Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының жалпы жиналысы болып өтті



бет8/11
Дата08.12.2022
өлшемі57,81 Kb.
#161881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
хаттама9 г
ТЕСТ №1 психиатрия, Жақыпбек Зәрипа Срм5, 1602237100, Тест сұрақтары Электроника және схематехника
Күн тәртібінде:
1.І тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың әрбір пәннен улгерім сапасын мониторингпен талдау.
2. Мектеп оқушыларының қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу.
3. Мектеп оқушыларын діни экстремизмдік және террористік көзқарастардың әсерінен оқшаулау және діни экстремизмнің алдын алу шаралары.
4. Жасөспірімдерге қатысты жаслатын зорлық зомбылық , қатыгездіктің алдын алу және жыныстық қолсұғушылықты қамтамасыз ету туралы түсіндірме жұмысы
5.ҰБТ-ге дайындық
6. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Қ.Жолдыбай сөз алды. Қ.Жолдыбай: Биылғы оқу жылы біздің сынып үшін ерекше болмақ. Себебі 11 сыныпты бастап,аяқтаймыз.Алда оқушыларды үлкен сынақ күтуде. Сол сынақта бірге болуды шақырамын. І тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың әрбір пәннен улгерім сапасын мониторингпен талдау жасалды. Үздіктер: А.Темірбекқызы, Б.Нұрлан, Ғ.Шәкіман,Р.Әбілдос; Екпінділер: Л.Ідіріс, А.Күмісбай, А.Асан, Н.Бейбітәлі, Б.Әбдіқани; 45 пайыз болды. Оқушылардың қабілеті жетіп тұрса да үлгермеуші қатарында : Б.Жұмахмет, А.Рахым, А.Матығұл енді. Ата –аналар балалардың оқуына қатаң қадағалау керек. Әсіресе үй тапсырмасын ұқыпты орындауына басымдырақ қарасақ тіптен жақсы болар еді
Оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтасып төбелесудің алдын алу және болдырмау үшін бірге бақылап, қадағалайықшы. Достары мен жолдастарын білейік. Отбасында балалармен талқыланатын діни тақырыптар мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында көзқарас пікірлерді абайлап, аңдаңқырап жүріңіздер дегім келеді. Бала бауыр етің, бірдеңе ұшырамауына сіз бен біз болып жауапкершілікпен қарайық .
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сынып жетекшісі
Оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, көше бұзақыларына қосылмау, сабақтан кешікпеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шығып сөйлеушілер:
Алмагамбетова Құрманкул: Бүгінгі күн тәрбіндегі мәселелер өзекті болып тұр. Балаларға алаңдаушылық басым. Сондықтан баланы бақылау,қадағалау – біздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Ол жас шыбық екенін ұмытпайық.Сынақтан жақсы өту үшін біздің көмегіміз қажет.Болашағы жарқын балаларға дұрыс бағыт беруіміз керек.
Байсалбаева Гүлсара: Биыл оқушылар 11 сынып бітіргелі отыр. Сонымен бірге бітірулері де ерекше болмақ. Баланың мүмкіндігінше жағдайын жасап, демеу бола білейік дегім келеді. Қосымша сабақтарына қатыстырып, үлкен өмір жақсы қадам басуына мүмкіндік жасайық, бәріміз.
Жиналысқа қатысушылар қаулы қабылдады.


Қаулы:
1. Оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтасып төбелесудің алдын алу ата- аналар мен сынып жетекшіден сұралсын.
2. Отбасында балалармен талқыланатын діни тақырыптар мен діни экстремизмнің алдын алу ата- аналарға жауапкершілік мінделсін.
3. Мектепте оқушылардың смартфондар,интернет желісіне қосылатын ұялы телефондар ұстауына тыйым салынуы туралы түсіндірме жұмыстары арттырылсын.
4. Мектеп формасына қойылатын талаптар қадағалансын.
Сынып жетекшісі: Қ.Жолдыбай
Хатшы: З.Мамбетова

ХАТТАМА
13 қаңтар, 2017 жыл


Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті – 20
Қатысқаны – 15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет