Жапырақ=жүрек ұқсастығы тек пішіндік қана емес, ішкі ұқсастықтарға да негізделген. Ақын өлеңдерінен жапырақтың дірілі мен жүректің лүпілін егіздей, астастыра бейнелейді : Сен қалтырамашы жалғыз жапырақ



бет6/6
Дата11.05.2020
өлшемі28,26 Kb.
#67214
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Айдана Тәңірберген фқт-41
ОМӨЖ1 ХамитАБ МагистрГеография, Лабы Java Piton, Ұстаздық-ұлы құрмет, 1-сабақ Көп тіл білгім келеді , Абайтану бағдарлама, !10-ОШ БЖБ Информатика 7-сын қаз, Рассказ о здоровом образе жизни
Жел еді!

Жел еді ғой жұбатуға асыққан

Ол да өзіңдей жетім еді себебі

Көңіл-күй, сезімдік құбылыстар жел мен «сен» арқылы айқындалып, сол бағытта мұң, қайғы көрсетіледі. Жел адам кейпінде танылып, әртүрлі мінезге ие кейіпкер тұлғаланады. Ашулы, көңілді, мейірімді, қатал мінездерімен бейнеленетін жел бұл өлеңде мұңлы, мейірімді, сезімтал.



Тағы, тағы, тағы да,

Жылап алғың келді сенің ағыла.

Түнгі бақта өксіп ұзақ отырдың,

Желден өзге кім келіп ед жаныңа

Жылаған кейіпкердің көз жасын құрғатып,

Жалғыз қалғанда қасынан табылған, серік болып.

«Желтоқсандағы жырлар»:

Қыз-қайыңды көшеде шаштан алып,

Сабап жатты содыр жел масқара ғып.

Нән теректер бастарын сауғалады,

Көп қабатты үйлерді баспана ғып...

Алаңға шыққан жастардың соққыға жығылғандығы, қорғансыз қыздарға содыр соққы тигені рас нәрсе. Ақын осы қиянат пен келеңсіздікті содыр желдің қыз-қайыңды шаштан алып сабағаны түрінде бейнелесе, жазықсыз жастарға қорған бола алмаған зиялы қауымның харекетін нән теректердің көп қабатты үйлерді баспана етіп бас сауғалағаны түрінде тұспалдайды.



Күндер өтті...

Жел кеткен мекеніне,

Ит біле ме мекенін, кетеді де.

Қайың да жоқ...

Орнында жапырақтар

Самал соқса ұшады көтеріле...

– деген жолдармен түйінделеді. Бәрі де өткен. Қайың да, қайыңды шаштан алып сабаған жел де жоғалған. Қайыңнан белгі – самал соқса көтеріле ұшатын жапырақтар ғана қалған. Жел – самалмен ауысып, оның жапырақпен қарым-қатынасы бейбіт сипатқа көшкен.

Ақын өлеңдерінен кездесетін осындай символдық бейнелер мен бейнелеулер:



Күз: «жадау қабақ, жалбыр бұлт күз», «қоңыр самал боп жеткен күз», « есіл күз», «күз деген күрең тай», «жетім күз», «қоңыр күз», «дөкір күз», «күз‐ тозақ», «айман‐ күз» , «мұңды күз», «сары күз».

Жапырақ: «сенің ғазиз жапырағыңдай», «Жапыраққа айналып кетсем мен», «Жапырақ келді өмірге», «Жалғыз жиде жапырағынан айрылған», «Теңселіп жапырақ», «жапырақ жайған бір ағаш».

Түйе: «сандық өркеш», « сары нар», “шабынған үлек”,” ақ мая”,” кер үлек”, “қара бура”, «Өркеш өркеш құмды», «өркеш жатаған құм», «сүт тайлақтың», « түс түйе боп»,

Аспан: «Аспан – Алла мекені», «таңғы аспан», «басыр аспан», «мұңды аспан», «қара аспан», «зіл аспан», «Қара қыжым арғы ғалам», «Айнам, аспан».

Пері : «бұла күз қыз боп пері», «пері қызын», «перідей мүсінін», «пері-толқын», «Су перісі».



Жел: «самал жел», «әйлеңкес жел әулікпелі», «қоңыр самал», «әуенді ала қашып ескен жел», «жібек жел», «бұлтты үрлеген самал», «есер жел», «желпіне соққан жел», «бала боп жүгірген жел», «бәйек боп тіл қатқан, көз жасын құрғатқан жел», «жетім жел», « содыр жел».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет