Ұйымдастырылған оқу әрекетінің картасы №1 Күні



Дата30.03.2022
өлшемі21,43 Kb.
#137299
Байланысты:
10.02 мүсіндеу


Ұйымдастырылған оқу әрекетінің картасы №1
Күні:10.02.2022
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Құстарға жем шашайық



Атауы

2-3 жастағы балалар

Мақсаты/

Ермексазды шымшып үзіп алу әдісін бекіту және домалақ,жымыр мүсін туралы мағлұмат беру,ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін үйрету

Міндеттері



1. Ермексазды шымшып үзіп алу әдісін бекіту және домалақ,жымыр мүсін туралы мағлұмат беру,ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін үйрету;
2. Қол машықтарын дамыту;
3. Таза, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер

Біледі: Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақтап алып, оны сопақтап есу арқылы пирамида жасайды.
Игереді: Тауық пен шөжелері немен қоректігін, үй құстары қайда тұратынын, олардың адамға пайдасын түсінеді.
Меңгереді: Ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын

Әдіс-тәсілдер

көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, қорытындылау.



Құралдар

демонстрациялық көрнекіліктер, ермексаз , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, диаметрі 5мм болатын кішкене дөңгелекшелер, 10 – 20 дана, ойыншықтар – мысық, тауық пен балапан.

Полилингвальді құрам

Тауық – курица-CHICKEN, балапандар – цыплята- CHICKENS.

Оқу іс-әрекет кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Кіріспе

I. Жұмыс істеуге


жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 3 минут
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
3 – 8минут



1. Ғажайып сәт
-Балалар, естеріңде ме?
«Ку – ка – ре – ку». Бұл не?
-Бізге қонаққа тауық пен балапан келіпті.
Келіңдер, олармен амандасайық.
2.-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Балалар, тауық қайда тұрады?
-Тауық – үй құсы. Сендер басқа тағы қандай құстарын білесіңдер?
-Балалар, тауық бізді ойнауға шақырып тұр.
3.Сергіту сәті
Қораз, қораз, қоқылдақ,
Жемді жейсің шоқып ап.
Қанатты кең жаясың,
Иығыңды көтеріп,
Мойыныңды тез – тез созасың.
Жан – жағыңа қарай сап,
Шақырасың қоқ – қоқтап!
-Ку – ка – ре – ку!
4.Ойын: «Бақшадағы балапандар»
-Мына алаңға қараңдаршы,онда жасыл шырша өсіп тұр. Тауық балапандармен алаңға келіп: «Ку – ка – ре – ку» - деп шақырады.
-Менің балапандарымның тамақ ішкісі келіп тұр!
-Менің балапандарым жемді жақсы көреді. Тауық алаңнан жем іздейді, бірақ таппайды.
-Келіңдер, тауық пен балапандарға жем шашайық. Қарындары ашып қалыпты.
-Қараңдар, үстелдеріңнің үстінде ермексаздан жасалған кішкене түйіршіктер бар екен. Олардың түсі қандай?
-Одан дөңгелекшелер жасап, оны жасыл шөпке қоямыз, саусақпен басамыз. Қараңдар міне былай.
-Бұл тарылар. Барлық балапандарға беру үшін көп дөңгелекше жасау керек!
5. Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Тауық тарыны шұқып тұрып:
-Ко – ко – ко! Рақмет! Өте тәтті тарылар! – дейді.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл - қозғалысын жасайды.
Балалардың жауаптары

Қимыл-қозғалыспен орындайды


Ойын ойнай. Балапандарға жем(тары) мүсіндейді
Түсін атайды

Дөңгелекті қызықтана домалатады


Әр балаға жеке дара көмек көрсетіледі, нұсқау беріледі

Қорытынды
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
8-10минут

-Балалар жарайсыңдар, көп жем жасап, тауық пен балапандарды азықтандырады.
-Не үйрендіңдер? Естеріңде не сақталды?

Балалар қуанышты жүздерін көрсетеді.
-Үй құстары жайында
-Ермексаздан тары жасайтынын үйрендік.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет