Жаратылыстану факультеті



бет3/9
Дата26.03.2020
өлшемі0,67 Mb.
#60807
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.lektsiya fpza
5Ә ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІ, Расписание на май 2022

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар:

    1. Ғылыми әдіснама және оның түрлерін көрсетіңіз

    2. Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасын түсіндіріңіз

    3. Педагогика саласындағы зерттеулерді атаңыз

    4. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулерді жіктеңіз

    5. Зерттеу бағдарламасының құрылымын талдаңыз

    6. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыз.


ОБСӨЖ тапсырмалары: Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.

СӨЖ тапсырмалары: Қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулердің мәселелері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -328 б.

2. Дейл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық

аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -592 б.

3.Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. - Астана : Фолиант, 2015. - 120 б.

4. И.Э.Сулейменов, О.А.Габриелян, В.В.Буряк, Н.В.Сафонова и др. Организация и планирование научных исследований: Учеб. пособие для обучающихся в магистратуре. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 336 с.

5. Сарыбаева Ә.Х.Бoлашақ жаратылыстану мұғалiмдерiнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде

электрoндық oқулықтарды қoлданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi. Монография. -

Шымкент: Нұрлы бейне, 2018. -160 б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Қаңтарбай С.Е. Жүсіпова Ж.А.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.– Алматы, 2011. – 265 б.

  2. Д. Қ. Пошаев. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент : Нұрлы бейне, 2011. - 184 б.

  3. Р. Ж. Аубакирова, М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2011. - 128 б.

  4. Ю. К. Бабанский , В. И. Журавлев, В. К. Розов. Введение в научное исследование по педагогике. - М. : Просвещение, 1988. - 239 с.

  5. А. К. Мынбаева. Основы научно-педагогических исследований. - А.: Қазақстан университеті, 2013. - 220 с. 

  6. М. Н. Скаткин. Методология и методика педагогических исследований (в помощь начинающему исследователю). - М. : Педагогика , 1986. - 152 с. 


WEB сайттар тізімі

http://metodologia.fo.ru/wiki/

http://psyera.ru/4988/metody-pedagogicheskogo-issledovaniya

http://si-sv.com/Posobiya/teor-pedag/Tema_2.htm

http://studbooks.net/32062/pedagogika/metody_pedagogicheskih_issledovaniy


Лекция№4

Физика пәнінен зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау-ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі

Лекция жоспары:

  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

  2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

  3. Проблеманы қою және дамыту

Лекция мақсаты мен міндеттері: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны: 1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:


  • ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

  • жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

  • тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

  • ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.

Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Зерттеу тақырыбын анықтай отырып, оның көкейкестілігін төрт бағытта қарастыруға болады:

- көпшілік жұртшылықтың бұл зерттеуді қажетсіну;

- қоғам талабына сай болу;

- тәжірибедегі маңыздылығы;

- теориядағы зерттелуі.

Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде білімге қоятын талаптарының қысқаша көрініс табуы, педагогикалық ғылымды дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық маңыздығы, мәнділігі, мәселеге ғылыми әдебиеттерде талдау жасалынғаны және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін осы зерттеудің дер кезінде жүргізілетіні ( қазіргі уақытта неге нақ осы проблеманы зерделеу қажет?).

Зерттеу тақырыбын негіздеу - нақты тақырыпты зерттеу қажеттілігін растау;

Тақырыпты алғашқы негіздеу – мәселе бойынша ғылымның жай- күйін қысқаша сипаттау және нашар немесе жеткіліксіз әзірленген сұрақтарды нақтылау. Тақырыпты екінші қайтара негіздеу ғылымдағы қандай да бір сұрақтардың жеткіліксіз әзірленгендігіне байланысты қанағаттандырылмаған педагогикалық тәжірибенің қажеттілігінен туындайды.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.

Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:



  • Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).

  • Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).

  • Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);

  • Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

  • Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).

  • Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».

Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.

Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).


3. Проблеманы қою және дамыту



1. Проблеманы қою

Қарама – қайшылықтарды тіркеу

Сұрақтар

Ізденіс бағыты және нәтижелері

2. Проблеманы негіздеу

Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау

Негіздер (алғышарттар)

Бейне (нәтиженің жобасы)

Кішігірім проблемалар, міндеттер

3. Проблеманы анықтау


Тақырыппен жұмыс кезеңдері:



  • педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.

  • Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.

  • Нақты пәндік зерттеуді анықтау.

  • Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.

  • Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.

  • Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.

  • Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар:

  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызын көрсетіңіз

  2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттарын түсіндіріңіз

  3. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптарды атаңыз

  4. Проблеманы қою және дамыту мәселелерін түсіндіріңіз


ОБСӨЖ тапсырмалары: Ғылымның логикасы.

СӨЖ тапсырмалары: Зерттеу тақырыбын негіздеу
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -328 б.

2. Дейл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық

аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -592 б.

3.Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. - Астана : Фолиант, 2015. - 120 б.

4. И.Э.Сулейменов, О.А.Габриелян, В.В.Буряк, Н.В.Сафонова и др. Организация и планирование научных исследований: Учеб. пособие для обучающихся в магистратуре. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 336 с.

5. Сарыбаева Ә.Х.Бoлашақ жаратылыстану мұғалiмдерiнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде

электрoндық oқулықтарды қoлданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi. Монография. -

Шымкент: Нұрлы бейне, 2018. -160 б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Қаңтарбай С.Е. Жүсіпова Ж.А.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.– Алматы, 2011. – 265 б.

  2. Д. Қ. Пошаев. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент : Нұрлы бейне, 2011. - 184 б.

  3. Р. Ж. Аубакирова, М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2011. - 128 б.

  4. Ю. К. Бабанский , В. И. Журавлев, В. К. Розов. Введение в научное исследование по педагогике. - М. : Просвещение, 1988. - 239 с.

  5. А. К. Мынбаева. Основы научно-педагогических исследований. - А.: Қазақстан университеті, 2013. - 220 с. 

  6. М. Н. Скаткин. Методология и методика педагогических исследований (в помощь начинающему исследователю). - М. : Педагогика , 1986. - 152 с. 


WEB сайттар тізімі

http://metodologia.fo.ru/wiki/

http://psyera.ru/4988/metody-pedagogicheskogo-issledovaniya

http://si-sv.com/Posobiya/teor-pedag/Tema_2.htm

http://studbooks.net/32062/pedagogika/metody_pedagogicheskih_issledovaniy



Лекция №5

Физикадан курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты

Лекция жоспары:

1.Педагогикалық зерттеудің этаптары

2.Курстық жұмыс және оның құрылымы

3.Дипломдық жұмыс және оның құрылымы

4.Тақырып таңдаудың маңыздылығы

Лекция мақсаты мен міндеттері: Курстық және диплом жұмыстарының құрылымын,мазмұнын,ғылыми аппараттарын қарастыру.

Лекция мазмұны: Педагогикалық зерттеудің динамикасын қарастырмас бұрын, жалпы категорияларды, кез келген әрекетпен сипатталатын мақсат, нәтижені қолдануымыз қажет. Жалпы ғылыми деңгейдегі ұғымдар: эмпирикалық суреттер, теориялық модель, нормативтік модель, проект. Осы айтылған терминологияны қолдана отырып, педагогикалық зерттеу логикасының этаптарын көрсетеміз.

Қозғалыс мақсаттан басталады. Мақсат – бұл нәтиженің көрсеткіші.

Педагогикалық зерттеудің логикасын көрсетуде педагогикалық болмыстың эмпирикалық суреттемесін, танымдық суреттемесін, нормативтік ортаны анықтап алуымыз керек.

Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер – бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.

Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т.б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т.б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.

Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау.

Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.

Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.

Курстық жұмыстың міндеттері:


  • педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;

  • педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;

  • өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;

  • теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондай-ақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;

  • педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.

Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.

Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.

Ғылыми жетекшінің міндеттері:


  1. Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;

  2. Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);

  3. Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).

  4. Жұмыс барысын ұдайы бақылып отырады;

  5. Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.

Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.

Курстық жұмысты дайындау 4 кезеңнен тұрады




Кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жұмыс мазмұны

Күнтізбелік уақыты

Дайындық кезеңі

1. Зерттеу әдіснамасы, процедурасы, әдістемесімен танысу. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар

Дәріс

3-семестр

(1-2 апта)




2. Ой жұмысын тиімді ұйымдастыра білу.

ҒПЗ әдебиеттерін оқу. Жетекші нұсқауы



3. Тақырыпты таңдау. Жұмыс бағытын және көлемін анықтау

Ғылыми жұмысқа нұсқау (жеке)



4. Курстық жұмысты дайындау жоспар-кестесін құру

Нұсқау-бақылау



2-кезең Курстық жұмыстың мазмұнын бағдарлы жоспарлау

1. мақсат, міндет, обьекті, пәнін анықтау

Курстық жұмыс тақырыбының мазмұнымен танысу

Қараша (3-4 апта)

2. ҒПЗ әдістерін таңдау

ҒЖ нұсқаулар (проблемалық топ)



3. Әдебиеттер тізімін дайындау

Кітаптармен жұмыс



4. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу-бағдарламасын анықтау (бақылау, әңгіме, сұхбат алу, құжаттарды тексеру, оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, анкета)

ҒЖ нұсқаулар (топпен)

ҒЖ нұсқаулар (жеке)

Желтоқсан (1-2 апта)



3-кезең тақырып бойынша деректерді жинау, жүйеге келтіру

1. Сұрақ бойынша теория және тарихымен танысу



Әдебиеттерді оқу, теориялық талдау, үзінді, сілтеме, конспект, баспасөз материалдарын жүйелі оқу

3-семестр



2. Озық тәжірибемен танысу. педагогикалық тәжірибе барысында жұмыс жүргізу.

Оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, түрлі әдістерді қолдану


3. Материалдарды жүйеге келтіру



Картотека дайындау, материалды жүйелеу, (әдебиеттер бойынша, жоспар бойынша)



4. Материалды топтау




4-кезең

1. Курстық жұмыстың композицияларын дайындау


Курстық жұмыстың жоспар жобасын дайындау және ғылыми жұмысты талқылау


2. жазбаша баяндау. Қорытынды. Курстық жұмыстың 1-варианты



Жоспар бойынша материалды баяндау, талдау, қорытындысын өзара рецензиялау


3. Өңдеу, жасақтау


Ғылыми жұмысты рецензиялауы




4. Қорғауға баяндама дайындау



Ғылыми жұмыс нұсқауы


5. Курстық жұмысты қорғау



Курстық жұмыс бойынша баяндама жасау



Дипломдық жұмыс – жоғары оқу орны студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі ретіндегі дербес жазбаша жұмысы. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесінің моделі төмендегідей:


Кезеңдері


Жұмыс мазмұны


Жұмыс түрі, әдістері


Орындау уақыты



1-кезең. Дайындық

1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі бойынша білімін жаңғыртып, жетілдіру.

2. Дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар.

3. Тақырыпты таңдау.

4. Жұмыс жоспары кестесін дайындау.




1.Зерттеу әдіснамасы, әдістемесі туралы нұсқау беру.

2. Түсіндіру-әңгіме.

3. Ой еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру туралы әдебиеттер ұсыну.

4. Ғылыми жетекшіден жеке нұсқау алу.




3 (2) курстың екінші оқу жылында дипломдық жұмыстың тақырыбын алдын ала анықтау. Диплом тақырыбын бекіту (кафедра, ғылыми кеңес)

2-кезең. Диплом жұмысының мазмұнын жоспарлау. Зерттеу әдістемесін дайындау.



1.Мәселені зерттеу пәнін, мақсатын, міндеттерін, ғылыми болжамын анықтау. Диплом құрылымымен жұмыс

2. Әдістемені негіздеу. Зерттеу әдістемесін дайындау немесе таңдау.

3. Диплом жұмысына теориялық және тәжірибелік материал көзін анықтау

А) библиография дайындау;

ә) тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу орнын белгілеу.

4. Озық тәжірибені зерттеу бағдарламасын дайындау

5. Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының бағдарламасын әзірлеу.

1. Әдіснама және зерттеу әдістемесі негізінде диплом жобасын дайындау.

2. Диплом жобасын ғылыми жетекшімен қарау.

3. Кітапханада жұмыс істеу. Дерек көздерінің картотекасын дайындау.

4. Ғылыми жетекшінің жеке нұсқауы.

5. Зерттеу бағдарламасын дайындау. Ғылыми жетекшінің нұсқауы.


Айын көрсету керек.


3-кезең.


Өзіндік зерттеу жұмыстары

1. Диплом жұмысына байланысты мәселенің тарихын және теориясын зерттеу.



1. Әдебиеттермен жұмыс (сілтеме, үзінді, конспекті, аннотация)

  • Диплом жұмысының жоспарына сәйкес жинақталған материалды жүйеге келтіру.

  • Әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау жасау (әдіснамалық негізін анықтау);

  • Мәселе бойынша тарихи тұрғыдан елеулі көзқарастарды топтау, зерттеу пәні бойынша өз қатынасымды білдіру;

  • Әдеби көздерге ғылыми-теориялық талдау жасау негізінде мәнжазба дайындау;

  • «Мәселе бойынша қалыптасқан теориялар» атты хабарлама дайындау.

2.Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, сұхбат, анкета, мектеп іс-қағаздарын және оқушылар әрекетінің өнімдерін зерттеу:



  • Алынған материалдарға талдау жасау;

  • Ғылыми-әдіснамалық баяндама дайындау және мектеп мұғалімдері алдында әртүрлі конференцияларда баяндама жасау;

3.Педагогикалық эксперимент, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар.



  • Алынған материалдарға талдау жасау және қорытындылау;

  • Осы материалдар негізінде ғылыми-әдістемелік баяндама дайындау және келешекте ғылыми жұмысты жалғастыру.

4.Қосымша бақылау, тәжірибелер, іздену жұмыстары.




4-кезең. Тақырып бойынша зерттеу жұмысының нәтижесін насихаттау және педагогикалық үрдіске ендіру.


1. Ауызша және баспасөзге мәселе бойынша ғылыми мақалалар жариялау.



1. Мектеп педагогикалық кеңесінде, оқу-әдістемелік бірлестіктерде, жоғары оқу орындары студенттері, оқытушы-профессорлар алдында, әр түрлі конференциялар, семинар-практикумда баяндама жасау.

2. Баспасөзге материалдар дайындау.

3. Мұғалімдер, класс жетекшілері, кураторларға мәселе бойынша әдістемелік нұсқау, көрнекіліктер дайындау.

Уақыты көрсетіледі.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет