Жапсырмалау



бет4/5
Дата28.02.2022
өлшемі31,88 Kb.
#133721
1   2   3   4   5
Байланысты:
e4276cba-9cd1-43ad-8122-8bd2140389e4
Реф. Д, Силлабус Мәдениеттану 2022-2023 өзгертілген 5, 1742715011416890, Қан топтары
Домалақтау (скатывание)-бір кесек материалға шар типтес пішін береміз, оның беті тегіс болуы керек. Бір кесек материалды алақанымызға саламыз және ақырындан шар пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақ.Бір кесек пластилиннен биіктігімен ұзындығын қызанақтың үлкендігіне сәйкестеп алып, шар пішініне келтіреміз. Екі жақ бетіне шұңқырлап жасап қызанақтың пішініне келтіреміз. Тегістеу (раскатывание)-бір кесек материалды жұмыртқа пішініне және цилиндр баған пішініне келтіреміз.Жаңағы кесекті алақанымыздың арасына салып, алақанымызды арлы-берлі қозғаймыз, сонда бір кесек материал цилиндр пішініне келеді. Жұмыртқа пішініне келтіру үшін, алақанымызды көлбеулеу ұстап, арлы-берлі ыспалаймыз. Мысалы, сәбізді жапсырмалағанда домалақтап аламыз да, оны жұмырлаймыз, одан ыспалау арқылы ұзын конус аламыз. Сонда сәбіздің пішіні шығады. Жаймалау (сплющивание)-бір кесек материалды бірқалыпты алақанымыз арасына салып қоямыз, сонда тығыз пішінді материал пайда болады.Осы шарды алақанымызбен не саусағымызбен жаймалаймыз, шелпек пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақты (помидорды) жасау үшін, оны алдымен шар пішініне келтірдік емес пе, одан кейін нәрсенің пішінінің белгілерін сипаттадық, яғни оны жаймаладық. Шымшу (пришипывание) - жапсырмалау кезінде ұсақ детальдарын жасау үшін қолданылатын әдіс. Үлкен кесектен қатты шымшу арқылы, екінші деталь жасалынады. Мысалы, клюкваны жапсырмалағанда, құйрығын жасау үшін шымшу және тарту (оттягивания) әдісі қолданылады. Егер пластикалық материалдың бір бөлігін шымшу арқылы тартып алып, оны өзімізге қарай соза тартсақ, және одан нәрсенің бір бөлігін жасасақ-бұл әдіс тарту деп аталады (оттягивание). Үтіктеу (заглаживания)-жазық, тегіс беттерді кескіндеу үшін, үстіне мата салып саусағымыздың ұшымен тегістейміз. Саусағымызды арлы-берлі қозғау арқылы тегістейміз. Нәрсенің бетін аздап суланған мата арқылы, матаның сыртынан тегістейміз. Бұл әдіс нәрселерді бір-біріне қосқан кезде, жұмысты аяқтау кезінде қолданылады.
Тәсілдері
Күрделі құрылымдарға пішін беру үшін, көбіне саусағымызды пайдаланамыз. Бірнеше бөлімдерден тұратын (адамның фигурасы және жан-жануарлардың) нәрсеге пішін беру үшін, мынадай бірнеше тәсілді пайдалануға болады. 1.Пластикалық тәсіл 2.Конструктивтік тәсіл 3.Аралас тәсіл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет