Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы



бет4/4
Дата31.05.2020
өлшемі123,66 Kb.
#71852
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу-бағдарламасы Алгебра-и-начала-анализа 10-11-сынып

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар
1) 10-сынып



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру

10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;

10.4.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);.



Функцияның қасиеттері

10.2.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;

10.4.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияның мәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;



11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

Бөлшек-сызықты функция

10.4.1.5 - , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу;

Күрделі және кері функция ұғымдары

10.4.1.6 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

10.4.1.7 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;



Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;

Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу

10.2.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;


Кері тригонометриялық функциялар

Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс

10.2.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;

10.2.3.5 - кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;

10.2.3.6 - кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендірулер орындау;


Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер

10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу;

2-тоқсан

Тригонометриялық теңдеулер

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.9 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;



Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері

10.2.3.10 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;

10.2.3.12 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.13 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;

10.2.3.14 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;

10.2.3.15 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;

10.2.3.16 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу;


Тригонометриялық теңсіздіктер

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;



Ықтималдық

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы

10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

10.3.1.5 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;


Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;



Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);



Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы

10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;



Бернулли формуласы және оның салдарлары

10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;

10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;



Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері

10.4.2.3 - нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру;

3-тоқсан

Көпмүшелер

Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі

10.2.1.1 - бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау;

Біртекті және симметриялы көпмүшелер

10.2.1.2 - симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу;

Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі

10.2.1.3 - бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу;

10.2.1.4 - бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу;



Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу

10.2.1.5 - көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу;

10.2.1.6 - көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін  формулаларын қолдану;

Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу

10.2.1.7 - көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау;

Безу теоремасы, Горнер схемасы

10.2.1.8 - Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану;

10.2.1.9 - симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану;

10.2.1.10 - көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану;


Анықталмаған коэффициенттер әдісі

10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану.

Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема

10.2.1.11 - бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану;

Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер

10.2.2.1 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану;

10.2.2.2 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану;



Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы

10.2.1.12 - жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану;


Функцияның шегі және үзіліссіздігі

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі

10.4.1.8 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

10.4.1.9 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;



Функция графигінің асимптоталары

10.4.1.10 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу;

Сан тізбегінің шегі

10.4.1.11 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;

Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі

10.4.1.12 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;

10.4.1.13 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;



Шектерді табу. Бірінші тамаша шек

10.4.1.14 - шектерді есептеуде және  түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану;

10.4.1.15 - бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу;



Туынды

Туындының анықтамасы

10.4.1.16 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;

10.4.1.17 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

10.4.1.18 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;


Функция дифференциалы ұғымы

10.4.1.19 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;

10.4.1.20 - функция дифференциалын табу;



Туынды табу ережелері

10.4.1.21 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

Күрделі функция туындысы

10.4.1.22 - күрделі функцияның туындысын табу;

Тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.23 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;

Кері тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.24 - кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

10.4.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.4.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;




Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;

4-тоқсан

Туындының қолданылуы

Функцияның өсу және кему белгілері

10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;



Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;

10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;



Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу

10.4.1.30 - функцияның екінші ретті туындысын табу;

10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,

10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу;


Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу.

10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

10.4.1.34 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;

Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалар

10.3.2.9 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;

Дискретті кездейсоқ шамалар

10.3.2.10 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.3.2.11 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;



Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы

10.3.2.12 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары

10.3.2.13 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.3.2.14 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.3.2.15 - дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын


Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы

10.3.2.16 - дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін ажырата білу: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім, гипергеометриялық үлестірім;

10.3.2.17 - үлкен сандар заңының тұжырымдамасын білу;



10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

2) 11-сынып



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Алғашқы функция және интеграл

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері

11.3.1.1 - алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;

11.3.1.2 - анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;

11.3.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды

1.

2.

3.

4. ;

5. ;

6.

білу және оларды есептер шығаруда қолдану;



Интегралдау тәсілдері

11.3.1.4 - айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептеу;

11.3.1.5 - бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептеу;



Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл.

11.3.1.6 - қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;

Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы

11.3.1.7 - анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу;

11.3.1.8 - берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;

11.3.1.9 - айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;

11.3.2.1 - анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану;



Математикалық статистика элементтері

Бас жиын және таңдама

11.3.2.2 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

11.3.3.1 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

11.3.3.2 - дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;



Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау

11.3.3.3 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;

11.3.3.4 - таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;



2-тоқсан

Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция

n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

11.2.1.1 - n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу;

11.2.1.2 - n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу;



Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

11.2.1.3 - рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;

11.2.1.4 - алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;



Иррационал өрнектерді түрлендіру.

11.2.1.5 - иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;

Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі

11.3.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;

11.3.1.11 - дәрежелік функция қасиеттерін білу;



Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

11.3.1.12 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;

11.3.1.13 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;



Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер

Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері

11.2.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;

11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.4 - иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу;



Иррационал теңсіздіктер

11.2.2.5 - иррационал теңсіздіктерді шеше алу;

3-тоқсан

Комплекс сандар

Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы

11.1.1.1 - комплекс санның және оның модулінің анықтамаларын білу;

11.1.1.2 - комплекс санды комплекс жазықтықта кескіндеу алу;

11.1.1.3 - түйіндес комплекс сандар анықтамасы мен олардың қасиеттерін білу;


Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану

11.1.2.1 - алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану;

11.1.2.2 - алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда  мәнінің заңдылығын қолдану;

11.1.2.3 - комплекс санның квадрат түбірін таба алу;


Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері

11.1.2.4 - квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешу;

Алгебраның негізгі теоремасы

11.1.2.5 - алгебраның негізгі теоремасын және оның салдарларын білу;

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі

11.3.1.14 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу;

11.3.1.15 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;



Сан логарифмі және оның қасиеттері

11.3.1.16 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;

11.3.1.17 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;



Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі

11.3.1.18 логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;

11.3.1.19 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану;



Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы

11.3.1.20 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу;

Логарифмдік функцияның туындысы

11.3.1.21 логарифмдік функцияның туындысын табу;


Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері

11.2.2.6 - көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;

11.2.2.7 - көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу;



Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері

11.2.2.8 - логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;

11.2.2.9 - логарифмдік теңдеулер жүйелерін шеше білу;



Көрсеткіштік теңсіздіктер

11.2.2.10 - көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;

Логарифмдік теңсіздіктер

11.2.2.11 - логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;

4-тоқсан

Дифференциалдық теңдеулер

Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат

11.3.1.22 дифференциалдық теңдеулер туралы негізгі ұғымдарды білу;

11.3.1.23 дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын білу;



Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер

11.3.1.24 - айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу;

11.3.3.1 - физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану;



Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер.

11.3.1.25 - екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу (ay''+by'+cy=0 түріндегі ,мұндағы a,b,c -тұрақты шамалар);

11.3.3.2 - гармоникалық тербелістің теңдеуін құру және шешу;



10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет