Жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық әдістер, -математикалық әдістер пайдаланылады. Жалпы теориялық әдістерге



бет2/3
Дата17.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#153475
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
педагогика 3апта (копия)
пед технологиялар
Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);педагогикалық тәжірибені жалпылау;эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);сауалнама жургізу;интервью жүргізу;педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;жобалық әдістер;тестілеу;ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;шкалалау т.б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:анализ;синтез;индукция;дедукция;модельдеу;ой эксперименті;формализация әдісі т.б.
Негізгі бөлім 1. Педагогикалық зерттеудің негізгі түрлері
Зерттеу әдістерінің бөлінуі
Эмпирикалық әдістер”-зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тiркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері. Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты жинау,қабылдауды ғана емес, сондай-ақ жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады - мағлұматтарды жинақтау, (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б. жатады; сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет - бақылау мен өлшем әдістері жатады.
Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді.
Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді.
Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет