Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Сурет-29. Бастың бұлшық еті



бет15/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сурет-29. Бастың бұлшық еті. А – іқм, В – жылқы (латеральды жағынан), В – медиальды жағынан. 1 – мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еті, 2 – төменгі қабақты түсіргіш, 3 - көздің дөңгелек бұлшық еті, 4 – мандай бұлшық еті, 5 – құлақ бұлшық еті, 6 - ауыздың дөңгелек бұлшық еті, 7 – төменгі ерінді түсіргіш, 8 – азу тістің бұлшық еті, 9 – жоғарғы ерінді арнайы көтергіш, 10 – ұрт , 11 – жақ аралық, 12 – бет, 13 – үлкен шайнау, 14 – тіл асты және 15 – жақ бұлшық еті, 16 – мұрынның көлденең бұлшық еті, 17 – мұрыңды кеңейткіш бұлшық еті, 18 – еріннің тері асты бұлшық еті, 19 – бас пен мойынның тері асты бұлшық еті, 20 – жоғарғы ерінді түсіргіш, 21 – қанатша, 22 – мойындырықты-тіл асты бұлшық еті, 23 – мойындырықты-жақ бұлшық еті, 24 – тіл асты, 25 – қосқұрсақты: а – құлақтың қасындағы және

б - жақ асты безі


Шайнау бұлшық еті.

I Үлкен шайнау бұлшық еті - m.massеterius төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самай және қанатша бұлшық еттер жиырылғанда төменгі жақ сүйегі жоғары көтеріліп, жоғарғы жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақты және мойындырықты – жақ бұлшықеттері төменгі жақсы түсіреді.
2. Қанатша бұлшық еті - m. pterygoideus төменгі жақ сүйегінің медиальды бетінде орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады. Қанатша медиальды бұлшық ет таңдай және қанатша сүйектерден басталып, төменгі жақ сүйегінің қанатша ойысында аяқталады. Қанатша латеральды бұлшық ет – медиальды бұлшық етпен бірге басталып, төменгі жақ сүйегі бұтағының артық жиегінде бекиді.
3. Самай бұлшық еті -m. temporalis начинается самай шұңқыры мен қырынан бастау алып, төменгі жақ сүйегінің етті өсіндісіне барып бекиді.
4. Қосқұрсақты бұлшық еті -m. digastricus мойындырықты өсінді мен төменгі жақ сүйегі денесінің вентральды жиегінде жатады. Ерекшеліктері: Қосқұрсақты бұлшық ет ит пен шошқада бір ғана құрсақтан тұрады.
IV. Бақылау сұрақтар:

1. Орыс және латын тілінде бастың бұлшық еттерін атаңыз.

2. Бас қаңқасында бас бұлшық еттерінің орналасуын көрсетіңіз.

19 САБАҚ



Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Омыртқа бағанының бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін оқып-зерттеу және орыс пен латын тілінде ірі қара мал қаңқасының бұлшық еттерін көрсету мен алған білімді бекіту.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары
Омыртқа бағанының бұлшық еті.

Дорсальды бұлшық ет.



1. Бұласыр тәрізді бұлшық ет - m. splenius мойында жатқан жалпақ ет. Оны латеральды бетінен трапеция, ромб тәрізді және иық-бас бұлшықеттер жауып жатады. Бұласыр тәрізді бұлшық ет алғашқы төрт көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, бас және мойын бөліктеріне бөлінеді.

2. Омыртқа бағанының тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus бассүйек пен құйымшақ аралығында жатқан ұзын ет. Олар арқа, мойын, бас және атлант бөліктерінен тұрады.

а) арқаның тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus dorsi – омыртқалардың жоталық және көлденең қабырға өсінділері аралығындағы кеңістікте жатады. Ол өзінің күшті сіңірлі ұштарымен мықын сүйегінің қырынан, құйымшақ, бел және соңғы 4-5-ші көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, соңғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді.

б) мойынның тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus cervicis – көкірек бөлігінде арқаның тым ұзын, ал мойын бөлігінде сыртынан вентральды тісті бұлшық еттерімен жабылып жатады. Ол 5,8-ші көкірек омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталады да, өзінің тісті ұштары арқылы соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының көлденең қабырға өсінділеріне бекиді.

в) бастың тым ұзын бұлшық еті -m. longissimus capittis бірінші көкірек пен соңғы мойын омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталып, самай сүйегінің емізікше өсіндісінде аяқталады.



г) атланттың тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus atlantis бастың ұзын бұлшық етімен бірге басталады да, ауыз омыртқаның қанатына келіп бекиді.

3. Арқа мен мойынның жоталық бұлшықеті - m. spinalis et semispinalis dorsi et сervicis бел және көкірек омыртқаларының жоталық өсіндісінен басталады. Оның жекеленген тістері 7,1-ші көкірек омыртқасының жоталық өсінділерінің каудальды жиегіне және соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.

4. Бастың жартылай жоталық бұлшық еті - m. semispinalis capitis латеральды бетін бұласыр тәрізді және бастың тым ұзын бұлшық еттері жауып жатады. Ол алғашқы 6,7-ші көкірек және соңғы мойын омыртқаларынан басталып, шүйде сүйегінің қырына барып бітеді.

5. Мықын-қабырғалық бұлшық ет - m. iliocostalis – тым ұзын бұлшық еттің латеральды жағында орналасқан. Оны дорсальды тісті бұлшық еттер жауып жатады. Бұл бұлшық ет бел, арқа және мойын бөліктеріне бөлінеді.

6. Көпбөлікті бұлшық ет – m.multifidus-относится арқаның тым ұзын бұлшық етінің астында, құйымшақ пен екінші мойын омыртқаның аралығында, омыртқаларға жабысып жатқан бұлшық ет. Оның жекеленген будалары омыртқаның емізікше өсінділерінен басталып, алдында жатқан омыртқалардың жоталық өсінділеріне бекиді.

7. Көлденең өсінді аралық бұлшықеттер - mm. Intertransversarii – омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасады.

8. Жота өсінді аралық бұлшық еттер - mm .interspinales – омыртқалардың жоталық өсінділердің аралығында жатады. Ол омыртқа бағанының мойын бөлігінде жақсы дамыған.






Сурет-30. Тұлғаның беткей бұлшық еті. А – ит; Б – шошқа; В – іқм, Г – жылқы. 1 – иық-бас бұлшық еті, 2 – трапеция тәрізді бұлшық ет (мойын бөлігі), 3 – арқаның тым жалпақ бұлшық еті, 4 – дорсальды тісті экспиратор, 5 – құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті, 6 – тігінші бұлшық еті, 7 – санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық еті, 8 – ортаңғы бөксе бұлшық еті, 9 – беткей бөксе бұлшық еті, 10 – санның екі басты бұлшық еті, 11 – төс-бас бұлшық еті, 12 – атлант-акромион бұлшық еті, 13 – дельта тәрізді бұлшық ет, 14 – иықтың ұшбасты бұлшық еті, 15 – көкіректің терең бұлшық еті, 16 – кеуденің вентральды тісті бұлшық еті, 161 – мойынның вентральды тісті бұлшық еті, 17 – құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, 171құрсақтың жалпақ сіңірі, 18 – мықын-қабырғалық бұлшық ет, 19 – көкіректің беткей бұлшық еті, 20 – бұласыр тәрізді бұлшық еті, 21 – кеуде-қалқанша және кеуде-тіл асты бұлшық еті.

IV. Бақылау сұрақтар:

1. Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін орыс және латын тілінде атап көрсетіңіз.

2. Ірі қара малдың қаңқасында омыртқа бағанының бұлшық еттері қайда орналасқаның көрсету.

20 САБАҚ



Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Омыртқа бағанының бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшық етін оқып-зерттеу.

1. Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ қаңқасын тұлғаға бекітетін бұлшықеттерін оқып-зерттеу.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.



IV Бақылау сұрақтары

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет