Жамбыл облысы Шу ауданы Бөлтірік ауылы Ә. Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры Бабасова Қалдыкүл Мұхтарханқызы



Дата08.01.2023
өлшемі47,03 Kb.
#165129
Байланысты:
эссе


Жамбыл облысы Шу ауданы Бөлтірік ауылы
Ә.Молдағұлова атындағы шағын
орталықты орта мектебінің директоры
Бабасова Қалдыкүл Мұхтарханқызы

«Тек кітап қана алға жылжуды,


адамдық шыңына шығуға үйретеді»
Н.Ә.Назарбаев
Ұлттың рухын түлеткен -Тұрар.

Қазақ зиялы қауымының өкілі Т.Рысқұловтың өмірі жайлы толық қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көрсететін «Қызыл жебе» романы. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясының «Рысқұл» бірінші кітабын оқымаған жан кемде –кем болар. Шілмембет руынан шыққан қарапайым қазақ,қара шаруа болса да,рухы күшті,қайраты мол,қажырлы,сол атырапта одан өткен мерген,Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған. Ғылым жолында Дмитриев аспан-таудың Талғар атты шыңының қыр сырын білмек үшін азапты сапар шеккен кезде оған жолбасшы болып,табанын тасқа тілдіріп, тау асып жүрген Рысқұлдыкі ерлік .


Т.Рысқұловтың бала кезінен бастап өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін, алған әсерін жан-жақты кең, байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық,аянышты тіршілігі Тұрарды ерте есейтті: Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті.Ол әкесінің турашылдығын,күштіден қорықпайтын,мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын,жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті.Әкесіне деген ерекше ықыласы әкенің қадірін жақсырақ түсінуіме көмектесті,«әке» деген ардақты аса қадірлеуге баулыды.
Азаптардан - жұлдыздарға жол салған» Тұрар Рысқұлов өмірінде кездескен қиыншылықтардың бәріне шыдамдылық танытады.Оның осы мінезі мені де сабырлы болуға үйретті.Қиындыққа қасқая қараған Тұрардың батылдығы мені әрдайым мықты болуға үйретті.
Бүкіл тіршілігінде адамгершілік,адамзаттың парыз бен асқар мұраттар жетелеген Т.Рысқұловқа мансап креслосы емес,туған халқының өмірлік мүддесі биік болды.Ел үшін жанын беруге де тәуекел етті.Халқы үшін жан аямай күресіп,елінің ертеңіне алаң болғаны,ұлтының бақытын өз бақытынан жоғары қойғаны елімді сүйуге,халқымның мақсат- мүддесі үшін өмір сүруге үйретті.
«Қызыл жебе» романын оқу арқылы дәуірдің Қызыл жебесіне айналған Тұрарды танымайтындар таныды,білмейтіндер білді,ұнатпайтындары ғашық болды.Тұрар Рысқұлов менің ең сүйікті,мотивация беріп,алға жүруіме жетелейтін кейіпкеріме айналды.Тұрардай елін сүйетін ұлт қайраткері,білімі мен біліктілігі жоғары азамат болу – менің де арманым.

Бірақ өзіміздің Саймасай болысымыз ер тұлғалы азаматымыздың намысын аяққа таптап түрмеге жабуы жанымызды жабырқатады. Баласы Тұрар қатты ауырғанда қалжаға –Саймасайдың бір қара тоқтысын сұраусыз-ақ алсам нетті? –деп алып кетуі ,болыстың осыны пайдаланып, Тұқымбай болыстан «Қызыл Жебені» ұрлатуы Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, секем алғандай болды ...


Қызыл Жебенің көзін жою керек-деген болысқа қарсы шыққан Рысқұлды Боржық Таубай бақанмен бастан көздеп ұрғаны иығына тиіп ,мертікті
.Софийск станциясының бір мұжығының көлікке жегіп жүрген атын ұрлады –деп түрмеге жабылады.Түрмеден қашып шығады да ,- Абайсызда атқаным болмас.Кімнің қолынан өлгенін біліп кетсін деген оймен,
-Саймасай! Мен Рысқұлмын .Көкрегіме запыран сыймай кетті.Соның бір түйірін сенің кеудеңе түкірсем деймін. Сен көзінен сорасын ағызған сорлылар үшін!Сен сөлін сорған жарлылар үшін!Қызыл Жебенің қаны үшін!-деп өлтіреді.Осал жері бауыр еті жалғыз ұлын Тұрарды алып кеткен соң өзі барып беріледі.Рысқұлдың өтініші бойынша Тұрарды сол жерге алып келіп,күндізПриходканың балаларын гимназияға апарып,үй шаруасын атқарып, кешке әкесінің жанына түрмеге келіп жүреді.Менің жазықсыз екенімді балам біліп жүрсін деп,барлық басынан кешкен оқиғаларын айтып береді...
1906 жылы он жылға каторгаға айдалып бара жатқан әкесінің соңғы сөзі
-Балапан ,-деді Тұрардың басын мүйізгек алақанымен сыйпап.-Қанаты қатаймаған балапаным,қара дауылға арасында сөнбей жатқан бір шоқтай болып,қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп,анда –санда күн де көрінер.Жүдеме!Жарлының жан серігі-жасымау.Жасыма!Ұқтың ба,Тұрар?
-Ия, көке, - деді ояу жатқан баласы әкесінің қырсығы қалың,қыртысы мол мойнын қыса түсіп.
Рысқұл өз құранының бірауыз сүресін ішінен қайталады
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса,ерге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан төғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір алладан...
Алды тұман,арты мұнар,алыс жол басталды.

Менің сүйікті кейіпкерім


Менің сүйікті кітабым қазақ зиялы қауымының өкілі Т.Рысқұловтың өмірі жайлы толық қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көрсететін «Қызыл жебе» романы. Ұлттың рухын түлеткен шығармадағы менің сүйікті кейіпкерім-Тұрар. Роман авторы дарынды жазушы Ш.Мұртаза романның басты кейіпкері Т.Рысқұловтың бала кезінен бастап өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін, алған әсерін жан-жақты кең, байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық,аянышты тіршілігі Тұрарды ерте есейтті: Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті.Ол әкесінің турашылдығын,күштіден қорықпайтын,мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын,жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті.Әкесіне дегенерекше ықыласы әкенің қадірін жақсырақ түсінуіме көмектесті,«әке» деген ардақты аса қадірлеуге баулыды.


«Азаптардан - жұлдыздарға жол салаған» Тұрар Рысқұлов өмірінде кездескен қиыншылықтардың бәріне шыдамдылық танытады.Оның осы мінезі мені де сабырлы болуға үйретті.Қиындыққа қасқая қараған Тұрардың батылдығы мені әрдайым мықты болуға үйретті.
Мәскеуден келген төтенше өкіл Кобозев Тұрар Рысқұловтың мәдениеттілігі мен шешендігіне таңқалып, қабілет-қарымын байқап,оған қолдау көрсетеді.Тек ол ғана емес,басқа да қайраткерлер Рысқұловтың білімділігіне,сөз саптауына, ерекше мінезіне,ұстамдылығына жоғары баға береді.Т.Рысқұловтың өз ортасына сыйлы болғаны,ерекше тіл байлығы,тәрбиелілігі үлгі аларлық асыл қасиеттер.
Бүкіл тіршілігінде адамгершілік,адамзаттың парыз бен асқар мұраттар жетелеген Т.Рысқұловқа мансап креслосы емес,туған халқының өмірлік мүддесі биік болды.Ел үшін жанын беруге де тәуекел етті.Халқы үшін жан аямай күресіп,елінің ертеңіне алаң болғаны,ұлтының бақытын өз бақытынан жоғары қойғаны елімді сүйуге,халқымның мақсат- мүддесі үшін өмір сүруге үйретті.
«Қызыл жебе» романын оқу арқылы дәуірдің Қызыл жебесіне айналған Тұрарды танымайтындар таныды,білмейтіндер білді,ұнатпайтындары ғашық болды.Тұрар Рысқұлов менің ең сүйікті,мотивация беріп,алға жүруіме жетелейтін кейіпкеріме айналды.Тұрардай елін сүйетін ұлт қайраткері,білімі мен біліктілігі жоғары азамат болу – менің арманым.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет