аминазин, трифтазин, дроперидол

  3. +диазепам, феназепам, мебикар

  4. натрий бромиді, валериана препараттары, сасықшөп тұнбасы

  5. кофеин, меридил, мезокарб

Тест №300

Фторотанмен шақырылған наркозға тән


  1. +наркотикалық күші жағынан эфирден артық

  2. +жақсы басқарылады, қозу сатысы қысқа

  3. +шырышты қабықты тітіркендірмейді, артериялық қысымды төмендетеді

  4. +ингаляциялық жолмен қолданғанда ояну сатысы тез, өрт жағынан қауіпсіз

  5. қозу сатысы ұзақ, артериялық қысымды жоғарылатады

Тест №301

Натрий оксибутиратымен шақырылған наркозға тән


  1. +наркоздың дамуы баяу, қозу сатысы айқын емес

  2. +наркотикалық белсенділігі жоғары, уыттылығы төмен

  3. +бұлшық ет релаксациясы айқын, көк тамырға және ауыз арқылы қолдануға мүмкіншілік бар

  4. +гипоксияға қарсы және тыныштандыратын әсері бар

  5. гипотензиялық және анальгетикалық әсері айқын

Тест №302

Наркозға арналған эфирге тән


  1. +қозу сатысы айқын, эфирдің ингаляциясы тоқтатылғаннан кейінгі ұйқы ұзақ

  2. наркоздың тереңдігі жақсы басқарылады, наркоздық әсері кең

  3. +қаңқа бұлшық еттері жақсы босаңсиды, наркоздық белсенділігі айқын

  4. +жарылатын қаупі бар, тыныс жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді

  5. кардиотоксикалық, гипотензивтік әсері бар

Тест №303

Морфинге тән әсерлер


  1. +тыныс алуды тежеу

  2. +жөтелге қарсы

  3. +ауыру сезімін басу

  4. +брадикардия

  5. көздің қарашығының кеңеюі

Тест №304

Парацетамолға тән әсерлер


  1. қабынуға қарсы

  2. +анальгетикалық

  3. +қызуды басатын

  4. +емдік мөлшерде нефротоксикалық әсер көрсетпейді

  5. +ульцерогендік әсер көрсетпейді

Тест №305

Пиразолон туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсері


  1. диспепсиялық құбылыстар, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының ойылуы, геморрагия, құлақта шудың пайда болуы, естудің әлсіреуі, ісінулер, аллергия, лейкопения және агранулоцитоз

  2. +диспепсиялық құбылыстар, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының ойылуы, геморрагия, ісінулер, аллергия, лейкопения және агранулоцитоз

  3. ұзақ уақыт үлкен мөлшерде қабылдағанда нефротоксикалық және гепатотоксикалық әсері болуы мүмкін

  4. тыныс орталығының тежелуі, тыныштандыратын әсер, экстрапирамидалық бұзылыс

  5. дәріге тәуелділік шақырады

Тест №306

Транквилизаторларды қолдануға көрсетулер:


  1. ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін жоғарылату үшін

  2. ми қан айналымы бұзылуымен байланысты ақыл-ой жетіспеушілігін, гипоксияны емдеу үшін

  3. депрессия мен субдепрессияны емдеу үшін емдеу үшін

  4. +невротикалық және неврозға ұқсас жағдайларды, ұйқысыздықты емдеу үшін

  5. мания мен көп ұқышылдылықты емдеу үшін

Тест №307

Наркозға арналған эфир мен фторотан деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың әсерлерін


  1. әлсіретеді

  2. +күшейтеді

  3. ұзартады

  4. әсер етпейді

  5. бұрмалайды

Тест №308

1 - тыныштандырғыш, 2 - наркотикалық анальгетиктер:

#r а) натрий бромиді

#r б) морфин

#r в) валериана тұнбасы

#r г) промедол

#r д) фентанил



  1. +1-а, в

  2. +2-б, г, д

  3. 1-в, г

  4. 2-а, б, д

  5. 1- в, д

Тест №309

Нейролептанальгезияда қолданылатын жұптастырылған препараттар:


  1. диазепам (сибазон) + фентанил

  2. +дроперидол + фентанил

  3. диазепам + морфин гидрохлориді

  4. нитразепам + фентанил

  5. нитразепам + налоксон

Тест №310

Этил спирті қолданылады


  1. +дезинфекциялық және антисептикалық зат ретінде

  2. +қармаушы және илік әсер алу үшін

  3. +шокқа қарсы препарат

  4. +тітіркендіргіш зат ретінде

  5. наркозға арналған зат ретінде

Тест №311

Хирург қолын өңдеу үшін қолданылатын этил спиртінің концентрациясы


  1. 12%-ке дейінгі

  2. 20%

  3. 30-40%

  4. +70%

  5. 95-96%

Тест №312

Хирургиялық құралдарды дезинфекциялау үшін қолданылатын этил спиртінің концентрациясы


  1. 12%-ке дейінгі

  2. 30-40%

  3. 70%

  4. +95-96%

  5. 20%

Тест №313

Циклодолдың әсер ету механизмі:


  1. синапстық саңылауда дофаминнің мөлшерін жоғарылатады

  2. моноаминооксидаза В-ны тежейді

  3. дофаминге айналады

  4. дофаминдік рецепторларды ынталандырады

  5. +орталық холиноблокаторлық әсер

Тест №314

Опиатты рецепторлардың агонистері:


  1. ацетилсалицил қышқылы, клофелин

  2. +морфин, промедол

  3. анальгин, парацетамол

  4. пентазоцин, фентанил

  5. налоксон, карбамазепин

Тест №315

Морфиннің анальгетикалық механизмі байланысты:


  1. шеткі сезімтал рецепторларды тежеуге

  2. шеткі тіндердегі простагландиндердің синтезін тежеуге

  3. +опиатты рецепторлармен байланысуға

  4. симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесіндегі ганглиді тежеуге

  5. бензодиазепин рецепторларымен байланысуға

Тест №316

Морфиннің арнайы антагонисі:


  1. унитиол

  2. атропин

  3. +налоксон

  4. прозерин

  5. бемегрид

Тест №317

Бензодиазепин туындыларына жататын ұйықтатқыштардың барбитураттардан артықшылықтары:


  1. +ұйқы құрылымын аз бұзады, емдік әсер кеңдігі үлкен, бауырдың микросомальды ферменттерінің белсенділігіне аз әсер етеді

  2. бауырдың микросомальды ферменттеріне айқын әсер етеді, емдік кеңдігі аз

  3. дәріге тәуелділік және бейімделу шақырмайды

  4. ұйқы құрылымын айқын бұзады

  5. негізгі қасиеттері бойынша бензодиазепиндердің барбитураттардан айырмашылығы жоқ

Тест №318

Аналептиктер:


  1. диазепам, мезапам, зопиклон

  2. фенобарбитал, триазолам, нитразепам

  3. +сульфокамфокаин, кордиамин, этимизол

  4. натрий оксибутираты, пирацетам, аминалон

  5. кофеин, фенамин, мезокарб

Тест №319

Наркотикалық емес анальгетиктердің ауыру сезімін басатын әсерінің механизмі:


  1. ОЖЖ-нің опиатты рецепторларға әсер етуі

  2. +ЦОГ-ны тежеу, простагландиндер синтезінің тежелуі

  3. ауыру импульстарының пайда болуын тежейді

  4. фосфолипазаны тежеу арқылы простагландиндер мен лейкотриендердің синтезін төмендетеді

  5. гистаминдік рецепторларды белсендендіреді

Тест №320

Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:


  1. +диспепсиялық бұзылыстар, АІЖ-ның ойылуы, геморрагиялар, құлақта шу, естудің нашарлауы

  2. диспепсиялық бұзылыстар, АІЖ-ның ойылуы, геморрагиялар, ісіну, аллергия, лейкопения, агранулоцитоз

  3. ұзақ уақыт үлкен мөлшерде қолданғанда бүйректі, бауырды зақымдайды

  4. тыныс орталығын тежейді, тыныштандырады, обстипация

  5. тамыр қозғалтқыш орталығын тежейді

Тест №321

Транквилизаторлардың қолдану көрсеткіштері:


  1. ақыл-ой, физикалық жұмыстарға қабілеттілігін жоғарылату үшін

  2. гипоксия және ми қанайналымының бұзылуы мен байланысты ақыл-ой жетіспеушілігінде

  3. депрессия мен субдепрессияларда

  4. +невротикалық және невроз тәрізді күйлерде, ұйқысыздықта

  5. мания мен ұйқышылдықта

Тест №322

Пирацетамға тән әсерлер:


  1. +ақыл-ой жұмысын жоғарылатады

  2. психостимуляторлық және аналептикалық қасиетті біріктіреді

  3. +бас миының жоғарғы интегративті қызметін белсендіреді, оқу және есте сақтау қабілетін жоғарылатады

  4. қорқыныш, аландаушылық, тынышсыздық сезімдерін жояды, ішкі кернеуді төмендетеді

  5. психоз көріністерінің өнімдерін жояды

Тест №323

Этил спиртімен жедел уланғанда қолданған жөн:


  1. +асқазанды шаю

  2. +ОЖЖ ынталандыратындарды енгізу

  3. миорелаксанттарды қолдану

  4. гипотензивті заттарды енгізу

  5. гистаминге қарсы заттарды енгізу

Тест №324

Морфинмен жедел улану белгілеріне тән:


  1. +тыныс алу орталығының тежелуі

  2. қаңқалық бұлшық еттер тонусының жоғарылауы

  3. дене қызуының көтерілуі

  4. +миоз

  5. іштің қатуы

Тест №325

Морфиннің ауыру сезімін басатын әсерінің механизмі:


  1. шеткі сезімтал рецепторларының тежелуі

  2. +опиатты рецепторларымен әсерлесуі

  3. шеткі тіндердегі простагландиндердің синтезін тежеу

  4. жүйке жүйенің симпатикалық және парасимпатикалық ганглийларының тежелуі

  5. бензодиазепин рецепторларымен әсерлесуі

Тест № 326

Морфинмен уланғанда қолданылады:


  1. анальгин

  2. +налоксон

  3. бупренорфин

  4. таламонал

  5. фенобарбитал

Тест №327

Паркинсонизмді емдеу үшін қолданылады:


  1. +леводопа

  2. фенобарбитал

  3. анальгин

  4. +циклодол

  5. карбамазепин

Тест №328

Фенобарбиталға тән:


  1. +ұйықтатқыш әсер

  2. +эпилепсияның үлкен ұстамаларын алдын алу үшін қолданылады

  3. +кумуляцияға бейімді

  4. +ұзақ қолданғанда дәрілік тәуелділік дамуы мұмкін

  5. қан қысымының жоғарылауы

Тест №329

Транквилизаторлар келесі жағымсыз әсерлерді шақырады:


  1. +дәріге тәуелділік (ұзақ қолданғанда)

  2. +дәріге бейімделу

  3. артериялық қысымның жоғарылауы

  4. ОЖЖ-сі қозғыштығының жоғарылауы

  5. +жыныстық құштарлықтың төмендеуі

Тест №330

Нейролептиктерге тән:


  1. анксиолитикалық әсер - қорқыныш, тынышсыздық сезімдерін жояды, ішкі кернеуді төмендетеді

  2. депрессия және субдепрессияларда қолданылады

  3. +психозға қарсы және психоседативті әсер, психоз көріністерінің өнімдерін жояды

  4. манияны емдеуде таңдамалы әсер және қобалжу (ажиотаж) жағдайларында тиімді

  5. таңдамалы әсері жоқ, ОЖЖ-де тежеу үрдістерін күшейтеді, тыныштандырғыш әсер көрсетеді

Тест №331

Кордиаминге тән:


  1. психостимуляторлық әсер, тыныс пен тамыр қозғалтқыш орталықтарына тікелей және миокардқа ынталандырғыш әсер көрсетеді

  2. тыныс орталығына тікелей ынталандырғыш әсер, бас миының қыртысына тежегіш әсер көрсетеді, бүйрек үсті безінде глюкокортикоидтардың өндірілуін жоғарылатады

  3. +синокаротидті аймақтың Н- холинорецепторларын қоздырады, тыныс орталығының белсенділігін рефлекторлы жоғарылатады, артериялық қысымды жоғарылатады

  4. тыныс пен тамыр қозғалтқыш орталықтарына тікелей ынталандырғыш әсер және тыныс орталығына рефлекторлы ынталандырғыш әсер, артериялық қысымды жоғарылатады

  5. тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді

Тест №332

Камфораға тән фармакологиялық әсерлер:


  1. +тыныс орталығын қоздырады

  2. +артериялық қысымды жоғарылатады

  3. жөтелге қарсы әсер

  4. дәріге тәуелділік шақырады

  5. +тітіркендіргіш әсер көрсетеді

Тест №333

Транквилизаторларға тән:


  1. +қорқынышты, үрейді жою

  2. +ішкі кернеуді төмендетеді

  3. экстрапирамидті бұзылыстар

  4. +психоседативті әсер

  5. +наркоздық және ұйықтатқыш заттардың әсерлерін шамадан тыс күшейту

Тест №334

Фторотандық наркозда қолданылатын прессорлық зат:


  1. адреналин

  2. норадреналин

  3. эфедрин

  4. +мезатон

  5. нафтизин

Тест №335

Наркотикалық емес анальгетиктердің наркотикалық анальгетиктерден айырмашылықтары(4):


  1. +анальгетикалық әсерлері төмен

  2. +ыстықты басатын әсер және бұл топ препараттарының көбінде қабынуға қарсы әсері бар

  3. +тыныштандырғыш және ұйықтатқыш қасиеттері жоқ

  4. +бейімделу және дәріге тәуелділік шақырмайды

  5. тыныс орталығын тежейді

Тест №336

Наркотикалық анальгетиктердің жанама әсерлері(4):


  1. +тынысты тежейді

  2. +бейімделу

  3. асқазанның шырышты қабатының ойылуы

  4. +дәріге тәуелділік

  5. +обстипация (іштің қатуы)

Тест №337

Орталық әсерлі анальгетикалық белсенділігі бар, опиоидты емес заттар(4):


  1. +клофелин

  2. омнопон

  3. +карбамазепин

  4. +азоттың шала тотығы

  5. +димедрол

Тест №338

Анальгетикалық белсенділігі жоғары, әсері қысқа наркотикалық анальгетик(1):


  1. морфин

  2. промедол

  3. +фентанил

  4. омнопон

  5. пентазоцин

Тест №339

Ацетилсалицил қышқылына тән (4):


  1. +ауыру сезімін басады

  2. гипертензивті

  3. +ыстықты басады

  4. +антиагреганттық

  5. +қабынуға қарсы

Тест №340

Эпилепсияға қарсы әсер көрсететін препараттар (4):


  1. +этосуксемид

  2. +фенобарбитал

  3. +карбамазепин

  4. +дифенин

  5. левадопа

Тест № 341

Эпилепсия ұстамаларының барлық түрлерінде қолданылатын препарат(1):


  1. ламотриджин

  2. этосуксимид

  3. фенобарбитал

  4. +клоназепам

  5. карбамазепин

Тест №342

Транквилизаторлардың әсер ету механизмі (1):


  1. дофаминдік рецепторларды қоздырады

  2. адренорецепторларды қоздырады

  3. холинорецепторларды қоздырады

  4. +ГАМК- бензодиазепиндік рецепторлар кешенін қоздырады

  5. серотониндік рецепторларды қоздырады

Тест №343

Кофеиннің әсер ету механизмі (1):


  1. мидың адренорецепторларын қоздырады

  2. мидың холинорецепторларын қоздырады

  3. +аденозиндік рецепторларды тежейді

  4. мидың дофаминдік рецепторларын қоздырады

  5. мидың серотониндік рецепторларын қоздырады

Тест №344

Аналептиктердің әсер ету механизмі (1):


  1. +қозу үрдістерін күшейту немесе тежегіш механизмдерді басу

  2. мидың адренорецепторларын қоздыру

  3. мидың холинорецепторларын қоздыру

  4. мидың дофаминдік рецепторларды қоздыру

  5. мидың серотониндік рецепторларын қоздыру

Тест №345

Кофеинге тән әсерлер (4):


  1. +бас миы қыртысын қоздырады

  2. +тыныс орталығын қоздырады

  3. +кезбе жүйкенің орталығын қоздырады

  4. көз қозғалтқыш жүйкенің орталығын қоздырады

  5. +тамыр қозғалтқыш орталығын қоздырады

Тест №346

Ұйқы үрдістерінің бұзылуында қолданылатын препарат (1):


  1. кетамин

  2. +триазолам

  3. натрий тиопенталы

  4. карбамазепин

  5. дифенин

Тест №347

Беткейлік ұйқыда қолданылатын зат (1):


  1. +фенобарбитал

  2. триазолам

  3. дифенин

  4. карбамазепин

  5. этосуксемид

Тест №348

"Жылдам" ұйқы кезеңін бұзатын ұйықтатқыш зат (1):


  1. +фенобарбитал

  2. нитразепам

  3. диазепам

  4. натрий оксибутираты

  5. феназепам

Тест №349

Практикалық медицинада қолданылатын этил спиртінің әсерлері (4):


  1. наркотикалық

  2. +тітіркендіргіш

  3. +қармаушы

  4. +антисептикалық

  5. +өкпе ісінуінде көбік басатын зат ретінде

Тест №350

Адреналинмен фармакологиялық үйлеспейтін наркоздық зат (1):


  1. наркозға арналған эфир

  2. +фторотан

  3. азоттың шала тотығы

  4. пропанидид

  5. натрий оксибутираты

Тест №351

Мидың органикалық зақымдануына байланысты ақыл-ойдың жетіспеушілігінде қолданылатын ноотропты заттар (1):


  1. аминазин, галоперидол

  2. мезокарб, фенамин

  3. +пирацетам, аминалон

  4. диазепам, феназепам

  5. имизин, амитриптилин

Тест №352

Аралас әсерлі аналептикке жатады (1):


  1. бемегрид

  2. кофеин

  3. +кордиамин

  4. цититон

  5. этимизол

Тест №353

Опиумның жаңа гален препараты (1):


  1. морфин

  2. промедол

  3. +омнопон

  4. фентанил

  5. просидол

Тест №354

Қозу кезеңі айқын наркозға арналған зат (1):


  1. азоттың шала тотығы

  2. +наркозға арналған эфир

  3. фторотан

  4. кетамин

  5. натрий оксибутираты

Тест №355

Мидың және жүрек тіндерінің гипоксияға төзімділігін жоғарылататын препарат (1):


  1. натрий тиопенталы

  2. пропанидид

  3. кетамин

  4. +натрий оксибутираты

  5. азоттың шала тотығы

Тест №356

Этил спирті наркоздық зат ретінде қолданылмайды, өйткені (2):


  1. +наркотикалық әсерінің кеңдігі аз

  2. хирургиялық наркоз кезеңі жоқ

  3. +қозу кезеңі айқын

  4. ОЖЖ-не әсер етпейді

  5. ОЖЖ қоздырады

Тест №357

Фенобарбиталға тән негізгі қасиеттер (4):


  1. +ұйықтатқыш әсер

  2. +эпилепсияның ұлкен ұстамаларының алдын алу үшін

  3. +кумуляцияға түседі

  4. +ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік тууы мүмкін

  5. артериялық қысымның жоғарылауы

Тест №358

Циклодолға тән негізгі қасиеттер (3):


  1. +орталық және шеткі холинорецепторларды тежейді

  2. адренорецепторларды тежейді

  3. +ауыз қуысының шырышты қабатын құрғатады, тахикардия және аккомодация бұзылыстарын шақырады

  4. +ацетилхолиннің синтезін тежейді

  5. серотониндік рецепторларды тежейді

Тест №359

Леводопаға тән (3):


  1. +тіндік тосқауылдардан өтеді және дофа-декарбоксилаза көмегімен дофаминге айналады

  2. +Паркинсон ауруында қолданылады

  3. +жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, гипотензия, аритмиялар

  4. дофаминдік рецепторларға тікелей қоздырғыш әсер

  5. холинорецепторларға тежегіш әсер

Тест №360

Экстрапирамидті бұзылыстар шақырмайтын нейролептиктер (2)


  1. +клозапин

  2. аминазин

  3. +сульпирид

  4. галоперидол

  5. дроперидол

Тест №361

Транквилизаторларды қолдануға негізгі көрсетулер (3):


  1. +хирургиялық операциялар алдында премедикация үшін

  2. +невроз және невроз тектес жағдайлар

  3. +ұйқысыздықта, эпилепсия және бұлшық еттерінің гипертонусымен жүретін неврологиялық бұзылыстарда қолданылады

  4. нарколепсияда, депрессияда

  5. гипотензияда

Тест №362

Кофеинге тән негізгі қасиеттер (4):


  1. +психостимуляторлық және аналептикалық әсерлері бар

  2. +ақыл-ойлық және физикалық жұмыстарға қабілеттілікті, қозғалыс белсенділігін жоғарылатады

  3. +шаршауды, ұйқышылдықты жояды

  4. +тыныс пен тамыр қозғалтқыш орталықтарына және миокардқа тікелей ынталандырғышәсер көрсетеді

  5. бронхтардың тонусын жоғарылату

Тест №363

Пирацетамға тән (4):


  1. +ГАМК-тың жүйелік туындысы

  2. +ішектен тез сорылады, тіндік тосқауылдардан өтеді

  3. +гипоксияға және тырысуға қарсы әсерлері бар

  4. +зат алмасуға және ми қан айналымына оң әсер көрсетеді

  5. психоздарда қолданылады

Тест №364

Ингаляциялық наркоз үшін қолданылатын препараттар (3):


  1. +наркозға арналған эфир

  2. +фторотан

  3. +азоттың шала тотығы

  4. кетамин

  5. пропанидид

Тест №365

Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар (3):


  1. +тиопентал-натрий

  2. +пропанидид

  3. +кетамин

  4. фторотан

  5. наркозға арналған эфир

Тест №366

Опиатты рецепторлардың агонист – антагонистері (3):


  1. +буторфанол

  2. +фентанил

  3. +пентазоцин

  4. омнопон

  5. морфин

Тест №367

Наркотикалық (опиоидты) анальгетиктер тобының препараттары (4):


  1. +омнопон

  2. +промедол

  3. +фентанил

  4. +просидол

  5. парацетомол

Тест №368

Наркотикалық емес анальгетиктер (3):


  1. +анальгин

  2. +парацетамол

  3. +ацетилсалицил қышқылы

  4. пентазоцин

  5. налоксон

Тест №369

Затты анықтау. Қанқа бұлшық етінің жеткілікті релаксациясыз терең емес наркоз шақырады. Аналгетикалық әсері айқын.Оттегімен бірге қолданылады. Наркозға енгізу үшін және миокард инфарктінда ауыру сезімін басу үшін қолданылады (1):


  1. наркозға арналған эфир

  2. фторотан

  3. натрий оксибутираты

  4. +азоттың шала тотығы

  5. пропанидид

Тест №370

Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қолданылады (1):


  1. +налоксон

  2. атропин

  3. буторфанол

  4. унитиол

  5. парацетамол

Тест №371

Затты анықтау. Ксантин туындысы. Қажу кезінде жұмыс қабілетін арттырады, қабылдауды жеңілдетеді. Тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталығын ынталандырады. Жүректің, көлденең салалы бұлшық еттердің тамырларын кеңітеді, құрсақ қуысының тамырларын тарылтады. Жүректің жұмысын күшейтеді (1):.


  1. бемегрид

  2. кордиамин

  3. этимизол

  4. +кофеин

  5. цититон

Тест №372

Затты анықтау. Қозу сатысы айқын терең наркоз шақырады. Наркоздық кеңдігі үлкен. Тыныс жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді. Өртке қауіпті (1):


  1. фторотан

  2. азоттың шала тотығы

  3. тиопентал натрий

  4. +наркозға арналған эфир

  5. кетамин

Тест №373

Морфин алынатын өсімдікті көрсету (1):


  1. дәрілік валериана

  2. мамырлық меруертгүл

  3. кәдімгі красавка

  4. +ұйықтатқыш көкнәр (мак)

  5. жанаргүл

Тест №374

Эйфория, бейімделу, дәріге тәуелділік, енгізуді кенеттен тоқтатқанда абстиненция шақыратын дәрілік зат (1):


  1. пилокарпин гидрохлориді

  2. парацетомол

  3. +морфин гидрохлориді

  4. ацетилсалицил қышқылы

  5. бутадион

Тест №375

Препаратты анықтау. Пиперидин туындысына жататын анальгетик, ауыру сезімін басатын белсенділігі морфиннен 2-3 рет төмен, әсер ету ұзақтығы 3-4 сағ, тынысты азырақ тежейді, тегіс салалы бұлшық еттердің тонусын (несеп ағар, бронх) төмендетеді, немесе жоғарылатады (ішек, өт жолдары), бірақ спазмолитикалық белсенділігі морфиннен төмен. Миометрияның жиырылғыш белсенділігін біршама кұшейтеді, АІЖ-нан жағсы сорылады (1):


  1. буторфанол

  2. фентанил

  3. налоксон

  4. +промедол

  5. омнопон

Тест №376

Препаратты анықтау. Пиперидин туындысына жататын анальгетик, аналгетикалық белсенділігі өте күшті, морфиннен 100 есе жоғары, қысқа әсер етеді (20-30 мин), тынысты кұшті тежейді, көктамырға енгізгенде тынысты қысқа уақыт тоқтауы (ересектерде 2 минутқа дейін) мүмкін. Нейролептанальгезияда қолданылады. (1):


  1. ацетилсалицил қышқылы

  2. парацетомол

  3. +фентанил

  4. буторфанол

  5. промедол

Тест №377

Ацетилсалицил қышқылын қабылдаған соң, оның ульцирогендік әсерін болдырмау үшін қабылдау қажет (1):


  1. +крахмал қоймалжыңын

  2. активтелген көмірді

  3. анестезинді

  4. емен қабығының қайнатпасын

  5. тальк

Тест №378

Науқас К.М. басының үнемі ауыруына, құлақта шу пайда болуына, көрудің нашарлауына, диспепсиялық бұзылыстарға, теріде бөртпелер, геморрагия пайда болғанына шағымданды. Айтылған шағымдар ревматизмдік артритті емдеу үшін ұзақ уақыт наркотикалық емес анальгетикті қабылдаған соң дамыған. Науқас қандай препарат қабылдады? (1):


  1. +ацетилсалицил қышқылын

  2. парацетомолды

  3. анальгинді

  4. бутадионды

  5. кеторолакты

Тест №379

Морфинді қабылдауды кенеттен тоқтатқанда нашақорда көзден жас ағу, мұрыннан су ағу, тершеңдік, есінеу, қолдың дірілі, қалтырау, лоқсу, құсу, үрей, мазасыздық, агрессия, ашуланшақтық, қолайсыз түстер көру байқалды. Аталған құбылыс қалай аталады? (1):


  1. +абстиненция

  2. обстипация

  3. тахифилаксия

  4. сенсиблизация

  5. әсерін күшейту (потенцирлеу)

Тест №380

Созылмалы маскүнемдікпен ауыратын науқаста 5-күн қатарынан ішімдік ішкен соң қорқынышты түстер көру, үрей, мазасыздық пайда болды. Науқас уақыттың қанша болғанын, өзінің қайда екенін ажырата алмайды, өзін орманда жүрмін деп есептеп, алып шыбындар, шегірткелердің шабуылынан қашып, оларды жоюға тырысады. Науқасқа көмек көрсету үшін қандай топтың препараттарын қолдануға болады? (1):


  1. +транквилизаторлар

  2. нейролептиктер

  3. тыныштандыратын заттар

  4. антидепрессанттарды

  5. психостимуляторлар

Тест №381

Препаратты анықтау: анксиолитикалық, ұйықтатқыш және орталықтанған миорелаксациялық қасиеттері бар және мидағы ГАМК-ергиялық үрдістерді белсендендіреді, эпилепсияға қарсы, эпилепсиялық статусты жою үшін қолданады (1):


  1. дифенин

  2. этосусимид

  3. +диазепам

  4. ламотриджин

  5. натрий вальпроаты

Тест №382

Леводопа мен карбидопаны бір мезгілде қолданғанда (1):


  1. +левадопаның шеткері тіндерге жанама әсері азаяды

  2. левадопаның паркинсонға қарсы әсері күшейеді

  3. ОЖЖ-не левадопаның жанама әсері азаяды

  4. левадопаның паркинсонға қарсы әсері азаяды

  5. левадопаның дофаминге айналуы жылдамдайды

Тест №383

Дәрілік паркинсонизмде корректор ретінде қолданатын препарат (1):


  1. мидантан

  2. левадопа

  3. +циклодол

  4. селегимен

  5. бромокриптин

Тест №384

Затты анықтау: дофаминнің ізашары болып табылады, препаратты қолданғанда ОЖЖ-де дофаминнің мөлшері жоғарылайды. Паркинсонизмді емдеуге қолданады (1):


  1. мидантан

  2. +леводопа

  3. циклодол

  4. селегимин

  5. бромокриптин

Тест №385

Препаратты анықтау: көк тамырға енгізгенде наркозды 1-2 мин кейін шақырады, наркоздың ұзақтығы шамамен 30 мин, май тіндерінде қорланады. Бауыр жетіспеушілігінде қолдануға болмайды (1):


  1. кетамин

  2. пропанидид

  3. +тиопентал-натрий

  4. азоттың шала тотығы

  5. фторатан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет