Жалпы орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің



бет2/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7

17. 10-сынып оқушыларында:

  1. функциялар графиктерін түрлендіру;

  2. функцияның қасиеттерін (жұптығы, тақтығы, өсуі, кемуі, экстремумы, шектеулігі, үзіліссіздігі, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары) анықтау;

  3. тригонометриялық функциялардың графиктерін салу және түрлендіру;

  4. тригонометриялық функциялардың периодтарын табу;

  5. функция графигі бойынша функцияның экстремум нүктелері мен экстремумдарын табу;

  6. құрамында арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

  7. тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шығару;

  8. тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығару;

  9. туындыны табу ережелерін қолдану;

  10. функцияның туындыларын табу;

  11. дифференциалдың көмегімен функцияның жуық мәнін табу;

  12. функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;

  13. функцияның өсу және кему аралықтарын табу;

  14. экстремум нүктелерін және кризистік нүктелерді табу;

  15. туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу;

  16. функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

  17. алмастыру, орналастыру және терудің санын есептеу;

  18. Ньютон биномның формуласын қолдану біліктілігі болуы тиіс.

18. 10-сынып оқушылары:

  1. анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

  2. санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

  3. функциялардың графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

  4. тригонометриялық функциялардың мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану;

  5. тригонометриялық функцияның мәні бойынша санның (бұрыштың) мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану дағдыларын жетілдіруі тиіс.



5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
19. 11-сынып оқушылары:

  1. алғашқы функцияның анықтамасын;

  2. алғашқы функцияның негізгі қасиетін;

  3. алғашқы функцияны табу ережелерін;

  4. анықталмаған интегралдың анықтамасын;

  5. анықталған интегралдың анықтамасын;

  6. қисықсызықты трапецияның анықтамасын;

  7. Ньютон-Лейбниц формуласын;

  8. анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын табуформуласын;

  9. анықталған интегралдың көмегімен дененің көлемін табу формуласын;

  10. п-ші дәрежелі түбірдің анықтамасын;

  11. п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін;

  12. рационал көрсеткішті дәреженің анықтамасын;

  13. рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;

  14. иррационал өрнектің анықтамасын;

  15. иррационал теңдеудің анықтамасын;

  16. иррационал теңдеуді шығару алгоритмін;

  17. дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын;

  18. дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу формуласын;

  19. көрсеткіштік функцияның анықтамасын;

  20. логарифмінің анықтамасын;

  21. негізгі логарифмдік тепе-теңдікті;

  22. логарифмінің қасиеттерін;

  23. логарифмдік функцияның анықтамасын;

  24. көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын;

  25. көрсеткіштік теңсіздіктің анықтамасын;

  26. логарифмдіктеңдеудің анықтамасын;

  27. логарифмдіктеңсіздіктің анықтамасын;

  28. кездейсоқ оқиғаның анықтамасын және оның түрлерін;

  29. кездейсоқ оқиғаның таралу заңдылығын білуі қажет.

20. 11-сынып оқушыларында:

  1. алғашқы функцияны табу;

  2. анықталмаған интегралды табу;

  3. анықталған интеграл есептеу;

  4. Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану;

  5. анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын;

  6. анықталған интегралдың көмегімен дененің көлемін табу;

  7. п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолдану;

  8. құрамында п-ші дәрежелі түбір бар өрнектерді түрлендіру;

  9. рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;

  10. құрамында рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру;

  11. иррационал өрнектерді түрлендіру;

  12. иррационал теңдеулерді шығару;

  13. дәрежелік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  14. дәрежелік функцияның туындысын табу;

  15. дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу;

  16. көрсеткіштік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  17. логарифмдік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

  18. құрамында логарифмі бар өрнектерді түрлендіру;

  19. көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысын табу;

  20. көрсеткіштік функцияның алғашқы функциясын табу;

  21. көрсеткіштік теңдеулерді шығару;

  22. логарифмдік теңдеулерді шығару;

  23. көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйелерін шығару;

  24. көрсеткіштік теңсіздіктерді шығару;

  25. логарифмдік теңсіздіктерді шығару;

  26. көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер жүйелерін шығару;

  27. оқиғаның ықтималдығын табуда комбинаторика формулаларын қолдану;

  28. кездейсоқ оқиғаның таралу заңдылығының кестесін құрастыру;

  29. кездейсоқ оқиғаның санды сипаттамаларын табу біліктілігі болуы тиіс.

21. 11-сынып оқушылары:

  1. анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

  2. санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

  3. функциялардың графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

  4. көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану;

  5. тригонометриялық функцияның мәні бойынша санның (бұрыштың) мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану дағдыларын меңгеруі тиіс.


6. 10-11-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
22. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңына және құқықтық тәртіпке құрмет;

  2. белсенді азаматтық қөзқарасын, патриоттық сезімін; еліне деген мақтаныш сезімін;

  3. әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну;

  4. қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;

  5. өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;

  6. салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын;

  7. қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;

  8. өзіндік жұмыстарды орындау біліктігі мен өздігінен білім алу қабілетін;

  9. үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен кішіпейілділікті;

  10. үлкендер мен және өз жасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау дағдысын;

  11. отбасылық құндылыққа сыйластықпен қарау;

  12. әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалау біліктігін көрсете білуі тиіс.

23. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:

  1. әртүрлі жағдайларда алгебралық білім жүйесін;

  2. ақпаратты табу, талдау, өңдеу және жинақтау біліктігін;

  3. математикалық материал бойынша берліген алгоритмді сауатты орындауды;

  4. математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;

  5. қоршаған орта мен саралас пәндердегі заңдылықтарды суреттеу және талдау үшін игерілген алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік кескіндеуді;

  6. жуықтап және дәл, ауызша және инструменттер көмегімен есептеуді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын қаншалықты игергенін;

  7. математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

  8. дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

  9. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

  10. тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;

  11. оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.



«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.

3. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстың белсенді түрлерін көбейтуді, оқушыларды коммуникативтік, зерттеу және практикалық қызметке араластыруды, ақпараттық технологияларды қолдануды көздейді.

4. Оқыту мақсаты: алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін игеру, олардың математикалық тілді меңгеру, математикалық шығармашылыққа деген қызығушылығын, математикалық интуициясын және математикалық қабілеттерін дамыту; өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның қызметтің түрлеріне құндылықпен қарауын тәрбиелеу.

5. Оқытудың міндеттері:


  1. тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету;

  2. ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

  4. математикадан есептерді шығарудың жаңа жолдарын игеру; қазіргі кезеңге сәйкес аралас пәндерді игеруде қажетті математикалық білімдерді меңгеру; күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамыту.

  5. қазіргі қоғамда, жалпы әлеуметтік бағдар және практикалық мәселелері шешуде әр адамға қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыру; оқушының ой-өрісін, логикалық ойлауын, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту;

  6. әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу; өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

  7. тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу, топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастырының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру;

  8. жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін әрі қарай игеруге жағдай жасау; игерілген ұғымдар, қасиеттер, ережелер, алгоритмдерді және т.б., алынған нәтижелер мен қолданбалы сипаттағы есептер мен аралас пәндер есептерін шығаруда математикалық әдістерді қажет жағдайда анықтамалықтар, калькулятор мен компьютерді қолдану біліктігін қалыптастыру.

6. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

7. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

8. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:


  1. тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

  2. функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

  4. күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

  5. тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін, туындыны игеру;

  7. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

  8. практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

  9. комбинаторика злементтерімен таныстыру.

9. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция және интеграл», «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктердің жүйелері», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын және соңында 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

10. 11-сыныпта оқытудың міндеттері:



  1. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;

  2. функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. алғашқы функция, интеграл, п-ші дәрежелі түбір, рационал және иррационал көрсеткішті дәреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;

  4. геометриялық және физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;

  5. құрамында п-ші дәрежелі түбір, рационал және иррационал көрсеткішті дәреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;

  6. иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;

  7. теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;

  8. параметрі бар теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру;

  9. теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра және анализ бастамалары курсының әртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;

  10. шартты ықтималдықты табу, ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны және оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамалары мен таңдау әдісінің элементтерін табу біліктігін қалыптастыру.

11. Жаратылыстану-математикалық бағытағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;

  2. 11- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ.

12. Алгебра және анализ бастамалары пәнін оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

  1. «Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту, теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;

  2. «Геометрия» пәнімен функция графигін түрлендіруді игеру барысында жазықтықтың қозғалыстары туралы білімдерін (параллель көшіруді, центрлік және осьтік симметрияларды) қолдану, тікбұрышты үшбұрышқа арналған синус, косинус, тангенс және котангенстің анықтамаларын қолдану, мәтінді және практикалық есептерді шығару барысында көпбұрыш, дөңгелек пен оның бөліктерінің, көпжақ пен айналу денелері беттерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын қолдану, қолданбалы есептерде геометриялық фигуралардың элементтері арасындағы функционалдық тәуелділікті орнату барысында осы фигуралардың қасиеттері туралы білімдеріне сүйену;

  3. «Физика» пәнімен тригонометриялық функцияларды игеру кезінде электромагниттік және механикалық тербелістер туралы білімдеріне, индукцияның электр қозғаушы күшінің қасиеттеріне сүйену, көрсеткішті функцияны игеру барысында радийдің ыдырауы туралы біліміне сүйену, мәтінді есептерді шығару кезінде шамалардың физикалық мағынасын негізге алу;

  4. «Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында қоспалар, ертінділер, концентрациялар және т.с.с. туралы білімдерін қолдану;

  5. «Информатика» пәнімен компьютермен жұмыс атқару, яғни электронды кестелердің көмегімен «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері» тақырыбына есептер шығару; электрондық кестелерді қолданып теңдеулер шығару; формуланы теру мен ол бойынша есептеулер жүргізу; функция графиктерін салуда графикалық нысаның параметрлерін реттеу дағдыларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.



2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. 10-сыныпқа арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. «7 - 9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау (6 сағ)». Нақты сандарға амалдар қолдану. Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдіктерді дәлелдеу. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңсіздіктер. Интервалдар әдісі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер және теңсіздіктер жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер. Мәтінді есептерді шығару. Сандар тізбегі. Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. , (а ≠ 0), , (k ≠ 0), түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері;

  2. «Функция, оның қасиеттері және графигі (15 сағ)». Функция. Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны. Функцияның берілу тәсілдері. Функцияның графигі. Функцияның қасиеттері: өсуі және кемуі, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары. Нүктенің аймағы. Экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары. Кемімейтін функция. Өспейтін функция. Кері функция. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Функцияны зерттеу және оның графигін салу;

  3. «Тригонометриялық функциялар» (10 сағ). Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері. Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Құрамында арксинусы, арккосинусы, арктангенсы, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Кері тригонометриялық функциялар;

  4. «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» (15 сағ). Тригонометриялық теңдеу. sinх = а, cosх = а, tgх = а, ctgх = а түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер және олардың шешімдері. Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері (Бір тригонометриялық функцияға байланысты алгебралық теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық формулалардың көмегімен түрлендіріліп шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Теңдеудің дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Біртекті тригонометриялық теңдеулер. Қосымша аргумент енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер). Тригонометриялық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдері. Тригонометриялық теңсіздік. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;

  5. «Туынды (22 сағ)». Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Функцияның үзілісті нүктелері. Асимптота. Туынды. Функцияның дифференциалдануы. Туындыны табу ережелері. Дифференциалдау. Дәрежелі функцияның туындысы. Туындының физикалық және геометриялық мағыналары. Функцияның графигіне жүргізілген жанама. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Күрделі функция. Күрделі функцияның туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары. Жуықтап есептеулер;

  6. «Туындыны қолдану (16 сағ)». Функцияның бірсарындылық белгілері (өсуі және кемуі). Функцияның кризистік нүктелері. Экстремумның бар болуының жеткілікті шарттары. Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туынды практикалық есептерді шығаруда қолдану;

  7. «Комбинаторика және Ньютон биномы (6 сағ)». Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру). Оқиғаның ықтималдығын есептеуде комбинаториканың элементтерін қолдану. Ньютон биномы;

  8. «10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (12 сағ)». Функцияның қасиеттері: өсуі және кемуі, экстремумдары, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, үзіліссіздігі, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелері. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Туындыны табу. Функцияның өсу және кему белгілері. Кризистік нүктелер. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туындыны практикалық есептерді шығаруда қолдану. Жуықтап есептеу формулалары.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет