Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет88/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Summary 
This article looks at the scientists of the self-identity. We give a comparative analysis and soderzhatelny study the 
problem. 
 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ ЖАСӚСПІРІМДЕР ДЕНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ 
КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Т.Т. Ережепов – аға оқытушы, сауықтандыру дене мәдениеті кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес адамның дене-
сін  жетілдіруді  саналы  түрде  қалыптастыру  жас  кезінен  басталатыны  анықталған,  яғни  бұл  дағды 
отбасында, мектепте және оқу орындарында қалыптасып, салауатты-тәрбиелік бағыттың әдістемелік 
бағдарламаларын жетілдіру, дене тәрбиесі мен қозғалмалы спорттық ойындарын дамытудың жолда-
ры  негізінде  ӛз  бетінше  жүргізілетін  сабақтар  арқылы  дене  дайындығы  дағдыларын  қалыптастыру-
дың  жүзеге  асатыны  және  оның  алғышарттары,  оларға  жасалатын  жағдайды  жетілдіру  жолдары 
қарастырылған. Дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бӛлігі 
ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалмалы білікті-
лік,  дағдыларды  дамытып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  мектеп  оқушыларынан  спорт  түрлеріне 
деген  кӛзқарасын  қалыптастырып,  дене  жаттығулары  мен  ойындарын  ӛз  беттерінше  дамытуға  тәр-
биелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәр-
биесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.  
Педагогикалық эксперимент нәтижелерінің сапалық кӛрсеткіштерін анықтау үшін математикалық-
статистикалық  әдістерді,  соның  ішінде,  Л.П.  Матвеев  [1],  Қ.І.  Адамбеков  [2],  Т.Ә.  Ботағариев  [3],   
С.І. Қасымбекова [4] және басқа ғалымдардың жан-жақты дамуға бағытталған қозғалыс белсенділігі 
тек  дене  шынықтыру  сабақтарымен  ғана  шектелетінін,  олар  қажетті  локомоцияның  тек  тәуліктік 
кӛлемінің қажетті 10%-ын ғана игере алатынын атап айтқан. Оқушылардың басым кӛпшілігі ортатәу-
ліктік қозғалғыш белсенділігінің 35-40% гигиеналық нормаға сай келмегендіктен, оқушылардың ден-
саулығына кері әсер ететіні белгілі. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының кӛп-
шілігінде спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқ-
таждықтың,  осы  саладағы  ӛз  бетінше  жүргізілетін  сабақтардың  ғылыми  негізделген  әдістемесінің 
жоқтығын, сонымен қатар кӛптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіре-
се,  ауыл  мектептерінде)  оқудың  материалдық  базасының  нашарлығынан.  Кӛптеген  ғалымдарымыз 
күнделікті  жүйелі  түрде  дене  жаттығуларын,  қимыл-әрекет  жасау  дененің  дамуына,  денсаулықтың 
жағдайына жақсы әсер ететінін, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігін дамытып, организмнің функционал-


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
109 
дық  жағдайын  жақсартатынын  айтқан.  Спортпен  айналысатын  жасӛспірімдер  ӛте  жоғары  антроме-
трикалық кӛрсеткіштерге ие: бойларының ұзындығы және дене салмағы, демалу кӛлемі, кӛкірек клет-
каларының  дамуы  т.б.  Сондай-ақ  дене  жаттығуларын  күнделікті  ӛмірдің  тәртібіне  ендіру  олардың 
денсаулығына,  жалпы  организмнің  жағдайына,  ақыл-ойының  дамуына,  оқушылардың  еңбекке  қабі-
леттілігін дамытуға оң әсер ететінін Қ.І. Адамбеков [2] және т.б. авторлар да айтқан болатын. Шығар-
машылық дамудың тұжырымдамасындағы белгілі бір нәтижелердің бірі кинезофилия жүйкелігі тео-
риясының пайда болуын кӛрсетеді. Кинезофилия – мида тұқым қуалау арқылы қалған және жоғары 
жүйке  қызметінде  (функциялардың  жүйеаралық  келісуі,  бейімділік  мінез-құлық,  психика)  байқала-
тын энергияның күшті кӛзі. Кинезофилия – қимыл-әрекетке деген табиғи мұқтаждық адаммен еңбек-
ке араласу кезінде жүзеге асады. 10-13 жас аралығындағы биологиялық қозғалысқа деген мұқтаждық 
күніне 4 сағатты құрайтынын білдіреді. Осы санда уақыттың 20% орташа дене жүктемесін атқарады, 
қалған  уақытта  –  ең  кіші  жүктемемен  орындайды.  Соңғы  уақытта  ӛмірдің  жақсы  жағдайына  қарай 
жасӛспірімдер аз қозғалу позициясын ұстануда (кӛбіне кӛп теледидар кӛру немесе компьютер ойнау 
т.б.),  яғни  гипокинезия  жағдайында  ӛмір  сүруде.  Әдебиеттердегі  деректерге  сүйенсек,  балалар  мен 
жасӛспірімдердің  қозғалу  белсенділігі  оқу  үдерісі  басталысымен  50%  азаяды.  Т.Ә.  Ботағариев  [3], 
оқушылардың күндізгі уақытының 60% отырған жағдайда ӛткізетінін және оған еш энергия да жұм-
самайтынын келтірген. Гипокинезия барлық аурудың түрін де асқындырып жібереді және жүйке-бұл-
шық ет жүйелерінің, ішкі органдардың, қан айналымы, тыныс алу органдарының патологиясына әкеп 
соқтырады. «Гипокинезиялық ауру» деп аталатын ауру пайда болады, ол үлкен ми қыртысының асте-
низациялануымен, локомоторлы және висцералды саланың функционалдық жағдайының бұзылуына 
әкеп соқтырады. 
Кӛптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарап қозғалу сапаларының ӛте белсенді дамитын кезеңі 7-8 
жас пен 12-13 жас аралықтарында болатынын байқатады. Дәл осы кезең барлық сапалық қабілеттер-
дің оңтайлы дамуына ӛте жақсы ықпал етеді. Кейбір авторлардың еңбектерінде жүгіру жылдамдығы-
ның маңызды кӛрсеткіші – қадамдардың жиілеуі, әсіресе 7-12 жас аралығында қарқынды дами түседі. 
Л.П. Матвеев [1] еңбектерінде жасӛспірімдердің организмінің жоғары икемділігімен, сондай-ақ жүй-
ке үрдісінің қозғалысымен, білімнің шартты-рефлекстік байланыстарымен түсіндіріледі. 12-13 жаста 
жүгіру қарқыны едәуір тӛмендейді және олардың даму қарқыны толқын іспеттес. 12-14 жастағы бала-
лардың  жүгіру  қарқыны  тӛмендеуін  мамандар  жыныстық  ерекшеліктерімен  байланыстырып,  ол 
кезеңде олардың тоқтай алу және қозу барысында тепе-теңдіктің бұзылуымен байқалады. 
Бүгінгі  таңда  жастар  мен  жасӛспірімдердің  спорттық  қызығушылығы,  физикалық  белсенділігін 
арттыруға  ғылыми-әдістемелік  негіздемесі  психологиялық  жағынан  жеткіліксіз  қамтылған.  Ӛмірде 
бірдей адам болмайтындықтан, балалардың да сыртқы факторларға қарсы тұру қабілеті, жүйке жүйе-
сі, ағзасының физиологиялық жағдайы әр түрлі болады. Сондықтан дене шынықтыру пәні мұғалімі-
нің басты міндеті – оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке басының мүмкіндіктерін (физиология-
лық жағынан да) ескере отырып, олардың қызығушылықтарын арттыру. 
Аталмыш пәнге қатысты «екінші реттік» қосарлы сабақ деген кӛзқарасты ӛзгерту керек. Басқаша 
қарағанда, «дене шынықтыруда секіреді, жүгіреді, одан басқа не керек?» деген сұрақ туындауы мүм-
кін. Кӛп жағдайда, дене шынықтыру сабағы оқушылардың қимыл қозғалысын белсендіру әдісі болып 
табылатындығы  белгілі.  Салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру  мамандары  үшін  балалардың  дене 
мәдениетін қалыптастыруға қатысты олардың ішкі сенімдері мен қызығушылықтарын арттыру керек. 
Оқушылардың физикалық белсенділігі, соның ішінде психологиялық жағдайы – дене шынықтыру-
ға қатысты қызығушылығы, олардың жас ерекшеліктерін ескеру шарт. Бұл мәселеге қатысты тағы бір 
шешім  –  бала  ағзасының  функционалдық  ерекшеліктеріне  сай  әр  түрлі  тәсілдерді  ұсыну.  Дене 
шынықтыру мұғалімдерімен сӛз барысында сабақтан босатылған балалар туралы мәселе қарастырыл-
ды, сол сабақ уақытындағы олардың бос уақытын қадағалау – медициналық және психологиялық тұр-
ғыдан дене шынықтыруды қамтудың қажеттілігін танытады. 
Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқула-
рын  аяқтаған,армия  қатарында  Отан  қорғаған  жастар  әр  түрлі  ӛнеркәсіп, мекеме,  ұжымдарда  еңбек 
қызметтеріне кіріседі.Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулық-
тарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы ӛте зор. 
Еңбек етудің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық куштерін жұмсап шар-
шайды, жұмысқа қабілеттіліктері тӛмендейді.Осы кезде дене тәрбиесі амалдары кӛмегімен шаршаған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет