Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар



бет1/8
Дата13.05.2024
өлшемі2,86 Mb.
#202073
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қызықты тапсырма, практика
13 сабақ. XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым, Жұбанов 2

Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Әдемі кілемшелер
Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Өз үйіңді тап
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.
Мынау қай пішін?
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Сиқырлы суреттер
Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Не қайда тұрады?»
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
Керекті құрал-жабдықтар: Жануарлардың және олардың тұратын орталарының суреттері
Шарты: Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет