«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау



бет21/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
3. Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау
Оқушыларға физикалық сұрақтарды, дәл мәселелерді қою оқулықпен жұмыс істеуге бағытталған сипат береді. Бұл олардың қойылған сұраққа жауап іздеуіне, оны табу үшін мәтінге терең үңілуіне бағыттайды.. Оқулықпен жұмыс істеу кезіндегі оқушыларға дұрыс ұйымдастырылып берілген сұрақтардың жүйесі, оларды талдау, іріктеу, салыстыру сияқты ойлау операцияларын қалыптастырады. Олардың негізінде жалпы мен ерекшені ажыратуға үйретеді.
Алайда оқушылардың әдебиетпен өзіндік жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру үшін осындай әрекеттермен ғана шектеліп қою жеткіліксіз. Бұл жағдайда оқушылар кітаптан тек жеке сұрақтарды табуды ғана үйренеді, оларда оқылған мәтіннен негізгі ойды бөліп алу ебдейлігі қалыптаспайды. Олар өздігінен білім алуға қажетті деңгейге көтеріле алмайды.
Төменде жоғарғы сынып оқушыларының физика курсында құбылыстарды, заңдарды және теорияларды оқу кезіндегі жұмыс істеген жоспарлары келтірілген. Олар жалпыланған сипаттағы жоспарлар деп аталады, себебі кез келген құбылыстарды, заңдарды және теорияларды оқуға жарамды.



  1. Жоғарғы сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Жоғарғы сынып оқушыларына әр пән бойынша берілетін өзіндік жұмыстардың өз ерекшеліктері бар. Оқушылар жұмысты ойдағыдай және нәтижелі орындауы үшін пән мұғалімдері өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін білуі тиіс.


Пән бойынша жоғарғы сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда келесі фактілерді ескеру керек:
1) 7-8 сынып оқушыларының практикалық және тану ебдейліктерін бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым жоғары деңгейде құру. Бұл оқушыларға өз бетімен орындауға берілген тапсырмалардың күрделі болуын қажет етеді.
2) Жоғарғы сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық және ойлау қарекеттерінің ескерілуі.
Бұл ерекшеліктер мыналардан тұрады:
- жалпы теориялық дайындығы төменгі деңгейдегі жоғарғы сынып оқушыларының өзіндік жұмысқа белсенді қатысу үрдісі 7-8 сынып оқушыларына қарағанда анағұрлым баяу өтеді;
- жаттығу жұмыстарының бір түрінен екіншісіне кірісу үрдісінің уақыты төменгі сынып оқушыларымен салыстырғанда едәуір жәй өтеді, мысалы, мұғалімнің түсіндіргенін тыңдаудан, оқулықпен өзіндік жұмыс орындауға немесе кітаппен дербес жұмыс істеуден, әңгімелесуге қатысуы;
- жаттығу түрлерін көп мөлшерде қолданғанда жұмыстың бір түрінен екіншісіне өтуі баяу болғандықтан, сабақта тез жалығу пайда болып өз жұмысына қанағаттанбайды;
- бірақ олар пән бойынша үйде өз бетімен анағұрлым тиімді, көңіл аударып және мұғалім ұсынған әдебиеттермен ынталы жұмыс істеуі, сонымен қатар берілген есептердің шешімін табуы мүмкін;
- жоғарғы сыныптағы көптеген оқушылардың сын көзқарастары жақсы дамығандықтан, қарастырылған мәселелерді толық талдауға және туындаған күмәндарын тексеруге ұмтылады. Бұрынғы қалыптасқан білімдерімен, көзқарастарымен үйлеспейтін түсініксіздікті «есте сақтау» үшін, «сену» үшін қабылдамайды. Олар өз пікірлерін ашық айтып (әрине, егер мұғалім бұған мән беріп, аңғарып отырса), мұғалімнен өздерін ойландыратын сұрақтың жауабын алуға тырысады. Осы мақсатта ұстазы ұсынған кітаптар мен мақалаларды, теледидар, радио және де басқа ақпарат көздерін пайдаланады.
Физика пәні бойынша жоғарғы сыныптар үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында мына фактілерді де ескеру керек:
- физикадағы оқу материалының күрделілігінің кенеттен өсуі;
- ондағы физикалық теория мен математикалық амалдарды қолданудың артуын;
- әдіснамалық сипаттағы жалпылау мен қорытындылаудың маңызының артуын.
Оныншы сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда тағы бір ерекшелікке көңіл аударылуы тиіс. Бұл ерекшелік сыныпқа басқа да тоғыз жылдық мектептерден келген түлектердің математикалық дайындық деңгейі және білім қорының әр түрлілігіне байланысты. Сондықтан оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмысты орындау дайындығының деңгейі де бірдей болмайды. Кейбір тоғызыншы сыныптағылар оқулықпен дербес жұмыс істемеген, өз бетімен есептер шығармаған (бақылау жұмыстарында берілген есептерден басқа). Ал кейбір оқушылар мұғалім өз бетімен орындауға ұсынған тапсырмалардың барлық түрімен еркін жұмыс істейді.
Келтірілген фактілер жоғарғы сынып оқушыларында өзіндік жұмысты басқаруда сабақтың қай формада, қандай ауқымда ұйымдастырылуын, тексеру әдісін және тағы басқаларын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет