Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы



бет2/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)



  1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.



  1. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

  2. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

  2. оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

  3. тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

  4. жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

  5. еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

  6. қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.

  1. Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

  1. «Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;

  2. «Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталуы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.

  3. «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.

5. Оқу жүктемесінің көлемі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.





  1. Каталог: files -> blogs
    blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
    blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
    blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
    blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
    blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет