Жаратылыстану математикалық бағыт 3- тоқсан «Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата13.12.2022
өлшемі83,5 Kb.
#162550
Байланысты:
10-сынып ЖМБ Электростаика №1БЖБ Жумаева Г
Слайд ауыл олимпиада на ЧТ — копия

Пәні: Физика 10-сынып (жаратылыстану - математикалық бағыт)
3- тоқсан
«Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.4.1.1 электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
10.4.1.2 суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;
10.4.1.3 зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану
10.4.1.8 конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу;
10.4.1.10 электр өрісінің энергиясын есептеу

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Зарядтардың өзара әрекеттесу күшін сипаттайды

  • Электр өрісіндегі өткізгіштерді сипаттайды

  • Электр сыйымдылығының мағынасын сипаттайды және мәнін анықтайды

  • Электр өрісінің энергиясын анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1.а) Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына тұжырымдама беріңіз [2]
b) Бір-бірінен 4см арақашықтықта орналасқан 10нКл және 13нКл нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтаңдар. [2]
с) Күш сызықтарын салып көрсетіңіз және зарядтардың таңбасын анықтаңыз
[1]

2. а) Гаусс теоремасына анықтама беріңіз. [1]


b) Радиусы 2 мм тең металл шардың центрінде орналасқан 4мкКл нүктелік заряд өрісінің кернеулігін тап. [2]
3. a) Электрсыйымдылығы ұғымына анықтама беріңіз. Конденсатордың қандай түрлері бар? [2]
b) Конденсаторлар қалай жалғанған?
[1]
с) Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір - бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? [2]
4. Сыйымдылығы 1200 мкФ конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы 50 В-тан 15 В-қа дейін өзгергенде конденсатордағы электр энергиясының өзгерісін есептеңіз. [2]

Жалпы балл: 15


Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Зарядтардың өзара әрекеттесу күшін сипаттайды



1

Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына анықтама береді

2

Зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтайды



2

Зарядтардың таңбасын анықтайды



1

Электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын сиапаттайды.



2

Гаусс теоремасына анықтама береді

1

Есепті шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады

2

Электрсыйымдылығының мағынасын сипаттайды және мәнін анықтайды

3

Электрсыйымдылық ұғымына және конденсатордың түрлеріне анықтама береді

2

Конденсатордың тізбекке жалғау схемасын біледі

1







Конденсатордың есептеу формуласын пайдаланады

2

Электр өрісінің энергиясын анықтайды

4

Электр энергиясының формуласын қолданады



1

Электр энергиясының өзгерісін анықтайды.

1

Жалпы балл

15


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет