Жаратылыстану институты



Дата06.02.2023
өлшемі27,56 Kb.
#167645
Байланысты:
география ғылымы


Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану институты
5В011600 – География

БӨЖ-1


Тақырыбы: География ғылымдарындағы дифференциациялық үрдістер.
Дайындаған: Бахыт Жанайым Бахытқызы
Тексерген: Тлеубергенова К.А.

География ғылымы грек тілінен аударғанда «гео – жер, графо – жазу» деген мағынаны білдіреді. Ол ғаламшардағы табиғат әлемін, халықтар және олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейді. География ілімі екі салаға бөлінеді: физикалық және экономикалық. Географ П.И. Броунов «географиялық қабық» терминін ұсынған. Географиялық қабық литосфера, гидросфера, атмосфера және биосферадан тұрады.


Литосфера – Жердің қатты қабаты.
Гидросфера – Жер ғаламшарының су қабығы.
Атмосфера – Жердің ауа қабығы.
Биосфера – Жердің тіршілік қабаты.
Физикалық география қандай салаларды қамтиды: геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляциология, геокриология.
Экономикалық география қоғамдық өндірістің аумақтық ұйымдастырылуын және де өндірістік дамуды зерттейді.
География ғылымының даму тарихы
География – өте ерте ғасырда пайда болып, қалыптасқан ғылым. Мәселен, б.з.б. 6 ғасырда «жалпы жертану» (Аристотель), елтану (Геродот) бағыттары айқындала бастады. Ал б.з.б. 1-2 ғасырларда Страбон «Елтану», Птолемей «География жөніндегі нұсқауы» атты еңбектер жазды. Жалпы алғашқы географиялық мәліметтер Шығыстың жазба деректерінен шыққан деседі. Грек ғалымы Эратосфен «География» атты еңбек жазып, табиғатты зерттеудің жан-жақты бағыттарын көрсетуге тырысады. Аталған ғылымға қосқан зор үлесі үшін Эратосфенді «географияның атасы», – деп атайды.
Планеталар – Күнді не басқа да жұлдыздарды айнала қозғалатын аспан денесі. Барлығы 9 планета, 43 планета серіктері және көптеген ондаған мың астероидтар (кіші планетар) бар. 1930 жылы Плутон планетасы ашылған және ол 9-шы ғаламшар болып есептеліп келді. Алайда кейін Плутон өз мәртебесін жоғалтты. Соңғы зерттеуге сәйкес, Плутон ендігі кезекте шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына кіреді.
Аспан денесінде сақталған 8 планеталар:
1. Меркурий;
2. Шолпан (Венера);
3. Жер (Земля);
4. Қызылжұлдыз (Марс);
5. Есекқырған (Юпитер);
6. Қоңырқай (Сатурн);
7. Уран;
8. Нептун.
Әлемде барлығы 6 құрлық (континент, материк) бар. Олар: Аустралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка. Құрлықтың 60-тан астам пайызы ғана жазық, қалғаны таулы жер. Аумағы бойынша ең үлкен құлық – Еуразия. Ең кішкентайы – Аустралия. Қазақстан Еуразия құрлығында, оның ішінде Азияда орналасқан.
Тәуелді және тәуелсіз елдерді қосқанда Жер шарында 200-ден астам мемлекет бар. Жер көлемі бойынша үлкен мемлекет – Ресей Федерациясы. Ал ең кішкентай ел – Ватикан. Қазақ елі бұл тұрғыдан алғанда әлемде 9-шы орынға жайғасқан. 2019 жылғы статистикаға сүйенер болсақ, әлемде шамамен 2 667 594 қала бар. Қазақстанда 14 облыс, 87 елді-мекен (қала және қалашықтар) бар. Миллионер қалаларды айтатын болсақ, біздің эрамызға дейін ең алғаш миллионер қала тізіміне енген ол – Рим қаласы. Елімізде 3 миллионер қала тіркелген: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент.
Ең дамыған 10 мемлекет: Швеция, Германия, Лихтенштейн, Ирландия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Нидерланды, Австралия, Норвегия.
Мұхиттар, теңіздер, өзен-көлдер:
Жер бетінде 4 мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды.
Ең үлкен мұхит – Тынық.
Ең кішкентайы – Солтүстік Мұзды.
Каспий, Арал, Өлі, Галилея теңіздерін қоспағанда, жер жүзінде шамамен 90 теңіз бар.
Ең терең теңіз – Филиппин.
Ең үлкен теңіз – Саргассово.
Әлемде қанша өзен-көл барын нақты ешкім айта алмайды.
Ең ұзын өзен – Ніл.
Ең суы мол өзен – Амазонка.
Еліміздегі ең суы мол әрі ұзын өзен – Ертіс.
Ең терең көл – Байкал.
Ең ірі көл – Виктория.
Әлемдегі ең үлкен және тұйық көл – Каспий теңізі.
Қазақстанда 50 000-ға жуық көл бар.
Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель.
Орталық Азиядағы ең биік сарқырама Қазақстанда орналасқан. Ол – Жоңғар Алатауындағы Кора өзенінің шатқалында орналасқан Бұрханбұлақ сарқырамасы.
Таулар
Жер бетіндегі ең биік тау – Непал мен Тибеттің шекарасында етек жайып жатқан Гималай тауындағы Эверест шыңы (Джомолунгма). Биіктігі – 8848 метр. Әлемдегі ең ескі тау – Орал таулары. Қазақстандағы ең биік тау – Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Биік нүктесі – 6995 метр.
Тіршілік әлемі
Әлемде шамамен есептегенде жануарлардың 1 600 000 түрі, 17 типі мекен етеді. Өсімдіктер дүниесінің 375 000-ға тарта түрі тіршілік етеді. Ең ірі жануар – Африка пілі. Ең кішкентай құс – Колибри. Ең жылдам қозғалатын құс – Ителгі. Ең ірі құс – Африка түйеқұсы. Ең ауыр жыртқыш – Касатка. Ең ұзын құрт – Солтүстік теңіз немертині. Ең жылдам жануар – Қабылан. Ең үлкен өрмекші – Құс жейтін өрмекші. Ең үлкен шаян – Өрмекші-шаян. Ең ауыр жәндік – Голиаф-қоңыз. Ең биік сүтқоректі – Керік. Ең ірі жылан – Анаконда. Ең жылдам ұшатын бунақденелілер – Инелік. Ең ірі жапырақ – Рафия пальмасы. Ең ірі тұқым – Кокос пальмасы. Ең ежелгі өсімдік – Каучук ағашы, антарктикалық қына. Ең ежелгі, тірі ағаш – Қылқанды қарағайлар (5000 жыл тіршілік етіп келеді). Ең биік шөп – Бамбук. Ең қауіпті саңырауқұлақ – Боз арамқұлақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет