Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет1/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????
РК травма 50 сурак.

Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. ЖТН, ШТН
1 ЕСЕП
Р. есімді қыз бала, 5 күндік. Бірінші жартысындағы жеңіл токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен, мерзімінде туылған. Туғандағы дене салмағы 3100 г, дене ұзындығы 58 см, Апгар шкаласы бойынша 8/9 балға бағаланған. Бірден айқайлаған, емізуге туғаннан 6 сағат кейін берілген. Бақылау кезінде өмірінің келесі күндері жағдайы қанағаттанарлық.
Алғашқы күндері салмақ жоғалтқан, төртінші тәулікте дене салмағы 2950г. Бесінші күні сүт бездерінің ісінуі байқалған.
Бесінші күні қарағанда жағдайы қанағаттанарлық , жақсы емеді, белсенді, дене салмағы 3000г, физиологиялық рефлекстері анықталады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық . Тері жамылғысы қызғылт, бет терісінде, әсіресе, мұрын қанаттары мен қырында ақшыл-сары ұсақ түйіндер бар, кеуде бездері 2 см-ге дейін ұлғайған, қысқанда ақ-сүтті сұйықтық бөлінеді, кіндік жарасы таза. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары айқын, іші жұмсақ , ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, аздаған тығыздықта, талағы пальпацияланбайды. Нәжісінде қорытылмаған бөлшектер мен кілегей талшықтар байқалады.
Жалпы қан анализі: Нв-186г/л, Эр-5,6×10 /л, ТҚ-0,94, л-6,4×10 /л, с/я-42%, э-1%, л-45%, м-7%, ЭТЖ-2мм/сағ. Қалыпты
Жалпы зәр анализі: түсі-сарғыш, реакциясы-қышқыл, меншікті салмағы-1004, белок-жоқ, жазық эптелий-көп, лейкоциттер-2-3к/а, эритроциттер-4-5к/а, цилиндрлер-жоқ, тұздар-кристалдар. Қалыпты
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок-52,4г/л, тіке емес билирубин-51мкмоль/л, тіке-жоқ, мочевина-4,2ммоль/л, холестерин-3,6ммоль/л, калий-5,1ммоль/л, натрий-141ммоль/л, кальций-2,2 ммоль/л, фосфор-1,9ммоль/л. Қалыпты
К/Д: жаңа туған нәресте транзиторлы гормональды криз, физиологиялық дене салмағын жоғалту, жаңа туған нәрестедегі ішек дизбактериозы

2 ЕСЕП


О. есімді қыз бала, 4 күндік, перзентханада жатыр.


Анамнезінен 1-ші жартысында токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен мерзімінде туған бала екені анықталған. Туғандағы дене салмағы 3100 г, дене ұзындығы 51 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бірден айқайлаған, емізуге туғаннан 2 сағаттан соң берілген, жақсы емген. Үшінші тәулікте тері жамылғысының шамалылау сарғайғаны байқалған.
Төртінші күні қарағанда жағдайы қанағаттанарлық , жақсы емеді, айқайы қатты. Тері жамылғысы таза, аздаған сарғыштық байқалады. Кіндік жарасы таза, өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары үнді, іші жұмсақ , бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі сары түсті. Физиологиялық рефлекстері анықталады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық.
Анасының қан тобы А (2) Rh-оң
Баланың қан тобы- О (1) Rh-оң


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет