Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы



бет3/3
Дата25.11.2022
өлшемі1,65 Mb.
#159871
1   2   3
Байланысты:
zhambyl-zhabaev-өmіrі-men-shyғarmashylyғy

«Есенәлі мешкейге»

Бірде Есенәлі деген байдың үйіне Жамбыл қонаққа барады. Сонда Жамбылдың кедейлігін кекеткен болып : «Жамбылдың жүрегіне май батады дейсің бе?» - дейді Есенәлі мешкей табақтағы білектей қазыны өзіне қарай жылжытып. Сараңдықпен аты шыққан Есенәлінің өз дастарқанының берекесін өзі алғанына ыза болған Жамбыл оны мысқылдап өлең шығарады: Жаралғалы жегенің қазы, жамбас, Қарның ашты дегенге адам нанбас. Ет пен майды ішіңе нығап тығып, Адамшылыққа инедей орын қалмас.

Өлеңдері:

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жайлы: “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық”, “Халық кегі”, “Халықтың еркі кетті басынан”
  • Төңкеріске дейінгі ел басындағы ауыр халі жайлы: “Жылқышыға”, “Кедей күйі”, “Мәңке туралы”, “Қалиға”, “Шалтабайға”, “Әділдік керек халыққа”
  • Ашынған елдің айбарлы ерлігі,қаһармандық қуаты жайлы: “Қамал бұзған қаһарман”, “Аттан,батыр ұрпағым”, “Ата жаумен айқастық”
  • Баласы Алғадайды жоқтау сарынында жазылған өлеңдері: “Алғадай туралы әрбір ой”, “Аттандыру
  • Отан туралы: “Ленинградтық өрендерім”, “Ұлы көш”
  • Сатиралық өлеңдері: “Кәдірбайдың төбеті”, “Кәкімге”, “Өстепкеде”, “Сәт сайланарда”

“Кедей күйі” өлеңі

  • Авторы – Жамбыл Жабаев.
  • Тақырып – кедейдің мұңын жоқтау, заман келбетін ащы шындықпен жеткізу.
  • Жанр түрі – поэзия ( сатиралық өлең).
  • Идеясы – автор тақырып өзі куә болып жүрген кедей күйі, қайырымсыз би-болыстың әділетсіздігі, халықтың ауыр тұрмысы суреттеледі.
  • 2 шумақ,33 тармақ,1 бунақ.
  • Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ел билеуші атқа мінерлерді дұрыс жолға шақыру. Әділдік орнатуға шақыру.

Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.Жүз жасаған ұлы жыршы XX ғасырдың Гомері деген атпен халық жүрегінде мәңгі қалды.

  • Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.Жүз жасаған ұлы жыршы XX ғасырдың Гомері деген атпен халық жүрегінде мәңгі қалды.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет