Жалпы медицина факультетінің студенттеріне арналған


- тарау. Зат алмасу үрдісіне әсер ететін дәрілік заттар



бет4/6
Дата11.06.2020
өлшемі154,35 Kb.
#73000
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фарма тест былтыр
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, abai kunanbayev1 (1), Психология пəнінен тест жауаптары
5- тарау. Зат алмасу үрдісіне әсер ететін дәрілік заттар

( 386 – 421дейін)
Тест №386

Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар, бронхиалды демікпенің ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын заттарға жатады (1):



  1. кромолин-натрий

  2. +кетотифен

  3. ипратропиум бромиді

  4. беклометазон дипропионаты

  5. эуфиллин

Тест №387

Препаратты анықтау: айқын қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы, ауру сезімін басатын және ыстықты түсіретін әсерлері бар, артрит, невралгия, бас ауруы, ревматизмде қолданылады. Жанама әсерлері – гастриттің, асқазанның ойық жарасының асқынуы, асқазаннан қан кету, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылысы (1):


  1. парацетамол

  2. промедол

  3. омнопон

  4. фентанил

  5. + ацетилсалицил қышқыл

Тест № 388

Иммундық үрдістерді тежейтін заттарға жатады (4)


  1. +циклоспорин

  2. +пеницилламин

  3. +азатиоприн

  4. Т-активин

  5. +глюкокортикостероидтар

Тест № 389

Студентте емтиханның алдында өсімдіктің гүлдеуіне байланысты аллергиялық риниттің және конъюнктивиттің айқын белгілері дамыды. Аллергияны тоқтату үшін қандай препаратты қабылдауға кеңес берер едіңіз? (1)


  1. димедрол

  2. +диазолин

  3. пирензепин

  4. преднизолон

  5. атропин

Тест 390


Ацетилсалицил қышқылының антиагреганттық әсері байланысты (1)

  1. фосфодиэстеразаны тежеуге және тромбоциттерде цАМФ-тың мөлшерін жоғарылатуға

  2. +циклооксигеназаны тежеуге және тромбоксанның түзілуіне кедергі жасаумен

  3. тромбоциттердің аденилатциклазасын ынталандыруға

  4. тромбоциттердің аденилатциклазасын тежеуге

  5. тромбоциттердің агрегациясын шақыратын АДФ-тың шығуына әсер етуге

Тест № 391

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың жанама әсерлері (2)


  1. гипокалиемия, дәріге тәуелділік даму

  2. бүйрек үсті безін тежейді, остеопороз

  3. +диспепсиялық бұзылыстар, АІЖ ойылуы

  4. +аллергиялық реакциялар

  5. гипертензия

Тест № 392

Ацетилсалицил қышқылының негізгі қасиеттері (4)


  1. +қабынуға қарсы

  2. +ыстықты түсіретін

  3. +антиагреганттық

  4. зәр қышқылының экскрециясын артыру

  5. +ауыру сезімін басатын

Тест № 393

Аллергиялық реакцияның жедел және баяу дамитын түрінде қолданылатын препараттар тобы (1)


  1. гистаминге қарсы препараттар

  2. серотонинге қарсы препараттар

  3. брадикининге қарсы препараттар

  4. цитостатиктер

  5. +глюкокортикостероидтар

Тест № 394

Гистаминге қарсы препараттар (4)


  1. +димедрол

  2. +ципрогептадин

  3. +фенкарол

  4. +тавегил

  5. фамотидин

Тест № 395

Н1-гистаминдық рецепторлардың тежегіштері қолданылады (4)


  1. +шөп қызбасы (сенная лихорадка)

  2. +есекжем

  3. +сарысу ауруы

  4. +вазомоторлы ринит

  5. гиперацидті гастрит

Тест № 396

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың негізгі әсер ету механизмін белгілеу (1)


  1. +циклооксигеназа ферментін тежейді

  2. фосфолипаза ферментін тежейді

  3. МАО ферментін тежейді

  4. КОМТ ферментін тежейді

  5. холинэстераза ферментін тежейді

Тест № 397

Ацетилсалицил қышқылын қолдануға көрсетулер (4)


  1. +қабыну үрдісімен бірге жүретін ауыру синдромында

  2. +қабыну үрдісімен бірге жүретін қант диабетінде

  3. +коронарлық және мидың қан айналымы бұзылуының алдын алу үшін

  4. +созылмалы тромбофлебитте

  5. қабыну үрдісімен бірге жүретін гиперацидтік гастритте

Тест № 398

Пиразолон туындысына жататын қабынуға қарсы заттардың жанама әсерлері (3)


  1. +асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының ойылуы

  2. остеопороз

  3. +ағзада сұйықтықтың ұсталуы

  4. +лейкопения

  5. тромбоцитопения

Тест № 399

Белсенділігі жоғары және жанама әсері аз қабынуға қарсы стероидты емес зат (1)


  1. индометацин

  2. бутадион

  3. ибупрофен

  4. +диклофенак-натрий

  5. ацетилсалицил қышқылы

Тест № 400

Вирустарға қарсы белсенділігі бар иммуностимулятор


  1. Т-активин

  2. +интерферон

  3. пирогенал

  4. левамизол

  5. натрий нуклеинаты

Тест № 401

Наркотикалық емес анальгетиктер - салицил қышқылы, пирозолон және парааминофенол туындыларына тән жалпы қасиеттер


  1. +ауыру сезімді басатын

  2. +ыстықты түсіретін

  3. +циклооксигеназа ферментін тежеу, простагландин синтезін тежеу

  4. +анальгетик ретінде бас, тіс ауырғанда, невралгияда қолданылады

  5. аллергияға қарсы

Тест № 402

Н2-гистаминдік рецепторларды тежейтіндерге жатады


  1. диазолин

  2. дипразин

  3. +ранитидин

  4. фенкарол

  5. супрастин

Тест № 403

Гистаминге қарсы ОЖЖ-н тежемейтін, ұзақ уақыт әсер ететін препарат


  1. димедрол

  2. дипразин

  3. тавегил

  4. супрастин

  5. +диазолин

Тест № 404

Алкилдеуші топқа жататын иммунодепрессант


  1. +циклофосфан

  2. меркаптопурин

  3. метотрексат

  4. циклоспорин А

  5. хингамин

Тест № 405

Препаратты анықтау: күшті иммуностимулятор, макрофагтардың белсенділігін жоғарылатады, гельминттерге қарсы әсері бар, Т-лимфоциттердің ізашарларының жетілуін ынталандырады.


  1. пирогенал

  2. натрий нуклеинаты

  3. интерферон

  4. +левамизол

  5. т-активин

Тест № 406

Затты анықтау.

Қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы, ауыру сезімін басатын, дене қызуын төмендететін айқын әсері бар, артритте, невралгияда, бас ауырғанда, ревматизмде қолданылады. Жанама әсерлері: гастриттің, ойық жара ауруының ушығуы, асқазаннан қан кету, аллергиялық реакциялар, естудің төмендеуі байқалады.



  1. парацетамол

  2. промедол

  3. омнопон

  4. фентанил

  5. +ацетилсалицил қышқылы

Тест № 407

Қабынуға қарсы стероидты заттарға тән әсерлер


  1. +қабынуға қарсы

  2. +аллергияға қарсы

  3. иммунитетті ынталандырушы

  4. гипогликемиялық

  5. +минералокортикоидтық

Тест № 408

Дұрыс тұжырымдар


  1. +диклофенак-натридің қабынуға қарсы белсенділігі жоғары және жанама әсері аз

  2. +қабынуға қарсы стероидты заттардың жанама әсеріне гипергликемия және остеопороз жатады

  3. +глюкокортикоидтар жылдам дамитын және баяу дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылады

  4. метотрексат - иммуностимулятор тобына жатады

  5. +гистаминге қарсы зат - диазолин ОЖЖ-не тыныштандыратын әсер көрсетпейді

Тест № 409

Затты анықтау.

Иммунодепрессантқа жатады. Хинолин туындысы, қабынуға және аритмияға қарсы әсері бар. Коллагенозда, безгекте, ішектен тыс орналасқан амебиазда қолданылады.



  1. +хингамин

  2. циклоспорин

  3. азатиоприн

  4. циклофосфан

  5. меркаптопурин

Тест № 410

Гистаминнің гистаминдік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайды


  1. кромолин- натрий

  2. иммунодепрессантар

  3. иммуностимуляторлар

  4. +гистаминге қарсы заттар

  5. адреномиметиктер

Тест № 411

Дұрыс тұжырымдарды белгілеу:


  1. +димедрол - гистаминге қарсы зат

  2. кромолин-натрий – адреномиметик

  3. преднизолон – иммуностимулятор

  4. +преднизолон – глюкокортикостероид

  5. диазолин – иммунодепрессант

Тест № 412

Димедролға тән


  1. +есекжемде қолданылады

  2. ОЖЖ-сін қоздырады

  3. асқазанда НСІ бөлінуін жоғарылатады

  4. +тыныштандарғыш әсер көрсетеді

  5. депрессияға қарсы әсер көрсетеді

Тест № 413

Қабынуға қарсы стероидты емес заттардың жанама әсері


  1. +ульцирогенді әсер

  2. гипотензивті әсер

  3. аритмияға қарсы әсер

  4. иммуностимуляторлық әсер

  5. гипергликемиялық әсер

Тест № 414

Аллергиялық реакциялардың тек профилактикасы үшін қолданылатын препарат


  1. преднизолон

  2. димедрол

  3. +кетотифен

  4. гидрокортизон

  5. лоратидин

Тест № 415

Биологиялық белсенді заттардың босап шығуына кедергі жасайтын препараттар тобы


  1. +глюкокортикоидтар

  2. бета-адреноблокаторлар

  3. М-холиномиметиктер

  4. альфа-адреноблокаторлар

  5. иммуностимуляторлар

Тест № 416

Препаратты анықтау: қабынуға қарсы стероидты емес зат, индолсірке

қышқылының туындысы, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін, ауыру сезімін басатын әсерлері бар



  1. преднизолон

  2. +индометацин

  3. диклофенак-натрий

  4. пироксикам

  5. напроксен

Тест № 417

Кетотифеннің әсер ету механизмі


  1. +гистаминдік рецепторларды тежейді

  2. серотониндік рецепторларды тежейді

  3. +мес жасушалардың мембранасын тұрақтандырады

  4. лизосомалдық мембраналарды тұрақтандырады

  5. лейкоциттердің мембранасын тұрақтандырады

Тест № 418

Вирустарға қарсы белсенділігі бар имуностимулятор


  1. преднизолон

  2. циклоспорин

  3. диазолин

  4. метилурацил

  5. +интерферон

Тест № 419

Қабынуға қарсы әсері бар алтын препараты


  1. +кризанол

  2. бронхомунал

  3. хингамин

  4. пеницилламин

  5. метилурацил

Тест № 420

Иммунодепрессивті әсері бар препараттар


  1. левамизол, интерферон

  2. Т-активин, циклоспорин,

  3. +хингамин, пеницилламин

  4. кризанол, лизоцим

  5. метилурацил, бронхомунал

Тест № 421

Препаратты анықтау: белокты құрылысты иммуностимулятор, Т-лимфоциттердің жетілуін ынталандырады, иммунитет тапшылық жағдайларда қолданылады


  1. левамизол

  2. +Т-активин

  3. преднизолон

  4. кризанол

  5. циклоспорин





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет