Барлығы
18
16
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар
немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға
дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек
беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым
салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап
отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
17
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше
2.3 Адам
Оқу мақсаты
4.2.3.2.Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін
сипаттау
4.2.3.1 Зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы
рөлін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Адамның жүйке жүйесінің мүшелерін атайды
және олардың қызметін сипаттайды
•
Зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды және
қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
1-тапсырма
а) Адамның жүйке жүйесінің мүшелерін жаз.
b) Адамның жүйке жүйесі қандай қызметтер атқарады? 1 мысал
келтір.
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
18
2-тапсырма
a) Адамның зәр шығару жүйесінің мүшелерін жаз.
b) Зәр шығару жүйесі қандай қызмет атқарады?
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Білім алушы
Балл
Адамның жүйке
жүйесінің мүшелерін
атайды және
олардың қызметін
сипаттайды
1
жүйке жүйесінің мүшелерін анықтайды:
- бірінші;
- екінші;
- үшінші;
1
1
1
жүйке жүйесінің қызметін сипаттайды;
1
Зәр шығару
жүйесінің мүшелерін
атайды және
олардың қызметін
түсіндіреді
2
зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды:
- бірінші;
- екінші;
- үшінші;
1
1
1
зәр шығару жүйесінің қызметін сипаттайды.
1
Барлығы
8
19
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Адамның жүйке
жүйесінің мүшелерін
атайды және олардың
қызметін сипаттайды
1
Адамның жүйке жүйесінің
мүшелерін анықтауда және
оның қызметін сипаттауда
қиналады.
Адамның жүйке жүйесінің
мүшелерін анықтауда/ жүйке
жүйесінің қызметін сипаттауда
қателеседі.
Адамның жүйке жүйесінің
мүшелерін анықтайды және
оның қызметін сипаттайды.
Зәр шығару жүйесінің
мүшелерін атайды
және олардың
қызметін түсіндіреді
2
Зәр шығару жүйесінің
мүшелерін атауда және оның
атқаратын қызметін
түсіндіруде қиналады.
Зәр шығару жүйесінің
мүшелерін атауда/ олардың
атқаратын қызметін
түсіндіруде қателеседі.
Зәр шығару жүйесінің
мүшелерін атайды және
олардың атқаратын қызметін
түсіндіреді.
20
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше
3.2 Ауа
3.3 Су
Оқу мақсаты
4.3.2.1 Адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны
қолдану жолдарын анықтау
4.3.2.2 Ауаның ластану көздерін анықтау
4.3.2.3 Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту
шараларын ұсыну
4.3.3.2 Атмосферада жауын-шашын түзілу процесін
сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Адамдардың ауаның қасиеттерін қолдану жолдарын
сипаттайды
•
Ауаның ластану көздерін атайды
•
Ауаны ластанудан сақтау жолдарын ұсынады
•
Жауын-шашынның түзілу үдерісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
1-тапсырма
a) Ауаның түрлі қасиеттері пайдаланылған суреттерді белгіле (✓).
b) Адамдар ауаның серпімділік және сығылу қасиеттерін қалай қолданады? 1мысал
келтір.
______________________________________________________________________
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
a) Ауаның ластануына нелер әсер етеді?
_______________________________________________________________________
b) Ауаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
_______________________________________________________________________
21
3-тапсырма
a) Сызбаны толтыр.
b) Жауын-шашын қалай пайда болады? Сипаттап жаз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Білім алушы
Балл
Адамдардың ауаның
қасиеттерін қолдану
жолдарын
сипаттайды
1
ауаның қасиеттері қолданылғандығын
бейнелейтін суреттерді анықтайды:
- бірінші суретті;
- екінші суретті;
- үшінші суретті;
1
1
1
ауаны қасиеттеріне қарай қолдануға
қатысты мысал келтіреді;
1
Ауаның ластану
көздерін атайды.
Ауаны ластанудан
сақтау жолдарын
ұсынады
2
ауаның ластану себептерін анықтайды;
1
ауа тазалығын сақтау жолдарын
ұсынады;
1
Жауын-шашынның
түзілу үдерісін
сипаттайды
3
сұйық күйдегі жауын-шашын түрлерін
атайды;
1
қатты күйдегі жауын-шашын түрлерін
атайды;
1
жауын-шашынның түзілу үдерісін
сипаттайды.
1
Барлығы
9
22
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Адамдардың ауаның
қасиеттерін қолдану
жолдарын сипаттайды
1
Адамдардың ауаның
қасиеттерін пайдалану
жолдарын анықтауда және
мысал келтіруде қиналады.
Адамдардың ауаның
қасиеттерін пайдалану
жолдарын анықтауда/ мысалдар
келтіруде қателіктер жібереді.
Адамдардың ауаның
қасиеттерін пайдалану
жолдарын анықтайды және
мысалдар келтіреді.
Ауаның ластану көздерін
атайды
Ауаны ластанудан сақтау
жолдарын ұсынады
2
Ауаның ластану көздерін
атауда және ауаны
ластанудан сақтау жолдарын
ұсынуда қиналады.
Ауаның ластану көздерін
атауда/ ауаны ластанудан
сақтаудың жолдарын ұсынуда
қателіктер жібереді.
Ауаның ластану көздерін
атайды және ауаны
ластанудан сақтау жолдарын
ұсынады.
Жауын-шашынның
түзілу үдерісін
сипаттайды
3
Жауын-шашынның түрлерін
атауда және олардың түзілу
үдерісін сипаттауда
қиналады.
Жауын-шашынның түрлерін
атауда/ олардың түзілу үдерісін
сипаттауда қателіктер жібереді.
Жауын-шашынның түрлерін
атайды және олардың түзілу
үдерісін сипаттайды.
23
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасы
3. ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім
алушыдан тапсырманы орындаудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан
тұрады.
24
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№
Бөлім
Бөлімше
Оқу мақсаты
Тапсырманың сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1
Жанды табиғат
Заттар
және
олардың
қасиеттері
(«Мәдени мұра»,
«Мамандықтар
әлемі»
ортақ
тақырыптары
аясында)
2.3 Адам
4.2.3.2 Жүйке жүйесі мен оның адам
ағзасындағы рөлін сипаттау
Білім алушы жабық түрдегі көп
жауапты және ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
2
2
3.1 Заттардың
типтері
4.3.1.1 Заттың қасиетіне
байланысты қолдану аясын анықтау
4.3.1.2 Құрылған эксперимент
жоспарына сәйкес жаңа зат алу
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты
қажет
ететін
тапсырмаларды орындайды.
1
2
1
4
3.2 Ауа
4.3.2.4 Ауаның табиғаттағы орын
ауыстыру процесін түсіндіру
4.3.2.5 Желдің пайдасы мен зияны
туралы мысал келтіру
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
3
3.3 Су
4.3.3.5 Түрлі заттардың судағы
ерігіштігін зерттеу
Білім алушы жабық түрдегі көп
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
1
4.3.3.1 Табиғаттағы су айналымын
сипаттау
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты
қажет
ететін
тапсырмаларды орындайды.
1
3
4.3.3.3 Судың ластану көздерін
анықтау;
4.3.3.4 Судың ластануының түрлі
ағзаларға әсерін түсіндіру
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды
1
3
Барлығы
7
18
25
Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
«Жаратылыстану» пәнінен 2-тоқсанға арналғанжиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
а) Сен қолыңды ыстық затқа тигізсең, оны бірден тартып аласың. Бұл адам ағзасының
қай жүйесімен байланысты? Дұрыс жауабын тап.
A) қан айналым жүйесі
B) тыныс алу жүйесі
C) ас қорыту жүйесі
D) жүйке жүйесі
[1]
b) Бұл жүйе қандай мүшелерден құралады?
____________________________________________________________________
[1]
2-тапсырма
Кестені толтыр.
Саз
Заттың қасиеті
Қолданылуы
[2]
3-тапсырма
а) Cуреттерге мұқият қара. Жаңа зат алу үдерісі бейнеленген суреттер қатарын белгіле
().
[1]
b) Аталған жаңа затты алу кезеңдерін жазып көрсет.
1) _____________________________________
2) _____________________________________
3) _____________________________________
[3]
26
4-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
a) Жел деген не?
_____________________________________________________________________
b) Желдің қандай пайдасы және қандай зияны бар?
Желдің пайдасы: ____________________________________________________
Желдің зияны: ______________________________________________________
[3]
5-тапсырма
Суретке қара. Суда еритін заттарды белгіле ()
[1]
6-тапсырма
Суретте табиғаттағы су айналымы көрсетілген. Суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
а) Судың сұйық күйден газға айналу үдерісі қалай аталады?
____________________________________________________________________
[1]
b) Cу жер бетіне не түрінде қайта оралады?
____________________________________________________________________
[1]
с) Жер бетіне қайта оралған судың айналымдағы келесі кезеңін жаз.
_____________________________________________________________________
[1]
7-тапсырма
Суретке қара және сұрақтарға жауап бер.
a) Құстың денесі неліктен майланып кеткен деп ойлайсың? Ол құсқа қалай әсер етуі
мүмкін?
___________________________________________
___________________________________________
[1]
27
Балл қою кестесі
№
Жауап
Балл Қосымша ақпарат
1
D)
1
жұлын, ми, жүйке тамырлары
1
Толық жауапқа
1 балл қойылады.
2
Қасиеті: жұмсақ/иілгіш/жабысқақ және тұтқыр/тығыз/отқа
төзімді/су өткізбейді/...
1
Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы жауаптар
қабылданады.
Қолданылуы: Құрылыста/медицинада/ косметологияда/
ыдыстар, музыкалық аспаптар, кірпіш, ойыншықтар
жасауда/ ...
1
3
1
1) қамыр илеу
2) қамырды ашыту
3) нан пісіру
3
Дұрыс көрсетілген
әрбір әрекетке 1
балл қойылады.
4
Жел дегеніміз ауаның қозғалысы/Жел деген жылы және
суық ауаның орын ауыстыруы/
1
Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы жауаптар
қабылданады.
Желдің көмегімен желкенді қайықтар суда жүзеді/ Бұрынғы
кезде жел диірменімен ұн тартқан/ Желдің көмегімен электр
энергиясын өндіреді/Желмен өсімдіктердің тұқымы
таралады/ Жел бұлттарды жинақтап, жаңбырдың жаууына
көмектеседі/Жел ластанған ауаны тазартады/...
1
Құйындар мен дауылдар адам өміріне қауіп төндіреді/ Қатты
дауылдар су тасқынын тудырып,елді мекендерді су
басады/Жел даладағы, ормандағы өртті өршітеді/ электр
желілерін үзеді/
1
5
Суда ериді: ас тұзы, қант, ас содасы
1
2-ден кем емес
6
булану/конденсация
1
Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы,
қысқа
және
толық
жауаптар
қабылданады.
жауын- шашын/жаңбыр/қар/бұршақ/...
1
жер асты сулары түзіледі/өзен-көлдерге қосылады/
топыраққа сіңеді/...
1
7
Құстың денесі суға төгілген мұнайдан майланған, бұл
құстың өміріне қауіп төндіреді/жойылуына әкеледі/түрлі
аурулар тудырады/...
1
Тұрмыстық сарқынды суларды төгуден/зауыттар мен
фабрикалардың қалдықтарын төгуден/мұнайдың
қалдықтарын төгуден/тыңайтқыштарды көп қолданудан/
Қышқылды жаңбырдың жауғаны/ өнеркәсіптік қалдық
сулар/ауыл шаруашылығы қалдықтары/ мал
шаруашылығының қалдықтары/...
2
Әр дұрыс жауапқа
1 балл қойылады.
Барлығы
18
b) Су тағы қандай себептермен ластанады? 2 мысал келтір.
_____________________________________________________________________
[2]
28
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар
немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға
дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек
беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым
салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап
отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |