Жалпы орта білім беру деңгейінің 11- сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/6
Дата07.10.2022
өлшемі43,58 Kb.
#152138
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 сынып Оразбек Әтіркүл Жаhандық құзіреттілік
КТП-Жаһандық 5-11 сыныптар

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы «3» тамыздағы
№ 348 бұйрығына
-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 11- сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы

1. Жалпы ережелер



  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген.

  2. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

  3. Курстың мақсаты: білім алушылардың кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша базалық білім алуы; өз таңдауы үшін жауапкершілікке дағдыландыру және кәсіпкерлік тұрғыда ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін дағдылардың практикалық базасын құру.

  4. Оқыту міндеттері:

  1. білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қалыптастыру;

  2. кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін

мүмкіндіктерді көре білуді дамыту;

  1. білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  2. бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдысына ие болу;

  3. бизнестің өмір сүруін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгеретін жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;

  4. зерттеу жүргізу, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

  5. өзінің жетістіктері мен өзінің өмірлік ұстанымы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады.

5. «Жаһандық құзыреттіліктер» оқу пәнінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  1. Қазақстан кәсіпкерлігінің даму тарихы, практикасы және

ерекшелігі негізінде пәнді құру;

  1. оқу процесін интерактивтік, зерттеу, топтық әдістемелер мен оқыту технологияларын қолдана отырып, ұйымдастыру;

  2. жаппай кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық және әлемдік нарықтық үрдістерін ескере отырып, сұранысқа ие XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру (кәсіпкерлік өмір салты ретінде);

  3. саналы өмірлік ұстанымды қалыптастыру және өз қызметін таңдауы үшін жауапкершілікті қабылдау мақсатында коучингтік тәсілдерді пайдалану;

  4. практикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыруға, процесті геймификациялау арқылы бастапқы тәжірибені қалыптастыруға

бағытталған тренингтік форматты пайдалану;

  1. синергетикалық әсер алу мақсатында аймақаралық деңгейде курсты игеру шеңберінде ақпарат алмасу, өзара іс-қимыл жасау үшін мектептің интернет-қоғамдастығын құру;

  2. электрондық кітапханалық базаның және жұмыс материалдары базасының on-line порталы, білім алушылар, әлеуетті стартаптар, жұмыс істеп тұрған бизнес пен инвесторлар арасындағы коммуникациялардың вебинарлық және қонақжай алаңы арқылы ұйымдастыру;

  3. білім беру процесін автоматтандырылған модельдеу арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізу дағдыларын дамытатын мамандандырылған онлайн - және офлайн ойындармен қолдау;

  4. клиенто-бағдарлау дағдыларын дамыту үшін дизайн-ойлау қағидаттарын пайдалану;

  5. барынша тиімді практикалық және әдіснамалық сонымен қатар, басқа қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасауға ықпал ететін инфрақұрылым құру

6. «Жаһандық құзыреттіліктер» оқу курсының оқу жүктемесінің көлемі 11-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет