Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет17/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
4. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны


16. «Адам және дүние» (9 сағат):
«Адам және оның дүниетанымы» (2 сағат), дүниетаным ұғымы, дүниетаным құрылымы, дүниетанымның негізгі элементтері, дүниетанымның қоғамдық-тарихи және жеке сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық дүниетаным;
«Дүниетанымның тарихи үлгілері», мифологиялық, діни, философиялық дүниетанымның ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық дүниетанымдағы адамның бейнесі, жаратылыстану ғылыми дүниетанымдағы адам және әлем;
«Адамның дүниеге деген танымдық қатынасы» (3 сағат), әлемді тану мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезінушілік және тиімді таным, ақиқат ұғымы, оның өлшемдері, жаратылыстану ғылыми білімдер ерекшелігі;
«Ғылыми таным», ғылымның пайда болуы, ғылыми ойдың негізгі ерекшеліктері, ғылыми зерттеу әдістері, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;
«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі ұғым, ақпарат, білім, даналық, білім және білімділік, өзіндік білімнің қажеттілігі, өмір бойғы білім, жаратылыстану ғылыми білімінің ерекшелігі;
«Еркіндік, қажеттілік және адамзат қызметіндегі жауапкершілік» (3 сағат), адам өміріндегі құндылықтар, құндылық туралы ұғым, құндылықты таңдау мәселесі, құндылық және өмірлік бағыт, адамның өмірі құндылық ретінде;
«Еркіндік және қажеттілік» еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік саналы қажеттілік;
«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі, еркіндік адамның тұлғасы қалыптасуының шарты, тұлғаның өз өмірі үшін жауапкершілігі;
Қайталау (1 сағат).
17. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (14 сағат):
«Қазіргі қоғам» (2 сағат), қоғамдық дамудың заңдылықтары, эволюция және революция сияқты әлеуметтік өзгерістің формалары, қоғамдық үдеріс ұғымы, оның қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриялы қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы;
«Қазіргі өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі қоғам және өркениет, жаһандану үдерісі, жаһандануға қарсылық, компьютерлік революция, қоғам және адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатері алдында, ғаламдық мәселелерді шешудегі жаратылыстану ғылымдарының ролі;
«Әлеуметтік қатынастар» (3 сағат), әлеуметтену үдерістері, индивидтің әлеуметтенуі, тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;
«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі, нормалары, құндылықтары, отбасындағы тұлға аралық қатынастар, отбасылық қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту;
«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық тұтастықтар, ұлттық сана, қазіргі әлемдегі ұлтаралық қатынастың дамуы, ұлтаралық жанжалдың себептері және оның шешімі, ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі ретінде;
«Нарықтық субъектінің экономикалық тәртібі» (3 сағат), тұтынушының экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы тұтынушының тәртібі, табыс бастаулары, қорлар, тұтынушының шығындары, тұтыну бюджеттін жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;
«Өндірушінің экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы өндірушінің тәртібі», өндіріс және өндірістік факторлар, бизнестің ұйымдастырудың негізгі формасы (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам), ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың шығыны мен пайдасы;
«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген бәсекелестік, монополистік бәсеке, олигополия, монополия, экономиканы монополиялаудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;
«Саяси жүйе» (2 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен белгілері, мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары (басқару формасы, әкімшілік-аумақтық құрылымы), саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;
«Азаматтың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясаттың негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін өзі басқару, саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлдері, Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар;
«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани мұра және оның қоғамдағы маңызы, руханилық және ғылыми-техникалық революция;
«Тұлғаның адамдық негіздері», руханият және адамгершілік, тұлғаның адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз және ұят, моралдік идеал, отаншылдық және азаматшылдық, тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері;
«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар және бірлестіктер, қазіргі қоғам өміріндегі оның рөлі, ар-ождан еркіндігі және діни төзімділік, дін және жаратылыстану ғылыми ой, діни жән діни емес дүниетанымдардың диологы, діни экстремизмнің алдын алу;
қайталау (1 сағат).
18. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (10 сағат):
«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (2 сағат), конституциялық құқық және міндеттер, адам құқығы ұғымы, азаматтық ұғымы, адамның және азаматтың құқығы, адамның және азаматтың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар және азаматтар құқығы мен бостандығының конституциялық кепілі;
«Адамның құқықтары және оны қорғау», Қазақстан азаматтары құқығы мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау, адам құқығын халықаралық-құқықтық қорғау, адам құқығын қорғаудың әмбебап, арнаулы аймақтық халықаралық құжаттары;
«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқықтың негіздері, азаматтық құқық ұғымы және негізгі көздері, азаматтық құқықтың ұстанымдары, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке толмағандар мүліктік қатынасқа қатысушылар ретінде, азаматтық-құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;
«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығы ұғымы және негізгі көздері, еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек шартын бекіту және бұзу, кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері, жұмыс және демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;
«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы және негізгі көздері, отбасылық құқықтың негізгі түсінігі, некелік-отбасылық құқықтың принциптері, неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату, ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары;
«Экологиялық құқық негіздері (құқықтың кешенді, жеке-бұқаралық саласы), экологиялық құқық ұғымы және негізгі көздері, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын негізгі нысан, табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы мен міндеттері, экологиялық тәртіп бұзушылық және ол үшін жауаптылық;
«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (3 сағат), әкімшілік құқық негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі көздері, негізгі және туынды нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі негізгі бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;
«Қылмыстық құқық негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі көздері, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;
«Қаржылық және салықтық құқық негіздері», қаржылық және салықтық құқық ұғымы және негізгі көздері, салық салу принциптері, салықтық саясат, салық төлеуші ұғымы, салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері, бюджет ұғымы мен оның түрлері;
қайталау (1 сағат);
19. Қорытынды қайталау (1 сағат).



Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет