Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай батыр ауылы



Дата13.11.2019
өлшемі32,49 Kb.
#51734
Байланысты:
docx1544190812 (1)
docx1544190812 (1)
Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қарасай батыр ауылы
№20 Алмалы орта мектебі

Жұмыстың тақырыбы:


«Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар».

Бағыты: қоғамдық – гуманитарлық қазақ әдебиеті

Авторы: Жұмабек Балжан


Жетекшісі: Нұралиева Назира Мырзакеқызы

Орындаған уақыты:


Қордай ауданы Қарасай ауылы
20 желтоқсан 2018 жыл.

Мазмұны

1.Абстракт (аннотация)
2. Кіріспе
Майлин шығармаларының шыншылдығы мен сыншылдығы
3. Негізгі бөлім
3.1. Бейімбет Майлиннің қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі
3.2. Бейімбет – драматург, сатирик
3.3. Көркем прозадағы шеберлігі
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Абстракт
Оқушыларға арналған ғылыми жоба тақырыбы: « Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар.»



Бұл тақырыпты алуымның мақсаты: Бейімбет Майлин сынды жазушының поэзиясымен, драматургиясымен, прозасымен, сатирасымен таныса зерттей отырып, жаңа көзқарас білдіру,жазушыға деген бүгінгі оқырманның жаңа көзқарасы қандай , жазушының шығармашылығы жайлы ой қозғау болып табылады. Бұл жобаның мазмұнында бүгінгі ұрпақ жазушының шығармашылығы жайлы не біледі деген сұрақ туындайды. Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты ортасы – туған халқымыздың әдебиетін тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, болашақ ұрпақтың бойында әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру және өз еліне деген патриоттық сезім қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні елбасы «Рухани жаңғыру – Болашаққа бағдар» атты мақаласының өзі үшінші жаңғыруға бет алып отырғанымыздың дәлелі «Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады»- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 ж 21 қарашадағы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осындай сөздермен басталады. Бұны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп қабылдаймыз. «Ұлы Дала тұлғалары» деп атағандай біз де әдебиет майталмандарын ұмыт қалдырмай, олардың еңбектерін оқушыларға зерттетіп, өте құнды екенін оқушы санасына жеткізу деп ойлаймын. Ғылыми жоба аясында көп ізденуді, зерттеуді талап ететін ауқымды іс – шараларды оқушылармен бірлесе отырып күш салдық. Зерттеу кезеңінде материалдарды ғаламтор көздерінен, түрлі әдістемелік құралдар мен әдебиет кітаптарынан алуды жөн көрдік. Бұл зерттеудің біз үшін маңыздылығы көп ізденуді талап етті. Оқушылар зерттеуге қатыса отырып, қыруар материал жинақтап, өз білімдерін жетілдіре түсті. Ғылыми жобаны аяқтай отырып, жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы аса маңызды болды деп есептеймін. Осы жобаны қолданбалы курстарда қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге қолдануға ұсына отырып, бұл жобаның қаншалықты маңызды және тиімді екеніне көз жеткіздім. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігінің арқасында жұмыс нәтижесін көріп отырмыз.
Ғылыми жобалар бұл күнде оқушыларда ерекше қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан да алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын одан ары жалғастырамыз, оқушы сұранысын қанағаттандырамыз. Зерттеудің мақсаты: Бейімбет Майлиннің шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының өткен өмірін, қалың бұқараның қасіреті мен қайғысын,болашаққа артқан үміті мен әділет деп аңсаған арманына оқырман назарын аудара отырып,әдебиетті қастерлеуге, оның шығармаларындағы тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру, рухани мұрамызды кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты жайлы зерттеу жүргізу арқылы, өз заманының жанашыр қаламгері Бейімбет Майлин болғанын түсіндіру, әдебиет майданына Октябрь революциясы қарсаңында,қазақ даласын әділетсіздік пен надандық тұманы торып тұрған шақта,еңбекші халықтың патша әкімдері мен жергілікті жебірлерге қарсы азаттық үшін күрес сезімі ояна бастаған кезеңде келіп араласқан жазушы ретінде, қаламгер ретінде көрінуі, әдебиет сахнасынан алатын орны ерекше екені көзделді. Оқырман қауымы жазушының жанашыры деп айтуға болады. Сондықтан да осы зерттеу жұмысын сіздерге ұсынып отырмыз. Оқырман сұранысын қанағаттандырады деген сенімдеміз.

Аbstraction

The scientific project’s theme for pupils is “The modern ways and views of researching Beimbet

Mailin’s work”

The aim of my chosen theme: having researching the famous Beimbet Mailin’s poetry, dramaturgy, prose, satire, showing a new view and think of his essays. The content of this project is if our generation know about the writer’s work. The aim of famous writer’s work to study our peoples’ literature deeply, to increase our future generations’ love to our literature and to form patriotic sense.

Today our Head “ Spiritually Renaissance is for future” in this article we show the third

Renaissance .” The time and space horizon crosses ,the history of nation starts” The President

of the Republic of Kazakhstan Nursultan Abishulu Nazarbaev declared in 2018 ,on 21 of

November .”The seven Saint of Great Land” article starts with these words. We think it is the

continue of the program “Spiritual Renaissance”

Named after “Great lands faces we didn’t forget about literature and to show pupils thought

Its value and works. We together with our pupils researched a lot during our scientific project.

During the research we found information from the Internet ,such different methodical

manuals and literature books. It is important for us this research . Having researched pupils collected materials a lot and increased their education. At the end I want to say the importance of this scientific project .This project can be used by literature teachers for applied courses.

We saw the result of pupils’ work with their interest and activity. Scientific project are interested between our pupils. That’s why we continue to research our work in the future and satisfy our pupils answers. The aim of the research is to introduce the essays of Beimbet Mailin and having paid attention on history of Kazakh people and readers to respect our literature and characters in his essays, to leave our spiritual heritage for our future generation through investigation.

We should explain that there was a compassionate writer at that time. He opposed King’s injustice also local authorities. He took a special place in our history .We are sure to satisfy our reader’s beliefs.

Абстракт


Научный проект для учащихся по теме «Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар»

Выбрал эту тему для того ,чтобы изучая творчество и проявить новый взгляд на творчество писателя Беймбета Майлина,поделиться размышлениями о его поэзии ,драматургии,прозе,сатире.В основе содержания проекта возникает вопрос ,что знает наше поколение о его творчестве.Творчество писателя основан на реализме и патриотизме.Сегодня «Рухани жаңғыру –Болашаққа бағдар» является третьим нашим возраждением.Президент остановился на том что «Время и горизонты пространство когда переплетаются начинается история нации»Недавно вышла статья президента «Ұлы даланың жеті қыры»

Мы должны четко знать своих литературных героев и изучать их творчество.

Во время научного проекта пришлось много трудиться вместе с учениками.Во время исследовании проекта мы нашли нужные материалы с интернета,из методических пособии,и литературы.Ученики во время исследовании собрали огромный материал и углубляли свои знания.Заканчивая научный проект, я считаю что итог был очень важным.

Этот проект могут использовать по казахской литературе на прикладных курсах и это доказывает всю значимость и важность проекта.В данное время многие ученики проявляют интерес к таким проектам.Поэтому в будущем мы продолжим работу над проектом, чтобы удовлетворить интересы учащихся.Цель исследования изучить творчество Майлина, который внес неоценимый вклад в культурное и духовное развитие народа.Будущее поколение будет расти на его произведениях.Как писатель Майлин вошел в литературу во время Октябрьской революции,на казахской земле было неравенство и несправедливость,царское правительство правила народом и угнетал простой народ.За свободу народа боролись и наши писатели в том числе Б.Майлин.Поэтому он занимает особое место в литературе казахского народа.Поэтому мы приподносим этот проект вам.

«Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар».



Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, үлкен ақын әрі драматург Бейімбет Майлин – өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын.
Бейімбет Майлин – ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай – қайсысында жазған шығармаларының алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық: ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына екенін білдім. Бейімбет шығармашылығын зерттей отырып, Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге:
1/. «Талант - еңбек» деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен «Жазушылық- жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу» екенін тынымсыз да мігірсіз іс – әрекетімен қолма – қол дәлелдеп кетті.
2/. «Әңгіме- шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдды қазақтың Чеховы секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап – таза, мөп – мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
а/. Бейімбеттің шығармашылығын зерттей келе, мынадай тұжырымға келдім.
Екі нәрседе – жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде(Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соққанын көруге болады.Осы екеуінің үстінде енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды (әзіл – әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек өзіне ғана ерекшелігі белгіленеді де, оның жоғарыда айтылғандай, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі зор деп білемін. Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғұмыр – тіршілігімен тығыз байланысты екенін көруге болады.
Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы жұртқа да соны танытады. Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген – баққаны көбіне ауыл өмірі екенін білеміз. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрдағы болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арнауы тегін емес.
Кедей деп туғам, кедей деп өлем
Не көрсем де кедеймен көрем.
Кедей қуанса, кедей жұбанса
Бір елі көкке тимейді төбем, - деп жырлаған.
Ал егер Бейімбет бүгін біздің арамызда өмір сүрсе, нені жырлар еді деген сұрақ туындайды? Менің ойымша, қазақ елінің бүгінгі күні әлемге әйгілі ел болғанын, қазақ елінің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін өз жырына арқау етер еді деп ойлаймын.
Ақынның шыншылдығымен қатар сыншылдығы да айрықша көзге түседі.
Мырқымбай – жиынтық кейіпкер – тип. Бұл – қазақ әдебиетінде бұрын – соңды мұншалық бедерлі бейнеленбеген, дәлірек айтқанда, мұншалық жан – жақты жинақталмаған және дараланбаған, мұншалық ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип.
Дегенмен, төңкеріс тудырған, жаңа қоғамдық жүйе кезінде Мырқымбай да «мырқымбайлық» та бір орында, бір қалыпта тұрмайды. Ақыр аяғында Бейімбет «Бер Мырқымбай, қолыңды» деген өлеңінде бас кейіпкерінің бүкіл өмір жолын ойға шолып, оған өзінің алдында, өзіне де ел алдында есеп бергізеді.
Бұл – бір Мырқымбайға ғана емес, барлық болмыс- бітімі, сыр сипаты, мінез – құлқы мен іс – әрекеті Мырқымбай образына жинақталған осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы күллі қазақ кедейіне арнап айтылған сөз.
Егер де бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ, Бейімбет сол кездегі кедейлердің өмірін жете біліп, өз жырына қосып, кедейдің өткені мен келешегіне мен берген. Бейімбет әйел теңдігіне де үлкен мән берген «Байдың қызы», «Разия қыз», «Қашқан келіншек», «Зәйкүл», «Маржан» әйел теңдігіне арналған шығармалар жазған.
Әйел теңдігі, Майлин поэзиясынан елеулі орын алады. Қазақ қызының тағдыры мен өмірі туралы,әйелдің отбасындағы, қоғамдағы орны мен рөлі хақында Бейімбет қаламынан туған өлең – жырлар бірқыдыру.
Әрине, ақын әйел басының азаттығына айрықша қуанады.
Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық көркісің
Азаматтығың мәңгі, мәңгі,
Мәңгі – бақи беркісін!
Бейімбет әйел теңдігі тақырыбына ондаған әңгіме, очерк, повесть, поэма, өлең, бірнеше пьеса жазды.
Бейімбет поэзиясының ерекшелігі – жеке адамдардың басындағы, қоғамдық өмірдегі ескілік қалдығы мен оғаш мінез, ағат адамды сатираның өткір тілімен мінеп, шенеуінде. Бейімбет өлеңдерінің әр жолында өмір суреттері иін тіресіп тұрады. Бұл жазушының өмір тұңғиығына терең сүңгіп, өмір өзегінен өзіне керек нәрді екшеп ала білуінен туған ерекшелік деп білеміз.
Шын мәнінде Бейімбет қазақ поэзиясындағы сатира мен юмордың шаңырағын көтеріп, жанр тұрғысында қалыптастырып кеткен жазушы екенін көруге болады.
Бейімбет Майлиннің армандаған арманы, әйел теңдігі бүгінгі күні өз шешімін тапты деп ойлаймын. Себебі, қазіргі қыздарымыз өз еріктерімен жар таңдап, өзінің сүйгеніне қосылып, бақытты ғұмыр кешуде. Бұл да бір кезде әйел теңдігін аңсаған Бейімбеттің арманы еді. Сол арман бүгін де орындалып отыр. Бейімбет Майлин драматургия саласында да кеңінен қалам тербеді. «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» бір перделі скетчтер, «Біздің жігіттер», «Майдан», «Көзілдірік» - көп актілі комедиялар мен драмалары бар.
Бейімбеттің өлеңдері мен поэмалары, әсіресе әңгімелері мен повестері, негізінен, 20-30 шы жылдардағы ауыл тіршілігінің көркем шежіресі деп білемін. Бейімбет өлеңдері мен әңгімелеріндегі айтылатын сыр мен шындықтың «бірталайын жаңа сөзбен таратуды» ғана емес, сол сыр мен шындықты кәдімгі тыпыршыған тірі қалпында қолма – қол, бетпе – бет, көзбе – көз тура сахнадан көрсетуді мақсат еткен де, дәл осы мақсат поэзиясындағы ақын, прозадағы жазушы Майлинді енді келіп драматургия секілді «жаңа сөзге» жетелеп әкелгенін көреміз. Мұндағы бір ерекшелік – Бейімбет пьесаларын оқығанда өмір мен оқиғаларды бел ортасынан қайта кешіп, бұрынан таныс – бейтаныстарыңмен қайта кездескендей боласың. Майлин – сатирик. Әсіресе, жаңа ауылдағы ескілікті, жаңаның жолына кедергі болар кертартпа кеселді, келеңсіздікті ащы сатирамен әшкерелеуге, сықақтап- сынауға келгенде Майлин – сатирик алдына жан салмайды. Майлин қазақ ауылындағы күні өтіп бара жатқан көнені ұлы мысқылмен түйреп, уытты күлкіге айналдыру арқылы қилы – қилы сатиралық мінез, сахналық мүсін жасаған.
Майлиннің драматургиялық шығарма ларын күлмей оқу, не көру мүмкін емес. Майлин драматургиясы – шыншыл драматургия.
Көркем прозадағы шеберлігі «Шұғаның белгісінен» басталды. Бұл шығарма суреткерлік, шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ хикаятының үлгісі боп қалып отыр. Қысқа – қысқа он үш тараудан тұратын шап – шағын хикаят. Автор әсем пейзаж, дала, күз, сәске, бұлт, күн деп оқушының көз алдында табиғат суретін әкеледі. Дереу ізінше, «Біз екеу» едік деп мәлімдейді.
«Шұғаның белгісіндегі» сюжеттік даму да тек қана адамдар тағдырына негізделген. Ендігі тоғыз тарау түгелімен бір жылғамен жылжып, бір желіге көгенделіп жатқан түрлі – түрлі ситуация, қат – қабат конфликт, осылар арқылы өсіп – өніп жатқан әр алуан тип пен характер, олардың өзара қарым – қатынастары. Әбдірахман мен Шұға бір – біріне ғашық, екі адамның тағдыры, Әбдірахманға жала жабылады. Осының бәрін жазушының аса шыншыл, дәлелді, сондықтан да нанымды суреттейтіні сондай жан – жүрекпен толқымай оқу мүмкін емес. Сонымен бірге шығармада дамыған барлық ситуацияның ширығып, шиыршық ата шиеленісіп,шығандап кеп тірелген соңғы тұйығы.
Композициялық жағынан шебер құрылған сюжет өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақырғы тарауда сюжеттік шешім болады. Шұғаның өмірден өтуі, әркімнің де жан дүниесін күйзелтеді.Бейімбет шығармаларында көз жаздырмайтын ,үнемі оқушы назарын аударып отыратын тақырыптың бірі-бұрын күңдікте болған,адамгершілік праводан ада қалған,бала бағушы ,босаға күзетуші,отынмен кіріп от басында өксіп өткен,зат орнына сатылған қазақ әйелінің тағдыры.Ғасырлар бойы мал орнына сатылып келген қазақ қызы советтік заманда ғана азаматпын деп сезінді,социалистік құрылыстың барлық саласында-қоғам жұмысына, мемлекет басқаруға, еңбек майданына ерлермен қатар араласты.Оның «Раушан коммунист»повесі де қазақ әйелінің өмірге көзқарасын өзгертіп,коммунист атануының өзі жайдан-жай емес.Бұл шығармалардың барлығында да өмірдің шағын оқиғаларын суреттеу арқылы үлкен пікірлер айтты.Қомақты пікірді бір ғана деталь,штрих арқылы шебер көрсету,сүрлеусіз ұзақ сөйлеуден жалтару-Бейімбет творчествосының ең басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады.Бұл жазушының өмір тұңғиығына терең сүңгіп өмір өзегінен өзіне керек нәрді екшеп ала білуінен туған ерекшелік деп танимын.
Бүгінгі көзқараспен қарайтын болсам, жастар арасындағы махаббат өз қалауымен, екі жастың еркімен шешіледі. Ешқандай кедергілер болуы мүмкін емес. Бейімбет аңсаған азат өмір, әйел теңдігі, ауыл өмірі кең тыныс алуда.Қазақ қыздары бүгінде білім алып ,ерлермен тең құқылы, министрлікте, депутаттық қызметте, әкімдік қызметте қай саланы алмасаң да өршіл,еңбексүйгіштік қасиетімен ел басқарып қызмет атқаруда.Жазушы аңсаған әйел тағдыры бүгінде тарихтан ойып өз орнын алды деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, Майлиннің прозасы да, поэзиясы мен драматургиясы негізінен ауыл өміріне, оны түбірімен өзгертіп, қайта жасамақ боп өңін айналдырып бара жатқан беймаза мезгіл мінезін бейнелеуге арналған. Жазушы өзі таныған адам кескінін де, заман келбетін де өзгелерге тек осылар арқылы көркем жинақтап танытты. Бейімбет Майлин өнеріне өріс іздеп, толассыз толысу, жазушылық шеберлік жағынан үздіксіз өсу, жетілу үстінде болғанын көрсетті.


Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттей келе, менің көзқарасым жазушыға деген ерекше болды.
Жазушы поэзия, драматургия, проза саласында жазған еңбектері бізге қалдырған асыл мұра деп білемін ,сонау заманда Бейімбет аңсаған ауыл өмірі бүгінде гүлденген, өскен елді мекендерге айналған. Халықтың санасы өзгерген, білімді, жан – жақты жастар тәрбиеленіп өсуде. Бір кезде «әйел теңдігі» деп шырқыраған жазушының арманы бұл күнде орындалды. Қазақ қыздары білім алып, ел басқарып, туған жерге қызмет етіп, өз еріктерімен отау құруда. Бейімбеттің асыл қазынасын біздер жас ұрпақ мұра ретінде сақтап, рухани азық етіп, мақтан етеміз. Егер де Бейімбет қазір арамызда, осы кезде өмір сүрсе біздің әдебиетіміздің арнасы кеңейіп, Тәуелсіздігімізді жырлаған жазушы болар ма еді деген маған ой келеді. Әрине, олай болмайды, сонда да мен үшін Бейімбет халықпен біте қайнасқан, реалист жазушы деп білемін.Майлин қаламы халық мүддесін жырлаудан ешқашан жаңылған жоқ.Социалистік Отанның шын берілген патриоты,халықтар достығының ,бейбітшілік өмірдің жыршысы болған Бейімбетті сол заманның майталманы деп білеміз. Ұлт тарихында өшпес мұрасымен із қалдырған жазушы жайлы жазған жобамды «Ұлы даланың жеті қыры» деген елбасының мақаласына қосқан біздің үлесіміз деп білемін.Мен жаңа көзқарасымды білдіре отырып,өз ұлтымның болашағына кәміл сенемін.Болашақта жазушы болып,Бейімбеттің жолын қуып,елімнің жетістігін жырлаймын және әдебиетке өз үлесімді қосамын.Менің ұсынысым бойынша міндетті түрде « Бейімбеттану» факультативтік сабақтарын мектептерде енгізу және жас әдебиет зерттеушілерінің арасында қоғамдастық құрылса. Бұл сабақтардың мақсаттары: жазушыны мақтан тұтып,оның еңбектерін бағалай білу және болашаққа көзқарас таныту деп білемін.Біздің мақсатымыз әр түрлі ғылыми жобаларға қатысып,өз еліміздің өткен тарихын,мәдениетін, туған елге деген ыстық сезімін өз бойымызға сіңіріп,тәуелсіз еліміздің өркениетіне өз үлесімді қосу,ел үмітін ақтау.Көк байрағымызды желбіретіп,туған елінің патриоты атану.

Жұмабек Балжанның «Бейімбет Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдарымен жаңа көзқарастар»

Пікір

Бұл жұмыстың қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналғанын білеміз,өйткені халық бүгінгі күні Бейімет Майлинді толық танып біледі деп айтуға болмайды.Өз Отанына адал қызмет еткісі келетін , жүрегі қазақ деп соққан әр оқушы Бейімбет Майлин туралы,оның әдебиет саласына сіңірген еңбегі жайлы жете білуі тиіс.Жұмысты Жұмабек Балжан Бейімбет Майлин туралы әр түрлі дерек көздерін жинастыруға бар ынтасымен кірісті және әдеби деректер көздерін пайдалана отырып,жүйелеп,оларға баға беруге үйреніп,соңында осы айтарлықтай күрделі жұмысты жазып шықты.Жұмабек Балжан ізденімпаз,жан-жақты,білімді,ойы жүйрік,мәліметтерді жылдам қабылдап,терең және жан-жақты салыстыра зерттеуді жүргізе алатын,байыпты,кішіпейіл,бойында жақсы қасиеттері мол тұлға десем болады.Жұмабек Балжанға ғылым жолындағы талпынысына сәттілік тілеймін.



Қорыта айтқанда,Жұмабек Балжанның ғылыми жұмысын қорғауға ұсынуға болады деп есептеймін.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Бейімбет Майлин Көркем әдебиет баспасы.

2Бейімбет Майлин Алматы Жазушы 1988ж

3Қазақ әдебиеті.11-с

4 Қазақ әдебиеті газеті.



5

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет