Жас маман папкасы



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі162,31 Kb.
#152571
  1   2   3
Байланысты:
Жас маман папкасы


Алматы облысы
Іле ауданы
Междуреченское ауылы
«Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектеп» МКМ


Жас маман папкасы


Тәлімгер: Педагог- зерттеуші Лукьянова Ольга Васильевна
Жас маман: Муканова Надира

2022-2023 оқу жылы


Тәлімгерлік және жас маман туралы Ереже
Жалпы ережелер
- Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.
- Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.
- Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.
Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері.Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлерінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.
Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:

  • Жас мамандардың педагогикалық қызметте ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;

  • Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту;

  • Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұзтаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.

Тәлімгерлікке тәжірибелі адамның өзінен тәжірибесі аз адамға білімі мен машығын беру әдісі деп анықтама беруге болады. Кең, заманауи мағынасында тәлімгерлік - мекемеде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Ол:

  • жаңа қызметкерлерге ұйымда бейімделуіне көмектесетін;

  • олардың кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне ықпал ететін;

  • олардың іс -әрекеттерінің нәтижесіне баға беруге қатысатын адам.

Тәлімгер, бір жағынан,мекемеге қатысты қызметкердің қызығушылықтарын танытады, екінші жағынан, қызметкер үшін мекеменің өкілі болып табылады.
Тәлімгерлік жүйесін ендіру әсіресе қарқынды көтеріліп келе жатқан ұйымдар үшін маңызды. Алайда тәлімгерлік институты тегін болғанымен, барлық ұйымдар оны тренингтер мен тағылымдамалар сияқты белсенді қолдана бермейді. Көбінесе бұл түсінікті қызметкердің ұйымға келгендегі алғашқы 3-6 жұмыс жасау айымен байланыстырамыз. Қызметкердің ары қарай дамуы, оның мүмкіншіліктерінің ашылуы мақсатында бұл құрал ретінде кеңінен қолданыла бермейді. Кәсіби қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар үшін тәлімгерліктің нақты осы құрамдас бөлігі өзекті болып табылады. Кәсіпқойлар мансаптың дамуын мақсат тұтады, және олардың үздіксіз кәсіби дамуына тек тәлімгерлер көмектесе алады.
Жас маман үшін еңбек қызметінің белгіленуі қабылданатын жұмыскердің жалпы еңбек процесінде функционалдық орнын да, осы процестегі оның еңбек режимін де бекітеді. Еңбек қызметінің белгілену принципі әкімшіліктен еңбек заңдары бойынша келісілмеген жұмысты атқаруды жұмыскерден талап етуге тыйым салатын ҚР ЕЗК 26-бабында да айқындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет