Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті



бет2/12
Дата27.09.2022
өлшемі212 Kb.
#150947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мол био сил Назерке 2022 новый
Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары, биолог Айтуған тест, Тегі
1 Пән туралы мәліметтер
Пәннің атауы, коды: MB 4309 - «Молекулалық биология»
Кредиттер саны: 5
Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: Сабақ кестесіне сәйкес


Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер: Ботаника, Зоология, Цитология және гистология.
Постреквизиттер: Микробиология, Биотехнология негіздері, Генетика, Клеткалық биология, Иммунология.


2. Оқу пәнінің сипаттамасы
Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы ғылым, биология ғылымдарының арасында негізгі орындардың бірін иеленеді. Генетика, биохимия және биофизика ғылымдарымен тығыз байланысты. Медицина (вирусология, иммунология, онкология, т.б.), ауыл шаруашылығы (жануарлар мен өсімдіктердің тұқым қуалау қасиеттерін белгілі бағытта қадағалай отырып зерттеу) және биотехнология (гендік инженерия, клеткалық инженерия) салаларының теориялық негізі болып табылады.


2.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Негізгі мақсаты – биологиялық ірі молекулалар (белоктар, нуклеин қышқылдары) құрылымын барлық деңгейде зерттеу. Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылысы және құрылым ерекшеліктерін, жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге асу механизмін, апоптоз, генетикалық код т.б. оқытады. Молекулалық биологияның ерекшелігі оның макромолекулалардың құрылымын және олардың қызметімен байланысын зерттеуінде. Сол әртүрлі құрылымдардың және олардың қызметінің тегін анықтайды.


2.2 Оқу пәнін оқытудың міндеттері
Молекулалық биологияның міндеті - клетканы құраушы негізгі тіршілік құбылыстарын (заттардың алмасуы, тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының құрылымы және олардың әр түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық деңгейде зерттеу. Яғни молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың құрамына кіретін молекулалар және атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет