Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші Жалпы зәр анализінің қалыпты көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата29.04.2022
өлшемі0,52 Mb.
#141405
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жалпы зәр (несеп) анализі Қазақша медицина
CANBERRA, 2 күн тапсырма, 2 күн тапсырма, Ильясқыз Әсел 8-билет


MENU
Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші
Жалпы зәр анализінің қалыпты көрсеткіштері
Жалпы зәр анализі –қалыпты көрсеткіштері
Зәр түсі
Сабан –сары
Мөлдірлігі
Мөлдір
Зәр иісі
Өткір емес
рН немесе зәр
реакциясы
рН 4 – 7 арасында
Зәр тығыздығы
1,012 г/л – 1,022 г/л шамасында
Зәрдегі белок
жоқ, 0,033 г/л дейін болу мүмкін
Зәрдегі глюкоза
жоқ, 0,8 ммоль/л дейін
Зәрдегі кетон денелері
Жоқ
Билирубин
Жоқ
Уробилиноген
5-10 мг/л шамасында
Гемоглобин
Жоқ
Эритроциттер
Әйелдер үшін 3 ке дейін көру алаңында
Ерлер үшін бірлікте көру алаңында
Лейкоциттер
Әйелдер үшін 6 дейін көру алаңында
Ерлер үшін 3 ке дейін көру алаңында
Эпителиальді
жасушалар
10 дейін көру алаңында
Цилиндрлер
жоқ, гиалинді түрі бірлікте ғана



Тұздар
Жоқ
Бактериялар
Жоқ
Саңырауқұлақтар
Жоқ
Паразиттер
жоқ
жалпы зәр анализінің көрсеткіштері
Зәр түсі
Қалыпты жағдайда зәр сабан сары түсті болады
Зәр түсіне қабылдаған тағам, дәрілік заттар әсер етуі мүмкін. Сонымен
қатар зәрдің қою түсті болуына бауыр аурулары (гепатит, өт тас ауруы)
немесе қан аурулары (гемолитикалық анемия, Виллебранд ауруы ) себеп
болады.
Зәр түсінің өзгеру себебі
Қою түс
(қара шай
түстес)
Бауыр аурулары (гепатит, цирроз, бауыр
жетіспеушілігі, өт тас ауруы), эритроциттердің массивті
бұзылуылары (қан құюдан кейін, малярия және т.б)



Қою жасыл
түс
Ағзаның сусыздануы (құсу, диарея, аз сұйықтық
қабылдау), жүрек жетіспеушілігі.
Түссіз зәр
Қант диабеті, қантсыз диабет, сұйықтықты көп ішу,
бүйрек патологиялары (бүйректің концентрациялық
қызметінің бұзылуы).
Зәрдің
қызғылтым
түс болуы
Тағамға пигменттелген жеміс және көкеністерді
қабылдау (сәбіз, қарақат, жүзім және т.б).
Қызыл түс
Ашық қызыл түс зәрде қан барын көрсетеді. Бұл көрініс
зәр тас ауруы, қуық қатерлі ісіктері, бүйрек инфарктісі,
пиелонефритте, гломерулонефрит кезінде байқалады.
Ет
жуындысы
тәрізді түс
Зәр мөлдір емес, жуынды-шайынды су тәрізді.
Себептері: жедел гломерулонефрит, созылмалы
гломерулонефрит, бүйректегі тастар, бүйрек
инфарктісі, бүйрек және зәр шығару жолдары
туберкулезі, эритроциттердің жылдау ыдырауы,
дәрілік препараттарды қолдану (стрептоцид,
сульфонал, антипирин, пирамидон, трионал).
Қызыл –
қоңыр
түстес зәр
Келесі препараттарды қолдану: метронидазол,
сульфониламидті препараттар, толокнянк құрамды
дәрілер.
Қара түс
Макиафав Микелли ауруы , Алкаптонурия, Меланома
тәрізді аурулар кезінде көрінеді
Зәр мөлдірлігі
Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады
Қалыпты жағдайда зәрді ыдысқа құйғаннан кейін бірнеше саған ішінде
зәр мөлдірлігін сақтау керек. Аз ғана лайлану оның құрамындағы
эпителиалды жасушалар мен шырыш әсерінен болуы мүмкін.
Зәрдің лайлану себебі:
Эритроциттердің болуы (зәр тас
ауруы, пиелонефрит, гломерулонефрит, қуық қатерлі ісігі, простатит)
Лейкоциттердің болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде бактериялардың көп болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде белоктың болуы (пиелонефрит, гломерулонефрит,
амилоидоз)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет