Жас ерекшелігі психологиясы


Мектепке дейінгілердің денелік дамуы қалай жүзеге асады?



бет44/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы
kaz IMP izm, Metod Neotlozhnaya pomoshh' i reanimaciya v stomatologicheskoj praktike Chelyustno licevaya xirurgiya-003
Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Мектепке дейінгілердің денелік дамуы қалай жүзеге асады?


2. Мектепке дейінгілердің ойын әрекетінің маңызы?.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы
4. Мектепке дейінгілердің балалардың когнитивтік дамуын зерттеу әдістемесі қандай ?
5. Мінез-құлық мотивтері қандай ?
6. Балалардың өзіндік сана-сезімі қалай дамиды ?
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы.
1. Мектепке дейінгі баланың сенсорлық дамуы.
2. Мектепке дейінгі шақта баланың танымдық әрекеттерінің дамуы.(қабылдау,ойлау, ес,қиял т.б.)
3. Мектепке дейінгі кезеңде тілдік қорының қалыптасуы.
4. Мектепке оқуға психологиялық даярлық.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекеттерінің,тілдік қорының дамуы мен олардың мектепке даярлығының психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Мектепке дейінгі ұйым бала қабілетінің базистік дамуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйым мен жалпы бастауыш білім
сабақтастығы – күрделі және жалпы білім берудің толық шешілмеген проблемаларының бірі. Педагогикалық тәжірибені талдай отырып, сабақтастықты екі жақты процесс ретінде қарастыруға болады, білім берудің мектепке дейінгі деңгейінде сананың тұлғалық дамуының іргетасы қалатыны және ол мектептегі оқу жетістігінің негізі болып табылатыны.
Мектепке оқуға әзірлігі және баланың болмысын анықтау арқылы сабақтастықты жүзеге асыру керек. Баланы мектепке әзірлеу-тәрбиешілер мен психологтардың басты міндеттердің бірі. Мектепке әзірлік тек оқу, жазу,онға дейін санау т.б., дағдылармен ғана өл-
шенбейді, кешенді әзірлікті, тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды-тұлғалық сферасы, физиологиялық даму жетістіктерін ескереді.
1) Интеллектуалды дайындық баланың оқу іс-әрекетінде алғашқы дағдыларының қалыптасуын білдіреді.Тұтастай интеллектуалды дайындық:
- саралап қабылдау;
- аналитикалық ойлау (заттардың негізгі белгілерін, құбылыстар байланысын,үлгіні қайта жаңғырта білу т.б.);
- нақты болмысты тану (қиялдың азаюы), логикалық есте сақтау;
- білімге қызығушылығын ояту, зейінін шоғырландыра білу;
- қол қимылдарын және көру қозғалыс координацияларының дамуы болып табылады.
2) Әлеуметтік-психологиялық әзірлік.Бұл компонент баланың балалармен және мұғалімдермен қарым-қатынас жасау қасиетін білдіреді.Бала мектепке келгенде кез-келген жағдаятта өзара қарым-қатынас жасауға икемді болуы шарт.Балалар ортасына енуі балалармен бірігіп іс-әрекет ету, балалар тобының дәстүрі мен қызығушылықтарын икемделулері. Мектепке келу:
- ерікті мінез-құлықтың жаңа деңгейінің дамуы;
- рефлексия, анализ, ішкі жоспарлы әрекет ету;
- нақты болмысқа жаңа танымдық қатынасты дамыту;
- қарым-қатынастың жаңа түріне икемделу;
3) Физиологиялық әзірлік бала ағзасының функционалды даму жүйесі және денсаулығы. Арнайы критерийлер бойынша медициналық тексерістен өтеді.Бала психологиясын зерттегенде баланың физиологиялық дамуы ескерілуі қажет. Себебі бала денсаулығы мектептегі оқу іс-әрекетінің іргетасы болып табылады,медициналық картада баланың соматикалық даму жөнінде ақпараттар (салмагы, бойы , дене мүшелерінің үйлесімділігі т.б.), сонымен бірге жүйке жүйесінің дамуы жөнінде ақпараттар болады .
Баастауыш саты жасы –бала өміріндегі ерекше кезең , мектепте әлеуметтік катынастардың жаңа құрылымы пайда болады . Жогарыда аталган мектепке әзірлік денгейі әр балада өз дәрежесінде дамып келгеннің өзінде де 1 сынып окушылары 3 типті қиыншылықты басынан өткереді :
1. Жаңа мектеп тәртібі ерекшеліктеріне байланысты;
2. Мұғаліммен, сыныптастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайтын;
3. Оқу мотивациясының жоқтығынан. Мектепке бейімдеу жұмыстарында педагогтар психотерапияны қолдануы тиіс: арттерапия, ертегі терапиясы т.б. Мектепте «бала-мұғалім» жағдайы бала өміріне сіңеді. Бұл қарым-қатынастар жүйесін бала өмірінің негізі, оған барлық қолайлы өмір жағдайлар жүйесі тәуелді келеді. «Мұғалім – бала» қатынасы алғаш «бала – ересек» қатынасына айналады.
Мектепте жалпыға бірдей бағалау өлшемдер жүйесі бар. Бала дамуының әлеуметтік жағдайы арнайы іс-әрекетті қажет етеді.Бұл іс-әрекет оқу іс-әрекеті. Әдетте бұл іс-әрекетті – білім меңгеру іс-әрекеті деп атайды.Бірақ бұл толық сипаттама бере алмайды. Оқу іс-әрекеті адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған ғылым мен мәдениетін тікелей бағытталған әрекеті болып табылады. Оқу әрекеті ойын түрінде берілмейді олар абстрактілі,теориялы және бірте-бірте қалыптасады.Маңыздылығы әр бала өзі оқып үйренеу қажеттілігінде.Танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру маңызды. Танымдық қажеттілікті қалыптастыру оқытудың мазмұны, тәсілдерімен тығыз байланысты. Егер бала мектепке асыға келсе, яғни оларға жағымды,мазмұнды, қызғылықты болса, нағыз танымдық қажеттіліктің оянғаны. Сонымен,бастауыш саты жасының негізгі психологиялық жаңа образы мыналардан тұрады:
1) Барлық психологиялық процестердің ұғымдылығы және өнімділігі және олардың ақыл-ойдың дамуына себеп болуы,бұл ғылыми ұғымдар жүйесін игеруі арқылы жүзеге асады.
2) Оқу іс-әрекетінің дамуы қорытындысында әр бала өзінің өзгергенін ұғыну. Бұл жетістіктер баланың келесі жас сатысына әзірлігін көрсетеді, балалық шақты аяқтайды, тек интеллектен әлі қалыптсып бола қойған жоқ.
9 дәріс
Тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы балалар психологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет